Спорт

Рахат — чемпион!

Өткен аптада Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде Әзірбайжанның тұңғыш президенті Гейдар Алиевтің атындағы бокстан жасөспірімдер арасында ХІІІ халықаралық турнир өтті. Аталған жарысқа облыс атынан қатысқан екі спортшының бірі Рахат Сейітжанов өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды.

Жарысқа Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Финляндия елдерінен боксшылар қатысты. Жалпы командалық есеп бойынша үш алтын, үш күміс және жеті қола иеленген Қазақстан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан елі иеленсе, үшінші орынға Әзірбайжан боксшылары  қол жеткізді. Осы сайыста Ақтөбе қаласындағы №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Рахат Сейітжанов түрік боксшысын 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда ресейлік, ал ақтық сында өзбек боксшысын  жеңіп, 48 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды.

Турнир өте тартысты өтті. Жан-жақтан мықты спортшылар жиналды. Жеңіске жету үшін көп тер төктім. Жаттығудан қалған жоқпын, — деді Рахат.

Ал Рахаттың бапкері Тағыберген Қазиханов бұл оның алғашқы жеңісі емес екенін айтты. Бұған дейін де ол халықаралық турнирде облыс намысын қорғап, чемпион атанып жүр.

 

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button