Басты жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ А.МҰХАМБЕТОВТІҢ ЕСЕБІ

ОБЛЫС ӘКІМІ А.МҰХАМБЕТОВТІҢ «ОБЛЫСТЫҢ 2014 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ 2015 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТЕРІ ТУРАЛЫ» ЕСЕБІНІҢ тезистері

КІРІСПЕ
Ақтөбе облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, өткен жыл біз үшін және де республика бойынша да оңай болмағанын айтып өту керек, оған соңғы кезде әлемдік экономикада орын алған жағымсыз ахуалдар және ықпал етті.
Дағдарысқа қарсы әсер етудің тиімді механизмі Мемлекет басшысының халыққа «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған Жаңа Экономикалық Саясат болып табылады.
Жаңа Экономикалық Саясаттың негізі ретінде Үдемелі индустриалды- инновациялық даму, Ұлттық қордың ресурстарын қосу, көлік, әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды мақсатты бағыт-талған дамыту, кәсіпкерлік қызметі үшін қолайлы жағдай жасау, аграрлық секторды қолдау — басты міндеттердің бірі, олар өз кезегінде жұмыспен қамтуды қысқартуға жол бермейді және халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік ашады.
Мемлекетпен қарым-қатынасты барынша жеңілдету қарастырылуда. Адам факторын және жемқорлық көріністерін барынша азайту мақсатында бақылаушы мемлекеттік органдарда тәуекелдерді бағалау жүйесін ұйымдастыру әдістемесінің жобасы әзірленді. Басымдық бағыттағы инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық келісімшартқа отырған инвесторлар үшін «бір терезе» принципі енгізілетін болады. Кәсіпорындарды тіркеу мерзімі қысқарды, ең төменгі жарғылық қор қажеттілігі жойылды, кәсіпорынды тарату рәсімі біршама жеңілдетілді және т б.
Осылайша, дағдарыстан шығудың бірсыпыра жолдары Елбасының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған тапсырмаларына сәйкес, жеті негізгі бағыттарында көрініс тапқан 2015 жылда алға қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Ақтөбе облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, ескере кететін бір жайт, әлемдік экономиканың және нарықтың жағдаятының өзгеруіне қарамастан, жалпы облыс бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының оң өзгерістері сақталуда, оған макроэкономикалық көрсеткіштері дәлел.
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Бағалау мәліметтері бойынша өңірлік жалпы өнімнің көлемі 2014 жылы 1,7 трлн. теңгені құрайды немесе 101,3%.
2014 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 1212,4 млрд. теңгені құрады, НКИ -96,5%.
Тау-кен өнеркәсібінде өсімге қол жеткізілді. Оның ішінде ілеспе мұнай газының өндірісі 6,0% (4,3 млрд. текше.м), хром рудасы 3,0% (5,4 млн. тонна), хром концентраты 6,8% (4,5 млн. тонна), мыс концентраты 9,7% (389,5 мың тонна) өсті. Машина жасауда 36,5%, фармацевтикалық салада 22,8%, құрылыс индустриясында 3,6% өндіріс көлемі өсті.
Сонымен бірге, өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі келесідей өнім түрлері бойынша төмендеді: мұнай өндірісі 10,6%, мыс рудасы 5,6%, хром тұздары 1,8% және ферроқорытпа 0,5%.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 101,9% құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы — 103,7%, өсімдік шаруашылығында — 98,8%.
Шағын және орта бизнес субъектілері 400,0 млрд. теңгенің жұмысын орындап және қызметтерін көрсетті. Бюджетке 124,0 млрд. теңге салықтар және басқа да төлемдер аударылды. Қызмет ететіндер саны 135,9 мың адамды құрады.
Тартылған инвестиция көлемі 525,6 млрд. теңге құрады, ол өткен жылға қарағанда 2,0% жоғары.

2010-2014 ЖЫЛДАРДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ӨСІМ ДИНАМИКАСЫ

Құрылыс жұмыстарының көлемі 205,8 млрд. теңгені құрады, ол 2013 жылдан 6,0% жоғары.
Облыс бойынша бөлшек сауда көлемінің НКИ 108,8% жетті. Барлығы 389,7 млрд. теңгеге тауар өткізілді.
Мемлекеттік бюджетке 235,4 млрд. теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер түсті, оның ішінде, республикалық бюджет — 147,9 млрд. теңге, жергілікті бюджет — 87,5 млрд. теңге. 2014 жылы Ұлттық қорға 263,9 млрд. теңге бағытталды.

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР, МЛРД. ТЕҢГЕ

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуы 99,8% құрады.
Инфляция жылдық негізінде 6,7% құрады және ол орташа республикалық көрсеткіштен 0,7% төмен.
Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты күйін сақтауда. Экономикалық белсенді тұрғындар санынан тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2% құрады.
Есепті жылы 15,7 мың жұмыс орны құрылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮДЕМЕЛІ
ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

2014 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуының бірінші кезеңі аяқталды.
ҮИИД МБ жүзеге асырылуының бірінші кезеңі аясында жалпы құны 547 млрд. теңгеге 74 жоба пайдалануға берілді. Соның ішінде 2014 жылы өңдеу өнеркәсібіне жататын 220,5 млрд. теңгеге 7 жоба іске асырылды.
Жалпы облыстың Индустрияландыру картасына 691,1 млрд. теңгенің құрылыс кезеңінде 10,7 мың жұмыс орындарының ашылуымен және пайдалануға беру кезеңінде 11,8 мың жұмыс орындарының ашылуымен 83 инвестициялық жоба қосылды.
2014 жылы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының 2-ші кезегі, «Ақтөбе жылыжай» ЖШС жылыжай кешені, «Казтеплоэнергомонтаж» ТС фитингтер, бұрмалау, жалғамалы және үйреншікті жиынтықтаушы бұйымдар өндірісі бойынша зауыты, «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС рельс-арқалық зауытының құрылыстары аяқталды.
Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңінен бастап өнеркәсіп өндірісінің өнімі 2008 жылмен салыстырғанда 32,9% өсті, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2008 жылға қарағанда 35,9% артып отыр, соның ішінде 2013 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2014 жылы 14% өсті.
ҮИИД МБ аясында іске қосылған жаңа инвестициялық жобалардың үлесі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінде 2014 жылы 15% немесе 181,8 млрд. теңгені құрады.
2014 жылы өңдеу өнеркәсібі саласының үлесі өңірдің өнеркәсіптің жалпы құрылымында 2013 жылға қарағанда 2,7%-ға өсті.
2015 жылы өнеркәсіп құрылымындағы өңдеу саласы 25-27% жеткізілетін болады, «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ферроқорытпа зауыты, «АРАЗ» ЖШС рельс-арқалық зауыты, «KazCopper» ЖШС катодты мыс шығаратын зауытының іске қосылуы және басқа да бірқатар өнеркәсіп нысандарының жоспарлық қуаттылыққа шығуы арқасында еңбек өнімділігі 40 мың АҚШ долларына жетеді.
2015 жылы 720 жұмыс орындарының ашылуымен 15,0 млрд. теңгеге 10 инвестциялық жобаны іске қосу жоспарлануда.
Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы индустриалдық аймақ инфрақұрылымының құрылысы аяқталады.
2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында өндірістік жаңа технологиялардың пайдалануымен мынадай ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыру жалғасатын болады.
– «Юбилейное» ЖШС «Юбилейное» кен орнындағы алтынқұрамды кен өңдеуші-байыту фабрикасы;
– «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС, қуаттылығы жылына 560 мың тонна сұйық болат мысын шығаратын электрболат балқыту зауытының құрылысы;
– «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, қуаттылығы жылына 50 мың ш.м. үйді құрайтын «Weckenmann» компаниясының неміс технологиясы бойынша үй құрылысы комбинатының құрылысы және т.б.
Индустриялдық аймақтар Алға, Хромтау және Мұғалжар аудандарында құрылатын болады.
Сонымен қатар, өңірдің белгілі бір деңгейдегі басымдықтарын ескере отырып, облыс әкімдігі Қытай Халық Республикасының әлеуетті инвесторларының бірлесуімен бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын қарастыруда, оның ішінде: металлургия зауыттарының құрылысы, минералды тыңайтқыштар өндірісі, суда жай еритін азот-фосфор тыңайтқыштары, шыны әйнек және жапырақша әйнек өндірісі, цемент зауытының құрылысы. Аталмыш жобалардың жүзеге асырылуы облыс экономикасына қосымша инвестициялар көлемін тартуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуын және бюджетке түсетін салықтық төлемдердің өсуін қамтамасыз етеді.
Аймақ экономикасының алдағы дамуына, облыстың сауда-экономикалық дамуы үшін кең мүмкіндіктерін ұсынатын тауарлар, қызметтер мен капиталдың жалпы нарығы бар, жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық одақ жақсы мүмкіндіктер береді.
Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы аймақ кәсіпорындарының тікелей кооперацияаралық байланыстарын нығайтады. Тек қана соңғы үш жылдың ішінде Ресей капиталының қатысуы бар кәсіпорындар саны 28,0%-ға артты (2010 ж. — 250 бірлік, 2013 ж. — 320 бірлік).
Осылайша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, экономиканың көптеген секторлары үшін қызметтің бірыңғай нарығы қызмет етеді, оның басты мақсаты ЕАЭО мүше-елдердегі бизнес субъектілері үшін тосқауылдарды жою болып табылады, мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай нарығы құрылады, оларға үш елдің кәсіпкерлері бірдей шарттарда рұқсат алады, еңбек қызмет етуді іске асыру үшін әлеуметтік қамтамасыз ету бөлігіндегі ұлттық тәртібіне (мектепке дейінгі және орта білімге, медициналық қызмет көрсетуге және т.б. тікелей рұқсат алу) рұқсат алудың күші жойылды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемін 1,3 трлн. теңгеге жеткізу;
– 2015 жылға арналған республикалық іс-шаралар жоспарын орындау аясында өнеркәсіп кәсіпорындарына қолдау шараларын қабылдау;
– 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін тиімді жүзеге асыру, әрбір жобаның іске асыру мерзімдерін нақтылау және өнімдерді одан әрі өткізу;
– іскерлік белсенділік танытуға және инвестициялар тартуға ықпал ету;
– Индустрияландыру картасына қосу үшін жоғары құны қосылған жоғарғы технологиялық өнімдер өндіретін жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру;
– Қазақстан және Ресей шекаралас өңірлерінің іскерлік бизнес және тікелей байланыстарын нығайтуға ықпал ету, оларды экономиканың әр саласында жүзеге асыру үшін тарту;
– шекаралас өңірлерде іс-шаралар (көрмелер, бизнес-форумдар, тұсаукесерлер және т.б.) өткізу арқылы ынтымақтастықты кеңейту;
– әр елдің кәсіпкерлік құрылымдарының ынтымақтастығын дамыту мақсатында іскерлік ақпараттармен алмасу.

