Басты жаңалықтар

Көгершін — бейбітшілік құсы

Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов пен жас коммунистер тобы қызыл ленталармен әсемделген көгершіндерді аспанға ұшырды. Олардың ұшуы дүниежүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді, сондай-ақ, коммунистік идеялардың жаңа биіктерге көтерілуін сипаттайды.

Шараның қырықтан астам қатысушылары құстардың ұшқанын қызыл жалаушалармен қарсы алды.

Акция қатысушыларының алдында баяндама жасай келе, Тұрғын Сыздықов бүгінгі күні бейбітшілік пен өркендеу идеяларын алға тарту жастарға түсінікті және айқын рәміздердің қажет екенін жеткізді.

«Осы көгершіндердің ұшуы астарында, тек айқын және түсінікті рәміздер мен мақсаттар біздің жастардың қашықтықтардан өтуін және жаңа көкжиектерге жетуін білдіретін идея жатыр.

Бейбітшілік құсы деп танылған көгершін, дүниежүзінің барлық жеріндегі ұрпақтардың өкілдеріне түсінікті интернационалдық рәміз болып табылады.

Ол сондай-ақ: «Ізгілік, мейірбандық және қонақжайлық — біздің көршілермен достастығымыздың берік негізі. Осы құндылықтар біздің жерімізде бірлік пен өркендеуге алып келеді.

Біздің мәдениетіміздің біртұтастығы мен қайталанбастығы интернационализм қағидаларына негізделген», — деп ойын жеткізді.

«Осы сайлау науқаны арқылы коммунистер өздерінің қағидалары мен марксистік-лениндік ілім негіздерін жеткізе алды.

Мен сегіз аймақта болып, 15 қалаға барып, сайлаушылармен 60-тан астам кездесулер өткіздім», — деп хабарландырды Т.Сыздықов акция қатысушыларын.

Қызыл ленталар аспанда желбіреген сәтте, партияның жас өкілдері атынан В.Смирнов баяндама жасады: «Аспандағы көгершіндер біздің жас серіктестерімізді жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Біздің бірлігіміз қарапайып әрі баршаға түсінікті бейбітшілік пен тұрақтылық рәміздері төңірегінде күшейіп келеді.

Біздің акциямыз ұрпақтар арасындағы тығыз байланыс пен үлкендерді құрметтеу идеясын сипаттайды. Осындай өзара түсінушіліктің маңызын асыра бағалау мүмкін емес.

Біздің кандидат отбасылық құндылықтарды қолдап, батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына қарсы шығуда және біз оны барынша қолдаймыз.

ҚКХП марксизм-ленинизм идеяларын дамытуды жалғастыруда және жас коммунистер оның тек жақсысын алуда, олар ізгілік, интернационализм мен өркендеуге ұмтылыс.

Тек халықтардың достастығы мен барлық елдердің бейбіт диалогы бейбітшілік пен тұрақтылықтың пәрменді құралдары болып табылады.

Біздің негіздеріміз қызыл ленталармен көркемделген осы керемет құстардың ұшуы сияқты қарапайым әрі түсінікті», — деді В.Смирнов.

Ұшып бара жатқан құстарды бақылай отырып, шараның қатысушылары оларға қызыл жалаушалармен бұлғап, Интернационал гимнін орындады.

 

 

 

Жаңалыққа және өркендеуге ұмтылыс

 

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы атынан президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов Астана қаласында республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысы мен аймақтардағы сайлаушылармен кездесу нәтижелерін талқылады.

Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғандығын жеткізді.

«Біз қазіргі кезде өзінің өзектілігін жоғалтпаған марксизм-ленинизм идеяларына негізделген менің сайлауалды тұғырнамамды жеткізе білдік.

Халықтардың бейбіт өмір сүруі, төзімділік, жаңалыққа және өркендеуге ұмтылыс — бұл бірінше орында тұрған жалпы адамдық құндылықтар. Оларды алға тарту — жер бетіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолы болып табылады. Интернационализм мен отбасылық құндылықтардың маңыздығын түсіну мемлекеттің ілгері дамуының кепілі болып келеді.

Жас ұрпаққа бала кезінен бастап халықтарда тарихи қалыптасқан төзімділікті, шыдамдылықты, үлкендерді құрметтеуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сезімдерін сіңіру қажет.

Коммунистік халықтық партиясы қоғамдық дамудың материалдық теориясына негізделген фундаменталды қағидаларды өзінің қызметінде қатаң басшылыққа алып келеді», — деді ол.

Тұрғын Сыздықовтың пайымдауынша, оның ҚКХП атынан президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді.

