Спорт

Жүлдемен оралды

Тоғызқұмалақ

 Наурыздың соңғы аптасында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігінен ақтөбеліктер жүлделі оралды.

10, 12, 14 жас бойынша өткен чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан және Алматы, Астана қалаларынан 205-тен астам ойыншы қатысты. Жарыс екі номинация — классикалық және шапшаң ойын бойынша өтті. Жарысқа ақтөбелік 18 тоғызқұмалақшы қатысқан болатын. 10 жастағылар арасында 9 ойыннан 8 ұпай жинаған №5 Ақтөбе орта мектебінің 4-сынып оқушысы Алмас Тілегенов ел чемпионы атанды. №30 Ақтөбе орта мектебінің 6-сынып оқушысы Гүлжанат Алдабергенова (14 жастағылар) екінші орын алып қалды. Олай дейтініміз, Гүлжанат бұған дейін екі жыл қатарынан өз құрбылары арасында жеңімпаз болған еді.

Шапшаң ойын номинациясы бойынша да Алмас Тілегенов жүлделі болды, ол 2-орынды иеленді. Ал Аймана Дощанова мен Қуанышбек Қалжин қола жүлдені қанжығаға байлады.

Облыстың құрама командасы сапында өнер көрсеткен Ырғыз, Ойыл, Мәртөк, Алға аудандарының ойыншылары жүлде алмағандарымен, тәп-тәуір ойнап шықты.

Қабидолла НҰРШИН,

аға жаттықтырушы.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button