Жастар

Әдемі әзіл. ыстық ықылас  

Ақтөбе қаласындағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимаратында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Қазақстан КВН одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігіне қарасты «Ақтөбе КВН» филиалының ұйымдастыруымен премьер-лига ойындарының 1/4 финалы өтті. Оған 12 команда қатысты.

Екі күнге созылған шарада аудандар мен жоғары және орта оқу орындарының жастары бақ сынап, «Сәлемдесу» мен «Жамбы ату», сондай-ақ, «Үй тапсырмасы» кезеңдері бойынша өзара өнерлерін ортаға салды. Ал оларды сала мамандары, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық өкілдері бағалап, сайыста қазылық етті.

— Екі ойын қорытындысы бойынша жартылай финалға бас-аяғы 8 команда өтті. Атап айтсам, келесі ойында енді «Алтын құрама», «Сөз жоқ», «Филландия», «Алтықарасу», «Бәйішев жастары», «Асыл арман», «Қандыағаш құрамасы», «Байланыс жастары» өз ішінде ең мықтыны анықтайтын болады. Бір қуантатыны, қыз-жігіттердің қазақша КВН ойындарына қызығушылығы зор, көрермендердің ықыласы да ерекше, — дейді «Ақтөбе КВН» филиалының қызметкері Алина Нұрланқызы.

 

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button