Спорт

«Ақтөбе»: бесінші тең ойын. 2 гол  

Премьер-Лига

 6-тур ойындарында «Астана» алғаш рет жеңіліске ұшыраса, «Шахтер» мен «Ертіс» бірінші рет ұтысқа ие болды. Тең ойнаған «Қайрат» пен «Ордабасы» көш басына орнықты. Кестедегі соңғы орынға «Жетісу» сырғыды.

Бұл турдағы ойын есептерінің маңызды болғаны сондай, 12 команданың екеуінен («Қайрат», «Оқжетпес») басқалары турнир кестесіндегі орындарын өзгертті. Дәлірек айтқанда, «Ордабасы», «Тобыл», «Тараз», «Ертіс», «Шахтер» ілгері жылжыды да, бес команда төменгі сатыларға ығысты.

Бұл турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Қайсар» командасын қабылдады.

Ақтөбеліктер ойынның төртінші минутынан бастап-ақ тұрақты шабуылға кірісті. Марат Хайруллин, Юрий Логвиненко, Данило Неко, алаңға алғаш рет шыққан Данило Сирино Де Оливейра, Дидар Жалмұқан, несін айтасыз, бірінші тайм қарсыластар қақпасына біздің жігіттер бағыттаған соққыдан кенде болған жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, Кирилл Прядкин күзеткен қақпаның жібек торы тіпті де бүлк етпей қойды.

Екінші таймды да ақтөбеліктер тынымсыз шабуылмен бастады. Дегенмен тағы да гол соғылмады. Обалына не керек, доп «Қайсардың» айып алаңына дейін зырлап-ақ барып қалады. Бірақ нәтижелі соққы жасалмайды. Шешуші сәтте доп қызылордалық қорғаушының басына тиіп кері серпіледі немесе жекпе-жекке шыққан футболшы (Марат Хайруллин) қақпашыны алдай алмай діңкелейді.

Қалай болғанда да, бұл ойында «Қайсардың» футболшылары негізінен қорғаушылық міндетті мүлтіксіз атқарды.

Сөйтіп, «Ақтөбе» осымен бесінші рет тең ойнады. Соның ішінде 0:0 есебі төрт рет қайталанды.

«Ақтөбе»-«Қайсар» — 0:0

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады:

Стас Покатилов, Айоделе Аделейе, Валерий Коробкин, Артурас Жулпа, Марат Хайруллин, Данило Неко, Асхат Тағыберген, Юрий Логвиненко, Андерсон Сантана, Дидар Жалмұқан, Сирино де Оливейра (Павел Шабалин, 70-минут).

№8 балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінің стадионында өткен бұл кездесуді 3000 жанкүйер тамашалады.

*   *   *

 

Басқа кездесулердің нәтижелері:

«Тараз»-«Астана» — 2:0

Гол авторлары: Александр Пищур, 27-минут (1:0); Эдуард Сергиенко, 67-минут (2:0).

73-минутта Дмитро Башлай («Тараз») ойын барысында екінші рет ескерту қағазын алуына байланысты жасыл алаңнан қуылды.

«Ордабасы»-«Қайрат» — 2:2

Гол авторлары: Жерар Гоу, пенальти, 15-минут (0:1); Сергей Малый, 30-минут (1:1); Дәуренбек  Тәжімбетов, 42-минут (2:1); Жарко Маркович, 90-минут (2:2).

«Тараз»-«Қайрат» — 1:2

Гол авторлары: Калу Уче, 41-минут (0:1); Владимир Аржанов, 69-минут (1:1); Игорь Бугаев, пенальти, 76-минут (1:2).

88-минутта Майкл Обиде («Атырау») жасыл алаңнан қуылды.

«Ертіс»-«Оқжетпес» — 3:1

Гол авторлары: Виталий Волков, 6-минут (0:1); Аристид Бансе, 23-минут (1:1); Изу Азука, 35-минут (2:1); Аристид Бансе, 52-минут (3:1).

«Шахтер»-«Жетісу» — 2:1

Гол авторлары: Андрей Карпович, 28-минут (1:0); Джордж Деспотович, 43-минут (1:1); Роман Муртазаев, 90-минут (2:1).

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Қайрат                  7          4          2          1          13-3    14 

2 Ордабасы           6          3          3          0          7-3      12  

3 Астана                  6          3          2          1          8-4      11

4 Оқжетпес               6          3          0          3          6-9      9

5 Тобыл                    6          2          2          2          7-9      8

6 Ақтөбе                 6           1          5          0          2-1      8

7 Тараз                     6          2          1          3          4-4      7

8 Қайсар                   6          1          4          1          2-2      7

9 Ертіс                      7          1          4          2          7-9      7

10 Атырау                6          1          3          2          5-7      6

11 Шахтер                6          1          1          4          5-10    4

12 Жетісу                  6          0          3          3          3-8      3

 

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

Гол көбейген тур

 

Чемпионат басталғалы осы турда ең көп гол соғылды: 16 гол.

Футболшыларға 20 ескерту қағазы көрсетіліп, екі ойыншы жасыл алаңнан қуылды.

Барлық ойындарды 18 мың жанкүйер тамашалады. «Тараз» бен «Астананың» кездесуіне 5 мың жанкүйер жиналса, «Шахтер» мен «Жетісудың» ойынын 1500 адам қызықтады.

Чемпионат басталғалы 37 кездесу өтті. 16 рет алаң иелері жеңсе, 6 рет қонақтар жеңді, 15 кездесу тең есептермен аяқталды. Барлық кездесулерде қақпаларға 69 доп енді, әр ойында орта есеппен 1,86 гол соғылды.

Мергендер көшін 7 гол салған Жерар Гоу («Қайрат») бастап тұр.

«Ақтөбе» сапында қарсыластар қақпасына Дидар Жалмұқан мен Сергей Хижниченко бір доптан соқты. Ал былтырғы чемпионаттың алты турында ақтөбеліктер қонақтарға жеті рет бармақ тістеткен еді және 11 ұпай жинап, үшінші тұғырда тұрған болатын.

*   *   *

 

Кеше, 15 сәуір күні 7-тур ойындары өтті:

«Тобыл» — «Ақтөбе»

«Астана» — «Ордабасы»

«Оқжетпес» — «Шахтер»

«Қайсар» — «Тараз»

«Жетісу» — «Атырау»

Бұл турдың бір ойыны 8 сәуір күні өткен болатын: «Қайрат»-«Ертіс» — 1:0.
 

Қазақстан Кубогы

 

«АҚТӨБЕНІҢ» ҚАРСЫЛАСЫ — «АҚЖАЙЫҚ»

 

Қазақстан Кубогы үшін болатын 1/8 финалдың жеребесі тартылды.

«Ақтөбеге» «Ақжайық» бұйырды.

Премьер-Лигадағы командалар қатыспаған бірінші кезеңде оралдықтар Өскеменнің «Восток» командасымен негізгі кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти бойынша (4:1) ілгері шыққан болатын. Оралдық қақпашы Нұрболат Қалменов екі он бір метрлік екі соққыны дарытпады.

Доданың ендігі екінші кезеңі бір ғана ойыннан тұратындықтан, 29 сәуір күні Орал қаласында өтетін кездесу жарысты одан әрі қай команда жалғастыра беретінін айқындайды.

Бұл күнгі басқа кездесулер:

«Тобыл» — ЦСКА
«Қайсар» — «Спартак»

«Ордабасы» — «Тараз»
«Екібастұз» — «Астана»
«Шахтер» — «Оқжетпес»
«Атырау» — «Жетісу»
«Қайрат» — «Ертіс»

 

 

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button