Спорт

Төртінші тең ойын

Жексенбіде футболдан ел біріншілігінің 5-туры өтті. Турдың басты ойыны саналған «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде жеңімпаз анықталмады. Екі команда да гол соға алмай тарқады. Осылайша, жерлестеріміз бес ойынның төртеуін тең аяқтады. Өкінішке қарай, ақтөбеліктер бес турда қарсыластар қақпасын екі рет қана дәл көздей алды. Есесіне, қақпашы Стас Покатилов 408 минут бойы қақпасына доп дарытпай келеді. Әзірге Қазақстан біріншілігіндегі рекорд Сергей Бойченконың еншісінде. Сергей 2005-2006 жылдары «Қайраттың» қақпасын 921 минут бойы таза ұстаған.

Турдың басты ерекшелігінің бірі — екі ірі жеңістің тіркелуі. «Қайрат» көкшетаулықтарды 4:0, «Тобыл» кеншілерді 4:1 есебімен ұтты. Қостанайлықтар соңғы рет «Шахтерді» 2004 жылы ірі есеппен ұтқан екен. Ол кездегі есеп 4:1 болған.

Ал енді Астанадағы ойынға оралайық. Кездесу біздің футболшылардың шабуылымен басталды. Әп дегеннен алға ұмтылған ақтөбеліктер екінші минутта-ақ Ненад Эричтің қақпасын нысанаға алды. Асхат Тағыбергеннің ұрған добын Эрич әрең қайтарды. Алаң иелері де қарап қалмады. Ұлан Қонысбаев пен Абзал Бейсебеков әдемі комбинация жасап, біздің қақпаға ентелеп келе жатты. Бірақ біздің қорғаушылар олардың жолын кесті.

Бұдан кейін де алма-кезек шабуылдар ұйымдастырылып, ойын қыза түсті. Асхат Тағыберген, Марат Хайруллин, Абат Айымбетов қарсыластар қақпасын жиі мазалады. Айта кету керек, ойынның бірінші жартысы ақтөбеліктердің басымдылығымен өтті. Алайда гол соғылмады.

Екінші таймда да біздің ойыншылар белсенділік танытты. Дегенмен астаналықтар бірте-бірте ойынды өз қолдарына ала бастады. Твумаси, Кетевоаманың соққыларын Стас Покатилов қайтарып отырды. Тіпті Патрик Твумасидің ұрған добын қақпаның маңдайшасының астынан ұстаған Стастың қимылы жанкүйерлерді ду еткізді.

Ойын тең аяқталғанымен, жанкүйерлерді жалықтырмады.

«Ақтөбенің» қосалқы құрамы бұл турда жеңіске жетті. Валерий Алмаскиннің шәкірттері астаналықтардың қақпасына төрт гол соғып, бір голды өз қақпаларына жіберіп алды. Біздің жастардан бірінші голды Әнуарбек Садықов салды, ал Әділхан Таңжарықов «хет-трик» иесі атанды.
 «Астана» — «Ақтөбе» – 0:0
Ескерту алды:
 Қонысбаев, 41; Постников, 49; Кетевоама, 57; Каньяс, 72 — Жулпа, 39; Хайруллин, 45+1; Шабалин, 90+3.
«Астана»: Эрич, Постников, Бейсебеков, Шомко, Аничич, Қонысбаев (Щеткин, 55), Жуков, Кетевоама, Каньяс, Максимович, Твумаси.
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Коробкин, Жулпа, Мирошниченко, Хайруллин, Неко (Жалмукан, 74), Тағыберген, Логвиненко (к) (Шабалин 46), Сантана, Айымбетов (Вольф, 84).

Мергендер көші:
5 — Гоу («Қайрат»);
3 — Каньяс («Астана»), Байжанов («Атырау»), Жұмасқалиев («Тобыл»);
2 — Твумаси, Максимович (екеуі де — «Астана»), Топчагич («Шахтер»), Роткович («Оқжетпес»), Тұңғышбаев («Ордабасы»), Исаэль («Қайрат»).

 

Бердібай КЕМАЛ.

 

Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Доп Ұпай
1    «АСТАНА» 5 3 2 0 8-2 11
2    «ОРДАБАСЫ» 5 3 2 0 5-1 11
3    «ҚАЙРАТ» 5 3 1 1 10-1 10
4    «ОҚЖЕТПЕС» 5 3 0 2 5-6 9
5    «АҚТӨБЕ» 5 1 4 0 2-1 7
6    «ҚАЙСАР» 5 1 3 1 2-2 6
7    «АТЫРАУ» 5 1 3 1 4-5 6
8    «ТОБЫЛ» 5 1 2 2 5-8 5
9    «ТАРАЗ» 5 1 1 3 2-4 4
10    «ЕРТІС» 5 0 4 1 4-7 4
11    «ЖЕТІСУ» 5 0 3 2 2-6 3
12    «ШАХТЕР» 5 0 1 4 3-9 1

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button