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ

Елбасы аграрлық саланы еліміздің экономикасын дамытудың басым бағыты ретінде атады. Ауыл шаруашылығын реформалау, дамыту және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу «Агробизнес — 2020» бағдарламасымен қарастырылған.
2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылға өндірісінің нақты көлем индексі – 101,9%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы 98,8%, мал шаруашылығы 103,7% құрады.
Есепті кезеңде облыстың аграрлық секторына 10,1 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде 5,9 млрд. теңге көлемінде субсидия бөлінді және алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,0 есеге артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 827,7 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 4458,3 млн. теңге субсидия берілді.
Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігінің бірі — инвестициялық субсидиялау. 2014 жылы республикалық бюджеттен 49 шаруашылыққа 387,8 млн. теңге төленді.
«Агробизнес — 2020» бағдарламасының тағы бір бағыты — несиелік жүктемелер және банкроттыққа ұшырау қаупін азайту мақсатында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру. Өткен жылы 25 агроөнеркәсіп кешені субъектілері 7,4 млрд. теңгеге сауықтырылды.
Егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру жүзеге асырылуда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бидайдың үлесі барлық дақылдар құрылымында 2011 жылы 71%-дан 2014 жылы 55,5% -ға азайтылды. Есесіне мал азығы дақылдары 75,5 мың гектардан 136,0 мың гектарға немесе 1,8 есеге артты.
Егіншілік өндірісінде ылғал қорын сақтау технологиясы мен тамшылатып суару технологиясы енгізілуде.
Мал шаруашылығында ірі инвестициялық жобалар іске асырылып, оның ішінде 6000 басқа арналған 2 мал бордақылау алаңдары іске қосылды. Бүгінгі күні облыста 17 000 бас малға арналған бордақылау алаңдары жұмыс жасауда, жүктемелілігі 75% құрайды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2014 жылдары 410 фермерлік шаруашылықтар 2,0 млрд. теңгеден астам сомаға 14,5 мың ірі қара малын, сондай-ақ «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 2,6 мың қой және «Құлан» бағдарламасымен 320 жылқы сатып алды.
Фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарында 44,0 мың ірі қара мен 125,0 мың қойдың аналықтарының тұқымының сапасын жақсарту шаралары алынған.
2014 жылы «Ырыс» бағдарламасымен 2 тауарлы-сүт фермасы құрылды, ал ағымдағы жылы «Айс» ЖШС-ы өз өндірісін кеңейту мақсатында қосымша 1600 ірі қара мал алуды жоспарлауда.
«Агробизнес — 2020» бағдарламасы бойынша шалғай жайылымдықтарды суландыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарлама бойынша ұңғыма құдық құрылысын инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы шаруа қожалықтарының 80 пайыз шығынын өтеу қарастырылған. Сонымен қатар, 120 баламалы энергия көздері мен жел генераторлары сатып алынып, лизингке берілді.
Ветеринарлық мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлінген 385,2 млн. теңге қаржы толық игеріліп, мал таситын 13 машина және жануарлардың өлексесін және биологиялық қалдықтарды өртеуге арналған 13 жылжымалы инсинератор сатып алынды.
Облыста жабық топырақтағы көкөніс өндірісі қарқынды дамуда. Қазіргі таңда жалпы қуаттылығы жылына 4120 тонна құрайтын 12,7 гектар алқапта орналасқан жылыжайлар бар. Іске қосылған жылыжайлар маусым-аралық кезеңде облыс қажеттілігінің 52 пайызын қамтиды.
Ағымдағы жылы, 6,0 га алқапқа қуаттылығы жылына 4,0 мың тонналық бір жылыжайды іске қосу, сонымен қатар, қуаттылығын 1,0 мың тоннаға дейін ұлғайту арқылы қазіргі қолданыстағы 2 жылыжайды кеңейту жоспарлануда.
Осы нысандарды пайдалануға беріп, жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін ішкі нарықтың көкөніспен қажеттілігін 95,2%-ға дейін қамтамасыз етеді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін дамыту және одан әрі кеңейту мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттырудың оңтайлы шараларын қабылдау;
– ауыл шаруашылығына берілетін инвестиция көлемін арттыру;
– асыл-тұқымды мал үлесін көбейтуге және мал шаруашылығын дамытуда инновациялық жобаларды енгізуге бағытталған шаралар қолдану;
– мал азықтық және майлы дақылдардың, көкөністің көлемін ұлғайту мақсатында тиімді ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, егістіктерді әртараптандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және тұрғындар мен басқа да тұтынушылардың өсіп отырған тұтыну талабын қамтамасыз ету үшін астық дақылдарын егудің көлемін тұрақтандыру;
– астық өндірісінде ылғал қорын сақтау технологиясын, жабық топырақта және тамшылатып суару көкөніс өндіру технологиясын әрі қарай енгізуді жалғастыру;
– «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыру.
ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

