Спорт

Сырт алаңның сыны мен сыры

Премьер-Лига

30-турда сырт алаңда ойнаған үш команда маңызды жеңістерге жетті.
«Қайратты» жеңген «Астана» бірінші орынға тағы да бір табан жақындаса, «Қайсарды» қапаландырған «Шахтер» қауіпті аймақтан сытылып шықты, ал «Ертісті» ұтқан «Ордабасы» үшінші орындағы «Ақтөбені» өкшелей түсті.
Рас, «Ордабасының» қола медальға ие болуы қиын шаруа, дегенмен бұлар келер жылы Еуропа Лигасы ойындарына қатысу мәртебесін әперетін төртінші орынды енді «Ертіске» бере қоймайтын секілді.
Ал қалған екі ойынын да сырт алаңда, біреуін ұпайы бірдей «Жетісумен» өткізетін «Қайсардың» жағдайы мүшкілдеу.
24 қазан күні «Ақтөбе» сырт алаңда «Атыраумен» кездесті.
Ойын барысындағы екі гол да бірінші таймда соғылды.
15-минутта Маркос Пиззелли бұрыштамадан тастаған допты Виктор Дмитренко көз ілеспестей жылдамдықпен қақпаға лып еткізіп енгізіп жіберді — 0:1.
Ал 28-минутта сол Дмитриенко қақпамызға бағышталған соққыны кері қайтармақ болған сәтінде қатты қателікке ұрынып, допты Абдулай Диакатенің аяғына салып берді, атыраулық шабуылшы мұндай тосын сыйды тіпті де абыржымай қабылдады да, нысананы дәл көздеді — 1:1.
Кездесу осы есеппен аяқталды.
Рас, бұл ойынды аса қызықты өтті деуге болмас. Жағдайы нашар жасыл алаң мен қатты жел футболшыларға кесірін тигізіп-ақ бақты. Сол себепті де желге қарсы жүгіргендердің берекеті кетті. Әйтсе де есепті ұлғайтудың мүмкіндіктері болмай қалған жоқ. Ақтөбеліктер Маркос Пиззелли, Айоделе Аделейе әйтпесе атыраулық Антон Григорьев, Владимир Аржанов, Эссаме тәуір соққылар жасады-ақ, дегенмен бірде допты қақпашылар қағып түссе, бірде футболшылар нысананы дәл көздей алмай діңкеледі.
Міне, осындай жайларды есептей келгенде екі командаға берілер баға шамалас, бірінші таймда «Ақтөбе» сауатты қимылдаса, ойынның екінші бөлігінде атыраулықтар жеңіске жақындау болды.
Сонымен қатар бұл кездесуде қос қақпашы — Жасұр Нарзиқұлов пен Стас Покатилов шеберліктерін көрсетіп-ақ баққанын атап өткен ләзім.
«Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1
Гол авторлары: Виктор Дмитренко, 15-минут (0:1); Абдулай Диакате, 28-минут (1:1).
«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Стас Покатилов, Айоделе Аделейе, Валерий Коробкин (капитан), Артурас Жулпа, Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко, Маркос Пиззелли, Андерсон Сантана, Сергей Хижниченко, Абат Айымбетов (Дидар Жалмұқан, 80-минут), Данило Сирино (Чиприан Дяк, 74-минут).
Екі ескерту қағазы көрсетілді: С.Хижниченко, А.Айоделе. («Ақтөбе»).
«Мұнайшы» стадионы. 1700 адам.

Басқа кездесулер

«Қайрат»-«Астана» — 0:1
Гол авторлары: Таңат Нөсербаев, 45-минут (0:1).
«Ертіс»-«Ордабасы» — 1:2
Гол авторлары: Эвандро Ронкатто, 34-минут, пенальти (1:0); Александр Симчевич, 57-минут (1:1); Еркебұлан Тұңғышбаев, 59-минут (1:2).
«Қайсар»-«Шахтер» — 0:1
Гол авторы: Пламен Димов, 69-минут (0:1)
«Тараз»-«Тобыл» — 1:0
Гол авторы: Олександр Пищур, 90+2 минут (1:0).
«Оқжетпес»-«Жетісу» — 1:1
Гол авторлары: Дмитрий Сычев, 33-минут (1:0); Душан Савич, 45-минут (1:1).

ОЙЫН КЕСТЕСІ

1-6 орындар

Командалар О Ұ Т Ж Д Ұп

1 Қайрат 30 18 7 5 55-19 39
2 Астана 29 17 7 5 49-25 37
3 Ақтөбе 30 15 9 6 35-21 32
4 Ордабасы 30 12 10 8 32-28 29
5 Ертіс 30 10 10 10 37-37 25
6 Атырау 29 9 12 8 28-29 21

7-12 орындар

7 Тобыл 30 11 6 13 31-40 27
8 Оқжетпес 30 11 6 13 35 -40 26
9 Тараз 30 10 7 13 24-29 25
10 Шахтер 30 8 5 17 24-46 20
11 Жетісу 30 6 6 18 24-45 16
12 Қайсар 30 4 11 15 18-33 15

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

«Ақтөбенің» мергендері:

Сергей Хижниченко (шабуылшы) — 9 гол;
Данило Сирино (шабуылшы) — 6;
Маркос Пиззелли (жартылай қорғаушы) — 5 (1);
Дидар Жалмұқан (жартылай қорғаушы) — 4;
Данило Неко (шабуылшы) — 2;
Виктор Дмитренко (қорғаушы) — 2;
Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 1;
Айоделе Аделейе (қорғаушы) — 1;
Алексей Антонов (шабуылшы) — 1,
Абат Айымбетов (шабуылшы) — 1;
Асхат Тағыберген (жартылай қорғаушы) — 1;
Валерий Коробкин (жартылай қорғаушы) — 1;
Чиприан Дяк (жартылай қорғаушы) — 1 (1).
«Ақтөбе» өз алаңымыздағы 15 ойында 8 рет ұтып, 5 рет тең ойнады, 2 рет ұтылды. Сырт алаңдағы 15 ойында 7 рет ұтып, 4 рет тең түсті, 4 рет ұтылды.
Биылғы чемпионатта 22 гол соққан Жерар Гоу («Қайрат») мергендер көшін бастап келеді.

31-тур ойындары

31-турда, 31 қазанда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Қайратты» қабылдайды. Одан кейінгі соңғы турда 8 қарашада сырт алаңда «Астанамен» кездесетінімізді де еске сала кеткен мақұл.
Басқа кездесулер:
31 қазан, сенбі
«Астана» — «Ертіс»
«Ордабасы» — «Атырау»
«Жетісу» — «Қайсар»
«Шахтер» — «Тараз»
«Тобыл» — «Оқжетпес»
Сондай-ақ 8 қарашада болатын соңғы 32-турдың кездесулерін де еске сала кетелік: «Қайрат» — «Ордабасы»; «Атырау» — «Ертіс»; «Жетісу» — «Тобыл»; «Оқжетпес» — «Шахтер»; «Тараз» — «Қайсар».

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button