Спорт

«Ақтөбе»: бірінші айналым. бірінші орын

Премьер-Лига

 11-турдағы бес кездесуде қонақтар басым түсті, төрт клуб қарсыластарын бірдей есеппен (1:0) ұтты.

Екінші орында тұрған «Қайрат» бесінші сатыға сырғып түсуге мәжбүр болды.

Ойын кестесінің екінші бөлігінде тұрғандар алғашқы алтылықты келесі турда да қуып жете алмайтыны анықталды.

Бұл турда «Ақтөбе» Қарағандыда «Шахтермен» кездесті.

Жерлестеріміз бұл жолы да ойынды әдеттегідей шабуылмен бастады, футболшылар сергек қимылдап, тынымсыз түрлі комбинациялар ұйымдастырумен болды. Әрине, өз алаңында жүрген қарағандылықтар да қарап қалмады, олар негізінен қос қанаттан бүйірлей тиісті. Егер Дидар Жалмұқан мен Данило Сириноның соққыларын қарағандылық қорғаушылар мен қақпашы Игорь Шацкий мүлт жібермей кері қайтарса, біздің қақпамызды екі рет Марат Хайруллин сақтап қалды: ол әуелгіде Евгений Азаматов соққан допты тура қақпа сызығынан кері теуіп үлгерсе, тайм соңына таман Алдин Джидич баспен тастаған допты бұрыштан баспен кері серпіді.

Дегенмен ойынның алғашқы бөлігінің батыры атану мәртебесі Данило Сириноға бұйырды. Оның 37-минутта алаңның орта шеніне таман тұстан күтпеген жерден шірене тепкен добы қарағандылық қақпашыны қапы қалдырды — 0:1.

Екінші тайм да алма-кезек шабуылмен өтті. Дидар Жалмұқан қарағандылық қақпашыны алдай алмай бармақ тістесе, Роман Мұртазаевтың екі бірдей сенімді соққысына Стас Покатилов тосқауыл болды. Никола Покривачтың соққысы діңгектен бірнеше сантиметр ғана ауытқып ұшса, Марат Хайруллин соққан доп діңгекке тиіп кері серпілді.

Дегенмен тартысты өткен ойында Данило Сирино соққан голға қосымша доп соғылмады. Онсыз да көш соңында салпақтап келе жатқан қарағандылықтар жанкүйерлеріне өз алаңында да қуаныш сыйлай алмай пұшайман болып қалды. Ал ақтөбеліктер сырт алаңдағы төртінші жеңісіне жетті.

Рас, ойын қызықты өтті деуге келмес, дәлірек айтқанда, сүреңсіздеу болды. Мұның себебін «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Газзаев былай түсіндірді: « Бұл ойынның тартымсыздау болғандығының нақты себептері бар. Бүгінгідей алаңда ойнату — футболшыларды сыйламау деген сөз. Мұндай алаңда ойнау тіпті мүмкін еместей ғой. Қызықты ойынды тамашалау үшін жақсы алаң керек».

«Шахтер»-«Ақтөбе» — 0:1

Голы  авторы: Данило Сирино, 37-минут (0:1).

Ескерту қағазын алғандар: Н.Покривач, 3-минут, А.Порываев, 24-минут, Я. Вошаглик, 75-минут («Шахтер»); Д.Мирошниченко, 24-минут («Ақтөбе»).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады:

Сергей Покатилов, Айоделе Аделейе, Валерий Коробкин (Виктор Дмитренко, 85-минут), Артурас Жулпа, Дмитрий Мирошниченко, Марат Хайруллин, Юрий Логвиненко, Андерсон Сантана, Дидар Жалмұқан (Рустам Сахибов, 90+1 минут), Сергей Хижниченко, Данило Сирино (Маркос Пиззелли ,70-минут).

7 мамыр. Карағанды. «Шахтер» стадионы. 3000 адам.

Осымен бұл екі команда Қазақстан чемпионаттарында 51 рет кездесті. 20 рет «Ақтөбе» жеңсе, 14 жеңіс «Шахтердің» еншісіне жазылды. 17 ойын тең есептермен аяқталды.

*   *   *

 

Басқа кездесулердің нәтижелері:

«Қайрат»-«Атырау» — 0:1

Гол авторы: Дмитрий Пархачев, 55-минут (1:0).

80-минутта пенальти орындаған Жерар Гоу («Қайрат») қақпашыдан айласын асыра алмады.

«Оқжетпес»-«Ордабасы» — 0:1

Гол авторы: Александр Гейнрих, 30-минут (0:1).

«Ертіс»-«Тараз» — 0:1

Гол авторы: Олександр Яровенко, 35-минут (0:1).

«Жетісу»-«Астана» — 1:3

Гол авторлары: Рохер Каньяс, 26-минут (0:1); Джордже Деспотович, 30-минут (1:1); Патрик Твумаси, 60-минут (1:2); Алексей Щеткин, 90-минут (1:3).

54-минутта Иван Цветкович («Жетісу») жасыл алаңнан қуылды.

«Тобыл»-«Қайсар» — 1:0

Гол авторы: Иван Садовничий, 90-минут (1:0).

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе                  11       6          5          0          12-4    23 

2 Астана                  11       6          3          2          21-11  21  

3 Атырау                 11       6          3          2          13-10  21

4 Ордабасы             11       5          6          0          12-5    21

5 Қайрат                   11       5          3          3          20-8    18

6 Тараз                    11         5          2          4          10-7    17

7 Оқжетпес               11       4          1          6          11-16  13

8 Қайсар                   11       2          6          3          5-7      12

9 Тобыл                    11       3          2          6          9-19    11

10 Ертіс                    11       1          5          5          11-16  8

11 Жетісу                  11       1          4          6          6-15    7

12 Шахтер                11       1          2          8          7-19    5

 

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

Бес ойынның нәтижесі — 1:0

 

Бұл турда қақпаларға 9 гол соғылды. Бес кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Он бір метрлік бір айып добын қақпашы дарытпады.