Өткен жылдың ақпан айында өткізілген ұлттық валютаның бағамын түзетуден кейін инфляция өсімін тежеу бойынша шаралар қабылданды. Өткен жылға тұтыну бағалар индексі 106,7% құрады (республика бойынша 107,4%), оның ішінде азық-түлік тауарларына 107,8% (ҚР бойынша 108,0%), азық-түлік емес тауарларына 107,6% (ҚР бойынша 108,0%), ақылы қызметке 104,4% (ҚР бойынша 106,4%).
Өз кезегінде азық-түлік тауарлары топтарына бағаны реттеу үшін облыстың тұрақтандыру қоры лайықты жұмыс жүргізеді. Қорға 2014-2015 жылдарының маусымаралық кезеңінде 1500 тонна картоп, 465 тонна көкөніс салынды, одан басқа 50 тоннадан қарақұмық және күріш, 106 тонна қант қорлары да бар.
Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары Ақтөбе қаласының бөлшек сауда желілерінде, «Табыс» коммуналдық базарында, шағын базарларда және қаланың ірі сауда желілерінде тауарлық түгендеу тәртібінде тауарларды өткізу жоспарына сай жүргізілуде. Ол маусымаралық кезеңде бағаның тұрақтылығына ықпал етеді.
Ауыл шаруашылығы тауарларының негізгі түрлеріне бағаның ауытқуын төмендету үшін 239 жәрмеңке өткізіліп, 369,9 млн. теңгенің өнімдері өткізілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз етуі туралы меморандумдар жұмыс жасайды, өнімдерге сауда үстемелерін 10%-дан асырмау қолданылады.
Ақтөбе қаласының тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында қаланың халық тығыз орналасқан бөліктерінде және коммуналдық базарларда жылжымалы сауда пункттері орналасқан, онда жергілікті тауар өндірушілердің азық-түлік тауарлары сауда үстемелерін 5%-дан асырмай қолдану арқылы өткізіледі.
Жүргізіліп отырған жұмыс қала және аудан тұрғындарының азық-түлікпен қамтамасыз етілуін біршама жақсартуға және негізгі азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфляциялық процестерді тежеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– азық-түлік тауарларын өндіру бойынша жаңа қуаттылықтарды пайдалануға беруді қамтамасыз ету және өңдеуші саласының бұрын пайдалануға енгізілген нысандарын жобалық қуаттылыққа шығару;
– жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін молайтудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты өткізу.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Елбасы 2050 жылға дейін Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту еліміз үшін экономикалық нарықта стратегиялық басымдылық бағыттары болып табылатынын және ішкі жалпы өнімнің көлемін 50 пайызға жеткізу қажеттілігін атап көрсетті.
Өткен кезеңде кәсіпкерлікті қолдау үшін бұрын болмаған теңдессіз шаралар қабылданып, ол өз кезегінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қосымша серпін берді. Сонымен, есептік кезеңде облыста тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 10% өсіп, 63,9 мың бірлікті, оның ішінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 39,6 мың бірлікті құрады, олардың шығарған өнімінің көлемі 400 млрд. теңгеге жетті.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық және басқа да бюджеттік төлемдер 124,0 млрд. теңгені құрады және ол 2013 жылмен салыстырғанда 7,5% жоғары.
Жергілікті атқарушы органдар «Бизнестің жол картасы — 2020», «Моноқалаларды дамыту», «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020», «Агробизнес — 2020» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікті кең көлемде қолдау қарастырылып, белсенді жұмыстар жүргізуде.
2014 жылдың басынан бері облыстың «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын дамытуға 4,7 млрд. теңге бөлініп, олар мына салаларға бағытталды:
– пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға — 1,4 млрд. теңге;
– ШОБ несиелерін кепілдендіруге — 51,0 млн. теңге;
– бизнесті сервистік қолдауға — 69,6 млн. теңге;
– гранттарды табыс ету — 14,0 млн. теңге;
– бизнес объектілеріне қажетті инфрақұрылымды жеткізуге — 3,2 млрд. теңге.
2014 жылы 10,0 млрд. теңге көлемінде облыста жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 162 өтінімі мақұлданды.
Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Cонымен, бүгінгі күні облыста екінші деңгейлі банктің 23 филиалы, 40-тан аса МКҰ, өңірлік технопарк және ӘКК, КҚО, КДО, ӨКП, «Даму» ҚДК» АҚ АФ жанынан кәсіпкерлікті қолдау мобильдік орталығы құрылды.
ШОБ ауқымды мөлшерін мемлекеттік қолдау құралдарымен, соның ішінде жетекші кәсіпкерлерді қамту мақсатында, ағымдағы жылы облыс аудандарында өз бизнесін ашу және дамыту үшін кәсіпкерлерге қызметтің толық ауқымын көрсететін кәсіпкерлер палатасының өкілдіктері мен «Даму» КДҚ кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды.
Кәсіпкерлікті жаңадан бастаушыларға қажетті жағдайларды туғызу мақсатында облыстың аудан орталықтарында бизнес-инкубаторлар ашу ісі қолға алына бастады. Онда кәсіпкерлікпен шұғылданушыларға кәсіптерінің алғашқы кезеңінде жеңілдікпен ғимараттан орындар беріліп, техникалық және консультациялық қызметтер ұсынылады.
Бүгінгі таңда облыстың Ойыл, Мәртөк және Ырғыз аудандарында бизнес-инкубаторлар жұмыс жасайды, 2014 жылы Алға ауданында бизнес-инкубатор ашылды.
Инвесторларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай бизнес-инфрақұрылымын құру, сонымен қатар рұқсат құжаттарын қарау және алу мерзімдерін қысқарту мақсатында үстіміздегі жылы Ақтөбе қаласында Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру жоспарланып отыр. Бұл орталықта қаржы орталықтары мен рұқсат құжаттарын беретін мемлекеттік мекемелердің өкілдері орналастырылып, кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша консультациялық қызметтер көрсетілмекші.
Осылайша, құрылғалы отырған орталық облыста кейбір әкімшілік кедергілерді жойып, кәсіпкерлікті дамыту белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Облыста бизнес-жағдайды жақсарту үшін 2014 жылы облыс әкімдігі Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасы және «Даму» КДҚ» АҚ АФ-мен облыста кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша бірқатар меморандумға қол қойды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 40 мың бірлікке жеткізу;
– белсенді субъектілерде жұмыс жасайтындардың санын 140,0 мың адамға дейін өсіру;
– шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз ету;
– «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыру.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Бүгінгі таңда облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ауқымды түрде жаңғырту — шешілуі тиіс негізгі мақсаттардың бірі.
«Ақбұлақ», «2011-2020 жылдарға арналған ТҰКШ жаңғырту» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында облыс тұтынушыларына сапалы коммуналдық қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда.

ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Есеп беріліп отырған жылдың ішінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында облыс орталығының жылу желілерін жаңғырту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.
2014 жылы 312-атқыштар дивизиясы даңғылындағы ұзындығы 11,0 км жылу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының 11 және 12-шағын аудандарында ұзындығы 6,2 шақырым жылу желісі толығымен жаңғыртылды. Қарғалы ауданының орталығы Бадамша селосының орталық және кіші қазандықтары қайта жаңғыртылды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстың үш шағын қаласы — Алға, Шалқар, Қандыағаш қалаларының жылумен қамту жүйелері, соның ішінде Алға, Шалқар қалаларының орталық жылыту қазандықтары қайта жаңғыртылды, Шалқар қаласында 15,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Қандыағаш қаласында ұзындығы 20 шақырымнан асатын жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталып, үстіміздегі жылы бұл жұмыстар толығымен аяқталынатын болады.
2011 жылдан бастап, 90 көппәтерлі тұрғын үйге терможаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2014 жылы 34 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Ақтөбе қаласында – 15, Алға ауданында – 6, Мұғалжар ауданында – 4, Темір ауданында – 2 және Хромтау ауданында – 7 үй).
Бұдан басқа, Ақтөбе қаласында кері қайтарылатын 122,4 млн. теңге қаражаттың есебінен 7 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– жылумен қамту нысандарын қайта құру және жаңғырту жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.
– республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда Ақтөбе қаласының 20 көппәтерлі тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

«АҚБҰЛАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Облыс халқын сапалы ауызсумен қамту жұмыстары жалғасын табуда, өткен жылдың басында халықты сапалы сумен қамту 90,5% құрады. Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың 92,0%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп отыр.
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы сумен жабдықтаудың 20 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде құны 5,3 млрд. теңге болатын 355,7 шақырым сумен жабдықтау желілерінің құрылысы және қайта құру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 13 ауылдық елді мекенде 273,4 шақырым су желісі тартылды (Алға ауданы Маржанбұлақ, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл, Жарлы, Әйтеке би ауданы Жамбыл, Мәртөк ауданы Хлебодар, Қаратаусай, Ырғыз ауданы Жайсаңбай, Қалыбай, Құйылыс, Құмтоғай, Темір ауданы Сарыкөл, Шұбаршы, Хромтау ауданы Қызылсу елді мекендері). Ақтөбе, Қандыағаш және Темір қалаларында 82,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы 7 кәріз желісін қайта құру мақсатында бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.
Темір ауданы Кенкияқ, Шұбарқұдық, Хромтау ауданы Никельтау елді мекендерінің кәріз желілерін, Ақтөбе қаласының сорғы стансалары мен арынды коллекторлары қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, Мұғалжар ауданы Жем және Ембі қалаларының биологиялық тазарту және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыс-тар жалғасуда.

2015 жылға арналған міндеттер:
– «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы есебінен облыстың елді мекендерінде сумен қамту және кәріз желілерін қайта құру.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Елді мекендерді газдандыру халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін тиімді жағдай жасаудағы басты мәселелердің бірі болып табылады.
2014 жылдың басында облыстағы 380 елді мекеннің 93-і немесе 24,5% газдандырылды, облыстың жалпы халық саны бойынша 632,3 мың адам немесе 80% газбен қамтылған.
2012 жылы шағын қалаларды газбен толық қамту бойынша жұмыстар толықтай аяқталды. Келесі кезекте жоспар бойынша аудан орталықтарын 100% газдандыру, бұл бағыттағы жұмыстарды 2016 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, тірек елді мекендер газдандырылуда.
2014 жылы Алға ауданы Маржанбұлақ, Бесқоспа, Қайыңдысай, Қобда ауданы Талдысай, Әлия, Бестау, Қобда, Қарғалы ауданы Степное, Бородиновка, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ, Байғанин ауданы Қарауылкелді, Мәртөк ауданы Родниковка және Ақтөбе қаласына қарасты Өлке ауылдары газдандырылды.
Жалпы алғанда газбен қамту нысандарына 6,2 млрд. теңге бөлінді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде газбен қамтылған халық саны көбейіп, облыс халқының 83 %-ын құрап отыр (679,6 мың адам).
2015 жылы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылына газ құбыры жеткізілетін болады, сондай-ақ, Алға ауданының Қарақұдық ауылын газдандыру жұмыстары да толық аяқталмақшы.

