Экономика

Сегіз айдың серпіні

Статистика

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының үстіміздегі жылғы қаңтар-тамыздағы қысқаша қорытындылары

Жұмыс

2015 жылғы тамыздың аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,8 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызы.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құрады.

Тұтыну

Тұтыну бағаларының индексі 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,5 пайыз құрады.
Бағалар азық-түлік тауарларына — 0,7 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 1,1 пайызға, ақылы қызметтерге 2,7 пайызға артты.
Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағалары 2015 жылғы тамызда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 19 пайызға төмендеді.

Инвестиция

2015 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 175,5 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 36,2 пайызға аз.

Заңды тұлғалар

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2015 жылғы 1 қыркүйекке 14 209 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,3 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8 709 болып, тіркелгендер санына қатысты 61,3 пайызды құрады.
Жұмыспен қамтылғандардың саны 100 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендер санының 97,5 пайызын және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 96 пайызды құрады.
Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 11 512 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,1 пайызға артты.

Сауда

Биылғы жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 266,2 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,7 пайызға өсті.
Үстіміздегі жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда көлемі 333,4 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,4 пайызға азайды.
Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 6677,9 миллион теңгені құрады және 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,2 пайызға өсті.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде облыс бойынша өзара сауда бойынша тауар айналымы 509,1 миллион АҚШ долларын құрап, бұл 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 32,2 пайызға аз, оның ішінде экспорт — 200,4 миллион АҚШ долларын (33,9 пайызға аз), импорт — 308,7 миллион АҚШ долларын құрады (31 пайызға аз).

Өндіріс. Өнеркәсіп

Биылғы жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 611,9 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 1,4 пайызға төмен.
Көрсеткіш өңдеу өнеркәсібінде — 6,7 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда — 7,8 пайызға артты; ал сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 1,1 пайызға, кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,3 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығы

Ағымдағы жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметтерінің) көлемі ағымдағы бағалармен 72,5 миллиард теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 0,6 пайызға көбейді.

Жүк айналымы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 3744,2 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,6 пайызға өсті.
Жолаушылар айналымының көлемі 9172,3 миллион жүк-километр құрап, 2,2 пайызға артты.
Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button