Кездесулерде 21 ескерту қағазы көрсетіліп, бір футболшы жасыл алаңнан қуылды.

«Ақтөбе» мен «Атырау» қатарынан бес тур бойы жеңіске жетіп келеді.

 

Бірінші айналымның деректері

 

Чемпионат басталғалы 66 кездесу өтті. 28 рет алаң иелері жеңсе, 17 рет қонақтар жеңді, 21 кездесу тең есептермен аяқталды.

Барлық кездесулерде қақпаларға 137 доп енді, әр ойында орта есеппен 2,08 гол соғылды.

Алаң иелері 81 гол (әр ойында 1,23 гол) соқса, қонақтар 56 доппен (әр ойында 0,85 гол) жауап қайтарды.

Ең жиі қайталанған есептер:

1:0 — 15 рет

0:0 — 12 рет

2:1 — 10 рет

Бір рет қана тіркелген есептер:

І тур.«Ертіс»-«Астана» — 0:3

V тур.«Тобыл»-«Шахтер» — 4:1

VІІІ тур.«Астана»-«Қайрат» — 4:3

ІХ тур. «Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 2:3

Бір турда ең көп қайталанған есеп:

1:0 есебі ХІ турда 5 рет қайталанды.

Ең ірі есептер:

І тур.«Қайрат»-«Тобыл» — 4:0

V тур.«Қайрат»-«Оқжетпес» — 4:0

ІХ тур.«Қайрат»-«Шахтер» — 4:0

Х тур. «Астана»-«Тобыл» — 4:0

Ең нәтижелі ойындар:

VІІІ тур.«Астана»-«Қайрат» — 4:3

V тур. «Тобыл»-«Шахтер» — 4:1

Гол ең көп соғылған тур:

ІХ тур — 20 гол

Гол ең аз соғылған тур:

ІІ тур — 8 гол

Ұтылмаған командалар:

«Ақтөбе»

«Ордабасы»

Өз алаңында ең көп ұтқан команда:

«Қайрат» — 5 рет

Өз алаңында ең аз ұтқан командалар:

«Қайсар», «Ертіс», «Жетісу», «Шахтер» — 1 реттен

Өз алаңында ең көп ұтылған командалар:

«Тобыл», «Ертіс», «Шахтер» — 3 реттен

Өз алаңында ұтылмаған командалар:

«Ақтөбе», «Астана», «Ордабасы»

Сырт алаңда ең көп ұтқан команда:

«Ақтөбе» — 4 рет

Сырт алаңда ұтысқа жете алмаған командалар:

«Қайрат», «Ертіс», «Жетісу», «Шахтер»

Өз алаңында ең көп ұпай жинаған команда:

«Қайрат» — 15 ұпай

Сырт алаңда ең көп ұпай жинаған команда:

«Ақтөбе» — 13 ұпай

Ең көп гол соққан команда:

«Астана» — 21 гол

Ең аз гол соққан команда:

«Қайсар» — 5 гол

Қақпасына ең көп гол жіберген команда:

«Тобыл», «Шахтер» — 19 голдан

Қақпасына ең аз гол жіберген команда:

«Ақтөбе» — 4 гол

Мергендер көшін 10 гол салған Жерар Гоу («Қайрат») бастап тұр.

 

Біздің кездесулеріміз

 

«Ақтөбе» өз алаңымызда 2 рет ұтып, 4 рет тең ойнады, 5-2 доп айырмашылығымен 10 ұпай жинады.

Сырт алаңда 4 рет ұтып, 1 рет тең түсті, 7-2 доп айырмашылығымен 13 ұпай жинады.

І тур. 7 наурыз. «Ақтөбе»-«Атырау» — 1:1

ІІ тур. 11 наурыз. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 0:0

ІІІ тур. 15 наурыз. «Тараз»-«Ақтөбе» — 0:1

ІV тур. 21 наурыз. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 0:0

V тур. 5 сәуір. «Астана»-«Ақтөбе» — 0:0

VІ тур. 11 сәуір. «Ақтөбе»-«Қайсар» — 0:0

VІІ тур. 15 сәуір. «Тобыл»-«Ақтөбе» — 0:2

VІІІ тур. 19 сәуір. «Ақтөбе»-«Жетісу» — 2:0

ІХ тур. 25 сәуір. «Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 2:3

Х тур. 3 мамыр. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 2:1

ХІ тур. 7 мамыр. «Шахтер»-«Ақтөбе» — 0:1

 

«Ақтөбенің» мергендері:

 

Сергей Хижниченко (шабуылшы) — 3 гол;

Дидар Жалмұқан (жартылай қорғаушы) — 2;

Маркос Пиззелли (жартылай қорғаушы) — 2 (1);

Данило Сирино (шабуылшы) — 2;

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 1;

Данило Неко (шабуылшы) — 1;

Айоделе Аделейе (қорғаушы) — 1.

 

Екінші айналым. Алғашқы тур

 

Екінші айналымның беташар кездесулері — 12-тур ойындары 16 мамыр, сенбі күні өтеді.

Бұл күні «Ақтөбе» Алматыда «Қайрат» командасымен кездеседі.

Басқа кездесулер:

«Астана» — «Ертіс»

«Ордабасы» — «Шахтер»

«Тараз» — «Атырау»

«Қайсар» — «Оқжетпес»

«Тобыл» — «Жетісу»

 

Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button