2015 жылға арналған міндеттер:
Ырғыз, Ойыл ауданы орталықтарына және Мәртөк ауданы Жайсаң ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын жалғастыру.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі факторларының бірі заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады.
Есебі беріліп отырған жылдың ішінде бұл мақсат үшін 15,9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық маңызы бар трассалармен қатар облыстың автокөлік жолдарын жөндеу, қайта құру және күтіп ұстау жұмыстары да бар.
Бүгінгі таңда, жалпы ұзындығы 684 шақырымды құрайтын Самара-Шымкент (БҚО шекарасынан Қызылорда шекарасына дейін) трассасын қайта жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталды.
Өз кезегінде, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, ауылдық елді мекендер мен Ақтөбе қаласы көшелерінің көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,6 млрд. теңге бөлінген.
Рельс-арқалық зауыты маңында жол өтпесінің құрылысы аяқталды, Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі, Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті және «Ақтөбе қаласын оңтүстік айналма жолын» қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.
Хромтау моноқаласында ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 18 көше қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 318,0 млн. теңге бөлінген, 2015 жылы осы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.
Мұғалжар ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында ұзындығы 5,2 шақырым құрайтын 2 көше жөнделді.
Алға, Әйтеке би, Қобда, Байғанин, Шалқар және Мұғалжар аудандарында елді мекендердегі көшелерді түбегейлі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржыға облыстың ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларында 20-дан астам көшеде жөндеу жұмыстары жасалды.
Облыс орталығының жол желісін дамытуға айрықша назар аударылып отыр.
2014 жылы Ақтөбе қаласында 20 көшеде жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.
2015 жылға арналған міндеттер:
– 2015 жылы автокөлік жолдарын жөндеуге және қайта жаңартуға бөлінген қаржыны толық көлемде игеру;
– Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында Ақтөбе-Атырау автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын дайындауды жалғастыру;
– Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұз-Төбе автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру;
– «Ырғыз селосына кіреберіс» автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
Облыс әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.
2014 жылы 476,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл — 4,0 мың жаңа пәтер деген сөз. Бұл жұмыстар үшін 5,3 млрд. теңге игерілді, оның ішінде:
– «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жалпы алаңы 64,78 мың шаршы метр төрт тұрғын үйі пайдалануға беріліп, 726 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді;
– Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» тұрғын кешенінде жас отбасылар үшін жалпы алаңы 19,04 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріліп, 216 жас отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
– Кезекте тұрған жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №15 кредиттік тұрғын үйге жанасқан жалпы алаңы 10,25 мың шаршы метр 127 коммуналдық пәтер мен Хромтау қаласында 24 пәтер пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, әкімдікте кезекте тұрғандар үшін жалпы алаңы 19,28 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни Алға, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл және Хромтау аудандарында 8, 2 және 1 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлер және Ақтөбе қаласында 216 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, 268 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Есебі беріліп отырған кезеңнің ішінде 353,8 км инженерлік желілер пайдалануға берілді, оның ішінде: электрмен жабдықтау желісі – 78,3 км, сумен жабдықтау желісі – 234,2 км, кәріз желісі – 0,5 км және газбен жабдықтау желісі – 40,8 км. Бұл мақсаттарға 4,3 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 466,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, оның ішінде 108,8 мың шаршы метр бюджеттік тұрғын үй және 357,8 мың шаршы метр жеке және коммерциялық тұрғын үйлер;
– «Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасының шеңберінде үстіміздегі жылға жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру – «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 3 несиелік тұрғын үйдің, Ақтөбе қаласы, Байғанин, Қарғалы және Хромтау аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің және Ақтөбе қаласындағы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, мұның нәтижесінде 1025 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілмекші;
– «Қазақстандық Ипотекалық Компания» акционерлік қоғамы арқылы жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында екі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын бастап, 2016 жылы жалпы алаңы 28,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру;
– жоспардағы тұрғын үй нысандарын орналастыру үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны игеру.
ҚАРЖЫ
2014 жылы облыс бюджеті кірістер бойынша 106,8 % орындалды, яғни, болжанған 81,9 млрд. теңгенің орнына, нақты түсім 87,5 млрд. теңгені құрады.
Облыс бюджетінің шығыстары 178,6 млрд.теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды: білім беруге — 54,8 млрд. теңге (шығыстардың жалпы көлемінің 30,7%-ы), денсаулық сақтауға – 23,1 млрд. теңге (12,9%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,3 млрд. теңге 3 %), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік үшін – 9,6 млрд. теңге (5,3 %) және т.б.

2015 жылға арналған міндеттер:
– салықтық түсімдер мен бюджетке жасалатын басқа да салықтық емес төлемдердің болжанған мөлшерде орындалуын қамтамасыз ету;
– облыс бюджетінің барынша тиімді және ашық түрде орындалуын қамтамасыз ету.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Ақтөбе облысы бойынша есебі беріліп отырған жылдың ішінде денсаулық сақтауға жұмсалған қаражат мөлшері 30,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсетуге 27,8 млрд. теңге жұмсалды.
Мемлекеттік «350 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік пункттер және 50 емхана құрылысы» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде 10 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, бұл жұмыстарға барлығы 172,0 млн. теңге көлемінде қаражат жұмсалды. 138 жұмыс орны ашылды.
16 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бюджеттен бөлінген 375,7 млн. теңге қаржы толық игерілді.
Есебі беріліп отырған жылдың ішінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтар сатып алынып (өздігінен жүретін стоматологиялық комплекс, компьютерлік томограф, заманауи эндоскопиялық және кардиохирургиялық құрал-жабдықтар, 13 санитарлық көлік жөне т.б.), олардың ресурстық қоры едәуір жаңғыртылды.
«Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар кадрлар тапшылығының 38,9% азаюына ықпал етті.
Басқару технологиясын жетілдіру мен медициналық көмекті ұйымдастыру медициналық-демографиялық тенденцияларға оң әсер етіп, тұрғындардың денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына себепкер болды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, облыста оң демографиялық ахуал қалыптасып, тұрғындардың туу көрсеткіші артып, халықтың табиғи өсімі көтерілді, өлім-жітім көрсеткіші едәуір төмендеді.
Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 23,7-ден 24,1-ге көтерілді, өткен жылы 19784 бала дүниеге келді (2013ж. – 18887 бала).
Жалпы өлім-жітімнің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1-ден 6,8-ге дейін төмендеді, нәтижесінде тұрғындардың табиғи өсімі 4,1%-ға өсті (16,60-ден -17,29-ге).
2014 жылдың қорытындысы бойынша, ана мен бала өлімі оң динамикаға ие. Ана өлімі 68,3% төмендеп, 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 5,5 (2013ж.-17,4). Нәрестелер өлімі көрсеткіші 18,8% төмендеді (2014ж.–9,46%, 2013ж.-11,66%).
Әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім саны төмендеуде. Қан жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім саны 16,1% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 142,2 құрады (2013 ж.-169,4). Қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім саны 32,5 % төмендеп, 69,3 құрады (2013 ж.–102,6).
Туберкулезбен ауру өткен жылдың қорытындысы бойынша 4% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 69,0 құрайды (2013 ж.–71,9). Туберкулез бойынша өлім-жітім саны 10,2% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 4,4 құрады (2013 ж. – 4,9).
2014 жылдың қорытындысы бойынша, жарақаттану 100 мың адамға шаққанда 4,6% азайып, 2726,2-ні құрады (2013 ж.-2856,6).
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аймақта жоғары технологияны дамытты, соның арқасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі аймағымыз бойынша өсті. 2014 жылы облысымызда 464 түрлі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Есебі беріліп отырған жылдың ішінде облысымызда интервенциондық кардиохирургиялық араласумен 1577 ота жасалды, 411 стенттеу, 26 имплантациялық электрокардиостимулятор отасы жасалды. Жүрекке ашық түрде 122 ота жасалды, оның ішінде балаларға жасалған ота саны– 31.
2014 жылы қараша айында батыс аймағында бірінші рет созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын екі науқасқа бүйректің трансплантациясы жасалды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– тұрғындардың денсаулығын сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша секторлар мен ведомствоаралық өзара әрекетті үйлестіру арқылы халықтың денсаулығын жақсарта түсу;
– алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге басым бағыт бере отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
– инновациялық технологияларды енгізе отырып, халықтың медициналық көмектің жоғарғы технологиялық түрлеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;
– емдеу-алдын алу мекемелерінде материалдық және интеллектуалдық ресурстарды жекеленген аурулар бойынша шоғырландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру — маммологиялық, гастроэнтерологиялық, офтальмологиялық және ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу;
– салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын алу мәселелері бойынша халықты ынталандырып, ақпараттануын арттыру.

