Спорт

Зілтеміршілердің табысы

Ауыр атлетика

Біздің зілтеміршілеріміз Талдықорған қаласында өткен Қазақстан халықтары спартакиадасынан табысты оралды. 69 келі салмақ дәрежесіндегі еліміздің басты үміткері Фархад Харки спартакиаданың алтын медалін жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы бәсекеде 53 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Үргешбаева қола жүлдегер атанды. Жалпы командалық есепте Ақтөбе облысының ауыр атлет шеберлері 15 команданың арасында 6-орынға табан тіреді.
Ауыр атлетика бойынша аға жаттықтырушы Ерболат Орқашбаевтың айтуынша, енді Фархад Харки АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын болады. Осы чемпионатта келесі жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиадаға жолдамалар сарапқа салынады. Харкиге жеңіс тілейміз.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button