Экономика

Он айдың көрсеткіштері осындай

Статистика

Облысымыздың 2015 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Ақшалай табыстар

2015 жылғы II тоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 61 969 теңгені құрады.
Өсім 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 2,5 пайызға, нақты ақшалай табыстар үшін 1,4 пайызға төмендеген.

Жұмыс

Биылғы жылғы қазанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,6 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызын құрады.

Жалақы

Ағымдағы жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 107 089 теңгені құрады. Сөйтіп, 2014 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,6 пайызға азайды.
Нақты жалақы индексі 2014 жылғы III тоқсанда 96,1 пайыз құрады.

Тұтыну бағалары

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы қазанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,2 пайыз құрады.
Бағалар азық-түлік тауарларына — 5,9 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 11,9 пайызға, ақылы қызметтерге 4,1 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы қазанда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 11,3 пайызға төмендеді.

Жалпы өңірлік өнім

2015 жылғы 1-жартыжылдықта жедел деректер бойынша өндірілген Жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы бағалармен 730,2 миллиард теңгені құрады.
Нақты Жалпы өңірлік өнім 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті.

Инвестиция

Биылғы жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 246,3 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36,5 пайызға аз.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2015 жылғы 1 қарашаға 14 378 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға артты.
Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8891 болды немесе тіркелгендер санына қатысты 61,8 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санының 97,5 пайызын және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96,1 пайызды құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 673 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,4 пайызға артты.

Сауда

2015 жылғы қаңтар-қазанда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 333,9 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,5 пайызға өсті.
Биылғы жылғы қаңтар-қазанда көтерме сауда көлемі 460,6 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлемі индексі 100 пайызға тең.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 8565 миллион теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1,8 пайызға азайды.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс бойынша өзара сауда бойынша тауар айналымы 667,1 миллион АҚШ долларын құрады, бұл — 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 31,1 пайызға аз, оның ішінде экспорт — 270,4 миллион АҚШ долларын (24,9 пайызға аз), импорт 396,7 миллион АҚШ долларын құрады (34,7 пайызға аз).

Өнеркәсіп

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 783,2 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 3,2 пайызға кем.
Өңдеу өнеркәсібі — 2,1 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 5,5 пайызға артты.
Ал кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 5,3 пайызға, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 3,9 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

Биылғы жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 120,8 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 1 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 4828,9 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,9 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 11489,4 миллион жүк-километр құрап, 1,5 пайызға артты.

Қаржы

2015 жылғы II тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 42 310 миллион теңге сомасында қалыптасты.
Пайдалылық деңгейі 14,9 пайызды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі — 40,7 пайыз.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button