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ
Соңғы жылдар ішінде Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпта.
Есепті кезеңде 27 нозология бойынша жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, жұқпалы аурулар нозологиясы 19-ға төмендеді.
Жалпы облыс көлемінде егумен қамту оптимальдық деңгейі — 99,1%. Тұмауға қарсы 77,1 мың адам егілді немесе барлық тұрғындар санынан 9,6%-ы қамтылды (2013 жылы 9,3%).
Жергілікті бюджеттен бөлінген 77,3 млрд. теңге қаражатқа «А» вирусты гепатитке қарсы вакцина сатып алынды. Иммунизациялау мақсатында 2012 жылы туған 16,4 мың балалар егілді.
Карантиндік және аса қауіпті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ақтөбе облысы аймағына сырттан келген аурулар тіркелмеген. Обаға қарсы 10424 адам егілді немесе вакцинациялауға тиісті халықтың 94,8%-ы қамтылды.
Қобда және Ойыл аудандарының туляремия табиғи ошақтарында орналасқан 21 елді мекендерінде жоспарлы түрде дератизация және дезинсекциялық шаралар жүргізілді.
Балаларды сауықтыру және иммунитетін көтеру үшін 12 ауданда және Ақтөбе қаласында 462 орынға арналған тәулік бойы күн тәртібімен жұмыс жасайтын санаториялық топтар жұмыс жасайды, 2014 жылы 1063 бала сауықтырылды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– облыстың санитарлық–эпидемиологиялық жағдайын мониторинг және профилактикалық шараларды уақтылы жүргізу, тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау;
– тұтынушылардың құқығын қорғау заңдылығын бұзушыларға сәйкес жауапкершілікті шараларды қолданумен қатар, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңдылықтың сақталуына бақылау жүргізу.
БІЛІМ БЕРУ
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында «Нұр Отан» партиясының сайлауалды платформасының негізгі көрсеткіші үш жылдың ішінде индикаторы апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқарту екенін атап өтті.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 2321 орынға 18 мектепке дейінгі мекеме ашылды, оның ішінде 2300 орынға 16 балабақша, 21 орынға 2 шағын орталық.
Сонымен қатар, қызмет жасап тұрған мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 120 орын ашылды.
Облыс бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту — 64,4% (2013 ж – 61,3%), 3-тен 6 жас аралығында 87% құрады (2013 ж – 83,5%).
Дегенмен балабақшалардағы орын тапшылығы әлі де болса орын алып отыр, 1-6 жасар 34 мың балаға орын қажеттілігі бар, оның ішінде 28,0 мыңнан астам бала Ақтөбе қаласында.
Осы мәселені шешу үшін 2015 жылы 2470 орынға 17 мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспарлануда, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жаңа балабақша құрылысын салу, жеке балабақшалар мен шағын орталықтар ашу.
Жалпы орта білім. Оқушы саны 4,0 мың балаға көбейіп, 119,0 мыңнан астам оқушы санын құрады. 2014 жылы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 16 білім беру нысанының, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 7 нысанның құрылысы жүргізілді. 2014 жылы 5 мектеп іске қосылды, оның ішінде үш ауысымда оқытуды жою үшін 3 мектеп, 2 мектеп апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынды. Бұл проблемалық мәселелер 2017 жылға дейін шешімін табады. Жалпы құны 2532,9 млн. теңгеге 69 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 45 мектеп, 5 қосымша білім орталығы және 7 колледж.
2014 жылы жаңа нұсқадағы 46 химия кабинеті сатып алынды. Қазіргі таңда пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу 57,3% құрады.
Соңғы үш жыл көлемінде Ақтөбе облысының ҰБТ нәтижесі айтарлықтай жақсарғандығын атап өтуге болады. Республика бойынша 2014 жылы ҰБТ қорытындысында Ақтөбе облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі 3-орынды иеленді. Халықаралық олимпиадаларда облыстың дарынды балалары түрлі дәрежедегі 52 медальға қол жеткізді.
Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі — даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе, балаларға көмек беру болып табылады, облыста мұндай балалар саны – 5169. «Дара» жеке қорымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Ақтөбе қаласында психологиялық-педагогикалық түзетілім кабинеті ашылды. Бұл жерде балаларға заманауи түзетілімді қолдау үшін барлық жағдай жасалған.
Соңғы 2 жыл ішінде осындай 5 кабинет жұмыс жасай бастады. Есту қабілеті шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары 2014 жылдан бастап, сол жерде кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп-интернат, мектеп-интернат-колледж болып қайта құрылды.
Техникалық-кәсіби білім. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерде 12482 оқушы оқиды, ол барлық контингенттің 37%-ын құрайды. Кадрларды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 56,1%-ын — техникалық және технологиялық, 19,8%-ын — ауыл шаруашылығы, 7,3%-ын — медициналық мамандықтар, 6,0%-ын — білім беру және басқалары 10,8% құрады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жастардың 79,0%-ы жұмысқа орналасқан.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарын тәуелсіз бағалаулардың қорытындысы бойынша бітірушілердің білім сапасының 86,2%-ы кәсіби деңгейін дәлелдеді. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы республикада алғашқы бестіктегі облыстардың қатарында.
Ауылшаруашылық, металлургиялық, транспорттық, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және тау-кен салалары бойынша облыстың алдыңғы қатардағы 6 колледжінде дуальды оқыту енгізілді.

2015 жылға тапсырмалар:
– апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымды оқыту және мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселелерін шешу жұмыстарын жалғастыру;
– мектептегі білім сапасына халықаралық мониторингтік зерттеу нәтижесін жақсарту арқылы білім беру сапасын арттыру;
– техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында дуальдық жүйені енгізу бағытындағы жұмысты жалғастыру және бұл жұмыстарға облыстың өндірістік кәсіпорындарын (әлеуметтік әріптестер) жұмылдыру.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Есепті жылы облыста 15725 жаңа және 1096 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, 10506 азаматты жұмысқа орналастыруға ықпал етілді, 4506 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді, Жастар тәжірибесіне 615 адам жіберілді.

