Басты жаңалықтар

Қала тарихы және кітапшалар

Ақтөбе қаласының 140 жылдығына С.Бәйішев атындағы  облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана да өз үлесін қосты. «Ақтөбе қаласының тарихы», «Ақтөбе қаласының ескерткіштері» және «Увековеченные в бронзе и граните». Осындай атпен қаламыздың мерейтойына арналған кітапшалар жарық көрді.

Қазақ мемлекеті орналасқан ұлы даланың тарихи көшінде біздің  өлкенің орны ерекше. Шежірелер шертер сырға үңілер болсақ, Ақтөбе – кезінде  бүкіл әлем  мемлекеттері  көшінің жүріп өткен көпіріне айналған қала. Ақтөбенің тарихын насихаттау мақсатында шығарылған «Ақтөбе қаласының тарихы» көрсеткішінде  Ақтөбенің бекініс ретінде іргетасы қаланғаннан бастап осы кезеңге дейінгі өмірі кезең-кезеңге бөлініп, жан-жақты суреттеледі. Ал «Ақтөбе қаласының ескерткіштері» және «Увековеченные в бронзе и граните» қаламыздағы ескерткіштер тарихынан мәліметтер берілген.

Бұл көмекші құралдарда облыстық кітапхананың қорындағы өлке шежіресін, сонымен қатар, Ақтөбенің ескерткіштері тарихын баяндайтын әдебиеттер тізімі ұсынылды.

М.ШЫНЖІГІТОВА,

С.Бәйішев атындағы облыстық

әмбебап-ғылыми кітапханасының

анықтама-библиографиялық

бөлім библиографы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button