«Батыс құндылықтары әдетте жалған болып келеді және тек өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана көздейтін тұтынушы-адамды қалыптастыруға бағытталған. Бұл ақшаға табынушылықты тудырып, адамдардың жеңіл табыс алуына және адамгершілік қағидаларынан бас тартуына итермелейді. Батыстық тұрмыс салты мен мәдениеті тығырыққа тірелді».

Сонымен бірге, Тұрғын Ысқақұлы айтқандай, батыстық жойқын мәдениетті тарату кинематограф өнімдері, компьютерлік ойындар, ғаламтордың әлеуметтік желілері, әдебиет және қоғамдық тамақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Атап айтқанда ол: «Батыс мәдениеті тығырыққа бара жатыр және оған зорлық-зомбылықты, бассыздық пен жеңіл табысқа ұмтылысты насихаттау әсерін тигізуде», — деп атап өті.

Өз кезегінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоныров: «Кандидатты қолдау үгіт-насихат кампаниясының жоспары жалпы толық көлемде іске асырылып келеді. Барлық жоспарланған шаралар дер кезінде атқарылды.

Осы тұрғыда мен біздің шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында, солардың қатарында республикалық телеарналарда кеңінен сипатталғанын айтқым келеді. Біз ғаламтордың әлеуметтік желілерінде сапалы жұмыс жасадық және ол сайлаушылардың басым бөлігін Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасымен таныстыруға мүмкіндік берді», — деді.

А.Қоныров сонымен бірге республикалық сайлауалды штабының қызметіне халықаралық бақылаушылардың назар аударғанын атап өтті.

«Біздің республикалық және аймақтық штабтарымызға ЕҚЫҰ бақылаушылары келіп, Т.Сыздықов қолдаушыларының атқарып отырған жұмысымен танысты.

Олар біздің сайлаушыларымызбен кездесуіміз секілді кейбір іс-шараларымызға қатысты. Халықпен жұмыс жасауға деген мақсатымыз бен ашықтығымызға куә болды», — деді А.Қоныров.

 

* * *

ҚКХП атынан президенттікке кандидаттың Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысының нәтижелері жөнінде баяндады.

Облыстық комитеттің жетекшісі Н.Қадырқұлов, қазіргі уақытта интернационализм, төзімділік пен шыдамдылықтың, ізгілік пен адамгершіліктің маңызы күннен-күнге артып келе жатқандығын алға тартты. Осы құндылықтар барлық мемлекеттердің өркендеуінің негізі болып табылады.

Н.Қадырқұловтың айтуынша: «Үгіт-насихат науқаны аясында біздің кандидат кейбір облыстарды аралап, ол жерде студенттермен, оқытушылармен, өндіріс кәсіпорындарының басшылары мен жұмыскерлерімен әңгімелесулер өткізді. Оларды ҚКХП сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Т.Сыздықов сонымен бірге сайлаушылармен партия үшін маңызды сұрақ — коммунистік тұғырнамасын жетілдіру мәселесін талқылады.

Студенттер мен жұмыскерлер біздің көзқарастардың ескіргені жөнінде пікірлерін айтқан кезде, Сыздықов коммунизмнің классиктерінің сөздеріне сілтеме жасады: «Диалектикалық материализмге негізделген марксизмнің күші мен өмір сүруге қабілеті тарихи даму жолымен дәлелденеді».

 

* * *

Ақтау қаласында ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабы жұмыстың алдын ала қорытындысын жасады.

«Аймақтық сайлауалды штабы Т.Сыздықовты қолдауға бағытталған бірқатар шаралар өткізді», — деді Маңғыстау облысы бойынша партия комитетінің жетекшісі Р.Махамбетова.

Р.Махамбетованың айтуынша: «ҚКХП атынан президенттікке кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес біз сайлаушылар арасында сапалы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырдық. ҚКХП атынан президенттікке кандидаттың сайлауалды тұғырнамасынан үгіт-насихат материалдары таратылуда.

Біздің қалалық штабқа ЕҚЫҰ халықаралық бақылаушылары мен журналистері, сондай-ақ, облыстың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері келіп кетті.

Жалпы ҚКХП үгіт-насихат шаралары қандай да бір келеңсіздіксіз өткізілуде, бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізілген және олар арқылы халыққа Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының мазмұны жеткізілуде».

Басқа жаңалықтар

6 Comments

  1. Сайлау елдің ісі, ол жерде бір адамның емес, бір елдің тағдыры тұр, сондықтан шешім жасаған әрбір азамат, дауыс бергендеде елім үшін дегенді естен шығармау керек деп ойлаймын.

  2. Байқаушылар бар, заңның бақылауындада болады, халықтың өз құқығы бар, осындай талаптардың мүддесін орындап тұр, енді әр адам елдің болашағы үшін ойланып, сайлау алаңынан көп болып, жұмыла жүк көтеретін сәт келіп тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button