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ
«Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд. теңге бөлініп игерілді, 8369 жұмыссыздарға, өз-өзін жұмыспен қамтығандар мен аз қамтылғандарды жұмысқа орналастыруға осы бағдарлама аясында ықпал жасалды.
«Жұмыспен қамту — 2020 жол картасының» бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына (72 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу) 3,3 млрд. теңге бөлінді.
«Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша 686,3 млн. теңге бөлінді. 173 бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлік негіздері бойынша оқытылды.
382 бағдарлама қатысушысына сомасы 654,2 млн. теңгеге шағын несие берілді (қайтарылған қаражат есебінен). Шағын несие алғандар қосымша 602 жұмыс орындарын құрып, онда Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 336 адам жұмысқа орналастырылды.
Жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 172,0 млн. теңге қаражат бөлінді, оның 167,6 млн. теңгесі игерілді. «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасының» үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» шеңберінде ағымдағы жылы 734,2 млн. теңге бөлініп, 100,0% игерілді.
Облыстың еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту үшін 2014 жылы 351,6 млн. теңге бөлініп, игерілді. Кәсіптік оқытуды аяқтаған 889 бағдарламаға қатысушының (бұрынғы жіберілгендерді қоса есептегенде) 818-і жұмысқа орналастырылды немесе 92,0%.
Жұмыс берушілердің сұраныстары бойынша 1417 адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етіліп, 199,9 млн. теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына алынған 1700 адамның 1345-і тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.
Жастар іс-тәжірибесінің жоспары бойынша 975 адамның орнына нақты 1165 оқу орнын аяқтаған жұмыссыз жастар жіберілді (жылдық жоспардың 119,5%-ы). Жастар тәжірибесін аяқтаған 1359 адамның 1003-і немесе 73,8%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету картасына сәйкес, 2014 жылы 1008 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған еді. Нақты 1045 мүгедек жұмысқа орналасты, ол жоспардың 103,7 %-ын құрады.
Облыста есепті кезеңде 89 бос жұмыс орны үшін жәрмеңкелер өткізілді, соның ішінде 48-і мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін. Жалпы өткізілген 89 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 1892 адам бос орындарға жұмысқа орналасты, 452 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 453 адам әлеуметтік жұмыс орындарына алынды, 295 адам Жастар тәжірибесіне, 44 адам кәсіби даярлауға жіберілді.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыстағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 881 адамды құрады, 2013 жылға қарағанда 4,2 % төмен.
Экономикалық белсенді халықтың саны бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 % құрады.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының санына шаққанда аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,03 % құрады.
77 отбасын құрайтын 322 аз қамтылған азаматқа 8,2 млн. теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Облыс бойынша 3637 отбасына берілген тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 55,5 млн. теңгені құрады.
Табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 6376 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 17816 балаға 280,4 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.
2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 19656 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 2315 жуық адам 16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар.
2014 жылы мүгедектерді жеке оңалту бағдарламаларымен 6219 мүгедек 261,4 млн. теңгеге кресло-арбалармен, сурдотифлотехникамен, протездеумен, санаториялық-курорттық емдеумен, гигиеналық жабдықтармен және ымдау тілі мен жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілді.
2012 – 2018 жылдарға арналған мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды кедергісіз ортамен қамтамасыз ету үшін облыста 702 нысан бейімдеуге жатады. 2014 жылы 66 нысанды 44,7 млн. теңгеге бейімдеуден өткізу жоспарланып, 100% орындалды.
Ақтөбе облысы бойынша аз қамтылғандардың өмір сүру деңгейін көтеру және әлсіз топтар қатарындағы азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында азық-түлік және коммуналдық тарифтер бағаларының өсуіне байланысты, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес жергілікті бюджеттерден оларға қосымша әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
94621 азаматқа 2,0 млрд. теңге көлемінде қосымша төлемдер және жеңілдіктер төленді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер тарапынан 97,5 млн. теңге көлемінде қайырымдылық акциялары мен демеушілік көмектер көрсетілді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– мақсатты топтардағы азаматтарды құрылыс және қайта жаңғыртуда 10 %-дан кем емес жұмыс орындары мен ағымдағы және объектілерді күрделі жөндеуде 15 %-дан кем емес жұмыс орындарына жұмысқа орна-ластыру;
– мақсатты топтарға жататын азаматтарды қоғамдық ақылы жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар тәжірибесіне бағыттау;
– табыстары күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін азайтуды қамтамасыз ету;
– мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жоспарға сәйкес нысандарды бейімдеуді жалғастыру.

МӘДЕНИЕТ
Мәдениет және мұрағат саласын ұстауға және дамытуға барлығы 3,5 млрд. теңге (2013 жылы – 3,3 млрд. теңге) жұмсалды. Оның 160,9 млн. теңгесі саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 153,6 млн. теңгесі мәдениет нысандарын салуға және қайта жаңғыртуға бағытталды. «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» аясында 10 мәдениет нысанына 274,8 млн. теңгеге күрделі жөндеу өткізілді. Есепті жылы Әйтеке би ауданында Әбілқайыр хан мемориалды кешені құрылысына 115,0 млн. теңге, Алға ауданы Есет батыр мемориалдық кешенін қайта жаңғырту мен абаттандыруға 29,2 млн. теңге бағытталды.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ ЖЕЛІЛЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІ, МЛРД. ТЕҢГЕ
Қызылорда облысында Ақтөбе облысының, ал Ақтөбе облысында Қызылорда облысының мәдениет күндері өткізілді.
Ресей Федерациясы шекаралас аймақтарымен және алыс, жақын шетелдермен мәдени халықаралық байланыс кеңейіп келеді. Шығармашылық ұжымдар Ресейдің (Санкт-Петербург, Сочи, Орынбор, Қорған, Набережные Челны), сонымен қатар, Түркия, Дағыстан, Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай) мемлекеттеріндегі фестивальдер мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып қайтты.
Облыс кітапханаларының кітап қоры былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,0 мың данаға көбейді. Облыс музейлеріндегі барлық экспонаттардың саны 167958 дананы құрады.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында Қобда ауданындағы Абат-Байтақ кесенесін, Алға ауданындағы Есет Көкіұлы мемориалдық кешенін жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Облыстағы тарихи-мәдени мұраларды жүйелеу мақсатында Темір, Қарғалы, Мәртөк аудандарының, Ақтөбе қаласының және маңындағы ауылдық округтердің ескерткіштерін есепке алу және паспорттау жұмыстары жүргізілді. «Мәдени мұра» аясында есепті жылы облыстық бюджеттен 169,0 млн. теңге бөлініп игерілді.

2015 жылға арналған міндеттер:
– мәдениет және өнер мекемелерінің материалдық базаларын нығайтып, жабдықтау мен жарақтандыру, кітапханалар жүйесін модельдендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– Әйтеке би ауданындағы «Хан моласы» қорымында Әбілқайыр ханның мемориалдық кешенін және Толыбай селосында музей құрылысын аяқтау;
– Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын, Қазақ хандығының 550, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығын, ҚР Конституциясының 20, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың 90 жылдықтарын мерекелеуге арналған кешенді мәдени шараларды жоғары дәрежеде ұйымдастыру;
– облыстың мұрағат мекемелерінде ұлттық мұрағат қорын сапалы толықтыру жұмыстарын жалғастыру.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ
Зерттеу қорытындыларына сәйкес, 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі 92,5%, үш тілді меңгергендер 6,3% құрап отыр. Тұрғындардың қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі көрсеткіштері республикалық көрсеткіштерден жоғары.
Мемлекеттік тілді үйрету курстарына қатысқандар саны – 1280 адам.
Этностық топтардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды: этномәдени бірлестіктердің 6 жексенбілік мектебі /украин, неміс, кәріс, шешен, татар-башқұрт, әзірбайжан/ ана тілін және мемлекеттік тілді үйретуде. 2014 жылы барлығы 398 адам қамтылды.
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу белсенділікпен іске асырылып келеді. Мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі құжат айналымының үлес салмағы 98 % құрады.
Мемлекеттік тілдің коммуникативтік қолдану деңгейі артуда: бұқаралық ақпарат құралдары контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың үлесі — 58,2 %.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Облыс тұрғындарын тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы облыс тұрғындарының 25,9 пайызы жаппай спортпен айналысатындарды құрады.
Жыл облыс спортшылары үшін сәтті өтті. Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қазақстандық спортшылар сапында ел намысын ақтөбелік спортшылар да қорғады.
Андрей Ақтауов 55 келі салмақ дәрежесінде каратэ-до-дан жеңімпаз атанды, Ринат Сағандықов 67 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Айгүл Байқұлова мен Александр Тарабрин алғашқы бестіктен көрінді. Есет Қуанов (самбо), Лейла Қоныспаева (самбо) Әлем және Азия чемпионы жүлдегері атанды. Нұрбол Қалжанов бокстан студенттер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
«Намыс» спорт клубы қол добынан 3 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы атанды, футболдан Қазақстанның бес дүркін жеңімпазы «Ақтөбе» футбол клубы күміс жүлдегер атанды, Қазақстан Республикасы V Халық спорты ойындары қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы жалпы командалық есепте ІІІ орыннан көрінді.
Есепті мерзімде 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 35 спорт шебері дайындалып, 122 адам спорт шеберлігіне үміткер атанды, 152 адам бірінші разряд нормативтерін орындады.
Дене шынықтыру және спорт саласын облыс бюджетінен қаржыландыру жыл сайын ұлғаюда. 2013 жылы спорт саласына 4378,9 млн. теңге қарастырылса, 2014 жылы 6628,6 млн теңге бөлінді.
2014 жылы 303,5 млн. теңгеге спорт жабдықтары алынды. Спорт инфрақұрылымы дамуда.
Ойыл, Байғанин және Қобда аудандарындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жасанды төсеніші бар футбол алаңдары пайдалануға беріліп, бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебі, жүзуден олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі, «Жастар» облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілді.
Шалқар, Алға аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сондай-ақ, Ақтөбе қаласында Қарғалы ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылға арналған міндеттер:
– Шалқар және Алға аудандарындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, Қарғалы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі құрылысының жұмыстарын аяқтау;
– дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын тұрғындарды қамту көрсеткішін жақсарту.

ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Көкжиде жерасты сулары бірегей кен орнын сақтап қалу мақсатында оның экологиялық жағдайына, жерасты және жерүсті суларына мониторинг жүргізіліп келеді.
«Ембі, Сағыз, Темір және олардың салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері» жобасына сәйкес, 7826 белгі орнату жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті маңызға ие «Озерный» қаумалын құрудың табиғи-ғылыми негіздемесі әзірленіп, жобаға тиісті оң қорытындылар алынды.
Ақтөбе қаласы бойынша ауа атмосферасының сапасын жақсарту жұмысын жүйеге келтіру мақсатында 2014-2016 жылдарға арналған жоспар бекітілді.
Табиғатты қорғау бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық жасыл аймағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
213 га алқаптағы жарамсыз және қураған ағаштар кесіліп, 210 га орман алқабына бағалы ағаштар отырғызылды.
Шалқар және Темір аудандарындағы жылжымалы құмдарды тоқтату мақсатында 21 га жерге сексеуіл отырғызылды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– Санитарлық-қорғаныштық жасыл аймақты қайта құру жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру;
– Жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жасалатын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған төлемдердің облыстық бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ
2014 жылы облысымыздың жалпы ауданы 8740,7 мың га ауыл шаруашылығы алқап түрлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, жалпы алаңы 112,7 мың га 185 жер учаскесінің мақсаты бойынша пайдаланбайтындығы анықталды.
Пайдаланбайтындығы анықталған ауданы 66,2 мың га 145 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып, қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.
2015 жылға арналған міндеттер:
– Ауыл шаруашылығына және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелерін пайдаланбайтын немесе заңбұзушылықпен пайдаланатындарды анықтап, мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстарды жал-ғастыру;
– Жер қойнауын пайдалану барысында бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
– Жер қатынастары саласындағы заң нормаларының сақталуы бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұ-мыстарын жүргізу.

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
2014 жылы Хромтау қаласының бас жоспары бекітілді. Ырғыз ауылының бас жоспарына түзетулер енгізілді.
Шалқар ауданының 3 тіректі ауылдық елді мекенінің (Бегімбет ауылы, Бозой ауылы, Мөңке би ауылы), Ақтөбе қаласының 5 тұрғын массивтерінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
11 елді мекеннің бас жоспарлары жасалды, соның ішінде 3 қаланың бас жоспарлары әзірленді (Жем қаласы, Темір қаласы, Шалқар қаласы).
2 тіректі ауылдың бас жоспарлары келісілу кезеңінен өтуде (Байғанин ауданының Жарқамыс және Жарлы ауылдары).
Ақтөбе облысы аймағының сәулет қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу жүргізілуде. Тіректі елді мекендер мен шекара аймағында орналасқан және Ақтөбе агломерациясына енген 29 ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу басталды.

2015 жылға арналған міндеттер:
– 4 қаланың бас жоспарларын бекіту: Ақтөбе, Шалқар, Темір, Жем қалалары, 2 ауыл — Байғанин ауданы Жарқамыс ауылы және Жарлы ауылы;
– 29 ауылдық елді мекеннің бас жоспарларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– Ақтөбе агломерациясына енген елді мекендердің, тірек және шекаралық елді мекендердің бас жоспарларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– Ақтөбе облысы аумағындағы қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын әзірлеу бойынша жұмыстарды жалғастыру.

ТАРИФТІК САЯСАТ
Аймақта жүргізіліп отырған тарифтік саясат реттелетін секторлардың тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және сол арқылы дамытуды ынталандыруға, инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға, энергоүнемдеу мен ресурсты үнемдеу мәселелерін шешуге бағытталған.
Аймақта коммуналдық салада сумен қамтудың 27 кәсіпорны, кәріз жүйесі су бұру бойынша 14 және жылумен қамтудың 15 кәсіпорны қызмет көрсетеді. Соның ішінде ең ірілері «Ақбұлақ» АҚ мен «Трансэнерго» АҚ болып табылады.
«Ақбұлақ» АҚ желілерінде нормативтік ысыраптар, негізгі құралдардың табиғи тозуының деңгейі төмендетілді.
Су ұңғымаларының өнімділігі арттырылды, су айдаудың технологиялық режимдері оңтайландырылды.
«Трансэнерго» АҚ жылу желілерінде ысыраптар 18,67 пайыздан 18,62 пайызға дейін төмендетілді. Негізгі құралдардың табиғи тозуының деңгейі 68,7 пайыздан 68,5 пайызға төмендетілді.
Ағымдағы жылы табиғи монополия субъектілерінің капиталдық салымдарының жалпы сомасы 2617,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде: «Энергосистема» ЖШС – 867,8 млн. теңге, «Ақбұлақ» АҚ – 865,2 млн. теңге, «Трансэнерго» АҚ – 291,8 млн. теңге, «Ақтөбе ТЭЦ» АҚ – 233,7 млн. теңге, басқа да субъектілер бойынша – 358,6 млн. теңге.
Электроэнергиясы мен суды үнемді тұтыну мәселесін шешу үшін аймақта сараланған тарифтер енгізілді. Облыста жеке тұлғалар үшін электроэнергиясы мен су үшін оны тұтыну көлеміне байланысты сараланған үш деңгейлі және сәйкесінше екі деңгейлі тарифтері енгізілді.
Электроэнергиясына тәулік зоналары мен тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді қолдану нәтижесіндегі үнемдеу 48,6 млн. теңге шамасында құрады.
Активтерді жаңғыртуға инвестицияны өсіруді қамтамасыз ету мақсатында «Энергосистема» ЖШС үшін ұзақ мерзімдік кезеңге 2015-2019 жылдарға 6,5 млрд. теңге сомасына инвестициялық бағдарлама бекітілді.
Ағымдағы жылы барлық базалық субъектілер тарифтерінің қолданысын орташа мерзімдік кезеңінен ұзақ мерзімдік кезеңге өтуі бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Ел Президенті жыл сайынғы Жолдауында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға және электрондық үкіметтің дамуына үлкен назар аударуда.
Мемлекеттік қызмет түрлерінің көбеюіне байланысты олардың саны да артуда. Егер 2013 жылы облыстың жергілікті атқарушы органдары тарапынан 1 454 462 қызмет көрсетілсе, ал 2014 жылы бұл сан 2 125 056-ға дейін көбейді.
Электрондық түрде көрсетілетін қызметтер саны 2013 жылмен салыстырғанда 2 есе көбейді (2014 – 31 243 (50,5 %), 2013 – 13 862 (13,8 %).
2013 жылмен салыстырғанда электрондық түрде берілген лицензия мен рұқсат құжаттарының саны 16 есе көбейді (2013 – 127 лицензия).
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 63 675 қызмет көрсетілді.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы 382 семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар өткізілді.
2015 жылға арналған міндеттер:
– электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын көбейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін көбейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
– мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Облыс әкімдігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесін нығайту және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау бойынша бірқатар жұмыс жүргізді.
Облыста заңбұзушылықтың алдын алу бойынша Ведомствоаралық комиссия қызмет етеді. Олардың отырысында тоқсан сайын заңбұзушылықтың алдын алу және қылмысқа жол бермеу мәселелері қаралады.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтау шаралары қабылдануда. Облыстық бюджет қаражаты есебінен 3344 млн. теңгеге 93 бірлік автокөлік және арнайы көлік, 273,2 млн. теңгеге арнайы құрамға артиллериялық техникалық қару-жарақ сатып алынды, облыстың ІІД объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге 51,0 млн. теңге бөлінді, жылдамдық режимін бұзушылықты және бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кетуді анықтайтын құны 80,0 млн. теңгені құрайтын 5 құрамдастырылған басқару жүйесі сатып алынды.
Жалпы сомасы 131 млн. теңгені құрайтын 3 тұрғын үйімен қосылған учаскелік полиция пункті пайдалануға берілді (Ақжар -2 ауылы, Ясный ауылы, К.Нокин ауылы) және Хромтау қаласында УПП-ға 2 ғимарат сатып алынды (16,7 млн. тг.) .
«Шағын қалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Хромтау қаласында 20 сыртқы бейнебақылау камерасы бар жалпы бақылау орталығы салынды.
Облыс аумағында 3604 адамы бар 690 қоғамдық ұйым қызмет етеді. 151 «Сақшы» отряды (748 адам), учаскелік полиция пункттері жанында 155 қоғамдық кеңес (848 адам), сондай-ақ 360 қоғамдық көмекшілер отряды (1594 адам) қызмет етеді. Олардың қатысуымен әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтағы 54 қылмыс ашылды, 823 адам ұсталды.
2013 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың жалпы саны 14,3%-ға (–20651-ден 17697-ге дейін), орташа деңгейдегі қылмыстар 10,6%-ға (15716-дан 14057-ге дейін), ауыр қылмыстар 29,1%-ға (1667-дан 1182 ге дейін), аса ауыр қылмыстар 31,6%-ға (79-дан 54-ке дейін) азайған.
Қылмыстың ашылуы 42,0% құрады, 2013 жылы — 36,8%.
Одан да басқа, қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстар — 6,6%-ға, көшелерде — 10,0%-ға, кәмелетке толмағандардың қылмыстары — 37,9%-ға, ұрлық — 28,5%, тонау — 8,5%, күшпен алушылық — 13,3%, бұзақылық — 12,7%, сонымен қатар есірткімен байланысты қылмыстар 17,3% төмендегені анықталды.
Дегенмен облыс бойынша есепті кезеңде суық қару қолданып жасалған қылмыстар — 6,5%, бұрын қылмыс жасағандардың қылмыстары — 24,8%, адам өлтіру — 11,1%, тонау 20,7% өскені байқалды. Облыста жемқорлыққа қарсы өңірлік комиссия қызмет етеді. Ақтөбе облысының 2011-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша іс-шаралар жоспары, 2014-2015 жылдарға арналған азаматтық қоғам институттары бірігіп ықпал ету жоспары бекітілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында материалдар шығарылады.

