Құқық

207 заңбұзушылық анықталды

Өткен аптада облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсат — қоғамдық көліктердің арасында апаттың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шара аясында қоғамдық көлік иелерінің барлық құжаттары, оның ішінде жолаушылар мен жүк тасымалдауға рұқсат құжаттар тексерілді. Автобустың техникалық жағдайы және олардың бекітілген талаптарға сәйкестігі, жүргізушілердің рейсалды медициналық және техникалық тексеруден өтуі секілді мәселелерге де баса назар аударылды. Үш күн ішінде полицейлер 207 заңбұзушылықты анықтады. Оның ішінде көлік басқарып отырып ұялы телефон қолданған 87 жүргізуші анықталса, маневр жасау ережесін бұзған 20 азамат тіркелді. Ал жылдамдық ережесін бұзған 24 жүргізуші мен жолдың қарсы бағытына шыққан төрт жүргізушіге ескерту жасалды. Сондай-ақ, Самара- Шымкент тасжолының бойында Ақтөбе қаласына жолаушылар тасымалдайтын «Даймлер Бенц» автобусының жүргізушісі есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыпталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, Хромтау аудандық сотына жолданды.

Ішкі істер қызметкерлері жүргізушілерге көлік басқару кезінде абай болуларын ескертеді.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button