2015 жылға арналған міндеттер:
– заңбұзушылық деңгейін төмендету, заңбұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды табу, зерттеу, көзін жою;
– жемқорлықпен күресу тетіктерін күшейту, жемқорлық қатерлерді азайту.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Ақтөбе облысындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылыққа ең алдымен, облыс тұрғындарының, саяси партия, этномәдени, үкіметтік емес, діни, кәсіподақ ұйымдары өкілдерінің арасындағы толеранттылық пен келісімнің жоғары деңгейі негіз болуда.
Облыстағы барлық саяси құрылымдардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, туындаған проблемалық мәселелерді дер кезінде шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік туғызатын ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған Қоғамдық-саяси кеңестің отырыстары үнемі өткізіліп отырады.
Облыста 8 саяси партияның облыстық филиалдары жұмыс жасауда.
Бүгінде облыста 19 этномәдени орталық, 2 Достық үйі, мемлекеттік және өз ұлтының тілін, салт-дәстүрін үйрену бойынша 6 жексенбілік мектеп, көркемөнерпаздар ансамбльдері, оның төртеуі «халықтық» деген атқа ие, және 10 жастар клубы жұмыс жасайды. Этномәдени орталықтар үшін барлық жағдай жасалған, жұмыс кабинеттерімен, хореография және дайындық залдарымен, компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
2014 жылғы қараша айынан бастап, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету үшін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс жасауда.
2020 жылға дейінгі облыс Ассамблеясын дамытудың Өңірлік концепциясы жүзеге асырылуда, қоғамдық келісім, аналар кеңестері құрылып, оларды ғылыми-эксперттік сүйемелдеу күшейтілді.
Облыс әкімдігі азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас мәселелеріне назар аударуда. Бүгінгі күні облыста 100-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасайды. Олардың өкілдері жергілікті атқарушы органдар жандарындағы көптеген кеңесші органдардың құрамына кіреді.
2014 жылы үкіметтік емес ұйымдар облыс көлемінде жалпы құны 97,6 млн. теңгені құрайтын 92 әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 60 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оның ішінде 38 газет, 14 журнал, 8 электрондық БАҚ (соның ішінде 2 телеарна, 3 радиостанция, 3 кабелдік телеарна) бар.
2014 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 276,8 млн. теңге бөлінді.
Ақтөбе облысы аумағында тіркелген 92 діни бірлестіктер мен филиалдар қызмет атқаруда, олардың 68-і мұсылман қоғамы, 8 православие, 2 католик, 13 протестанттық, 1 дәстүрлі емес («Кришна санасының Ақтөбе қоғамы») қоғамдар.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыл-дарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс көлемінде кешенді жоспар аясында кеңінен іс-шаралар жүргізілуде.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында Дін істер басқармасы жанынан «Аңсар» Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Аймақта құрамы 161 мүшеден тұратын 35 облыстық, 8 қалалық және 118 аудандық ақпараттық насихаттау топтары қызмет атқаруда.
Арнайы құрылған теологтар тобы жамағаттармен тұрақты түрде мақсатты кездесулер өткізуде, басым көпшілігі дәстүрлі емес көзқарастағы азаматтар.
Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе қаласындағы 111 жылдық тарихы бар қалалық орталық мешітінің салтанатты ашылуы өткізілді. Мешіттің салтанатты ашылуына орай «Ханафи мәзһабы – Орталық Азияның рухани мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Аталмыш конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, ТМД елдерінің мұсылман басқармалары өкілдері, ЖОО-ның ғалымдары, теологтар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақта 2009 жылдан бері маманданған 12 ұстазы бар «Ақтөбе медресесі» діни оқу қызметін атқаруда. Аталмыш медреседе Ақтөбе облысынан басқа Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 65 шәкірт білім алуда.
Өңірде діни білім алуға талпыныс білдірген жастарды отандық оқу орындарына бағыттау және жергілікті облыстың имамдары мен медресе түлектерінің діни сауатын жетілдіру мақсатында 29 талапкер Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында орналасқан Ресей Ислам институтында оқуларын жалғастыруда.
Жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан шаралар дәстүрлі емес ағымдардың әсерін бәсеңдетуге және аймақта діни ахуалдың тұрақтандыруына ықпал етті.

2015 жылға арналған міндеттер:
– Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытында мақсатты жұмыстарды ұйымдастыру; ақпараттық науқанға өңірлік қоғамдық пікір көшбасшыларын және түрлі саладан эксперттерді тарту;
– мемлекеттік ақпараттық саясат жүйесінің тиімділігін арттыру; Мемлекет басшысы, Үкімет және жергілікті атқарушы органдар қызметінің, еліміздің және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жариялау;
– саяси партиялар, этномәдени орталықтар, үкіметтік емес және діни ұйымдармен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған тұрақты қарым-қатынас орнату;
– әртүрлі мақсатты топтармен, радикалды пікірлерді қабылдамау, дәстүрлі рухани діни құндылықтарды түсіндіру үшін ақпараттық жұмысты нығайту.

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Облыста 233,7 мың жас бар, бұл тұрғындарының 29,9%-ын құрайды. Оның ішінде 149,3 мың — қала жастары, 88,5 мың — ауыл жастары. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 197,3 млн. теңге бөлінді.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 27,2 млн. теңге бөлініп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, еріктілік қозғалысын дамытуға, ауыл және жұмысшы жастарды қолдауға бағытталған барлығы 35 әлеуметтік-маңызды жоба іске асырылса, оның 22-сі аудандарда жүзеге асты.
2006 жылдан бері жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қалалық қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жүреді және талантты жастар өкілдері жыл сайын стипендиямен марапатталып келеді.
2014 жылы жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 297 студентіне жалпы соммасы 28,8 млн. теңге көлемінде стипендия тағайындалды.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 119,4 млн. теңге бөлінді. Жазғы маусымда оқу орындарының студенттері, ауылдық жұмыссыз жастар және жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатарынан барлығы 2585 жас жұмыс жасады.
Жастар ресурстық орталықтарына 4000-ға жуық облыс жастары әртүрлі бағытта кеңес алу мақсатында келді. Оның ішінде 2828 жасқа әлеуметтік-медициналық, 474 психологиялық, 311 заңгерлік кеңес беріліп, 484 жасты тұрақты жұмыс орындарына орналастыруға ықпал етілді.
Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында жастар арасындағы өзекті мәселелерге мониторинг жүргізіліп, үнемі басты назарға алынады.

2015 жылға арналған міндеттер:
– қолданыстағы бағдарламалар мен басқа да жобаларды қолдана отырып, жастарды жұмыспен қамту және басқа да инициативті жобалар және акцияларды қолдану;
– ресурстық орталықтардың жұмысын жалғастыру, жастармен жер-жерде жұмыстар ұйымдастыру және оқу, жұмыс орны және тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмысқа адрестік ыңғайын қамтамасыз ету;
– қоғамның барлық саласында жастардың шығармашылық, білім алу, еңбек ету мүмкіндіктерін дамыту.

ҚОРЫТЫНДЫ
2015 жылы еліміз экономикасын жаңа бағытқа бұрып, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін үдемелі түрде көтеруге бағытталған «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыруға кіріспекшіміз.
Елбасымыз алдымызға бүгінгі күннің талаптарын ескере отырып, туындауы мүмкін теріс салдарларды алдын ала бейтараптандыруға мүмкіндік беретін бірқатар контрцикликалық міндеттер қойды.
2015 жылы жоспарланған бағдарламалық ауқымды мақсаттар мен міндеттер қолымызда бар барлық өсу мүмкіндіктерін жұмылдыруды, реформаларды тереңдете түсуді және экономикалық даму жолына кедергі болатын мәселелерді шешуді қажет етеді.
Бір кісідей жұмыла отырып, облысымыздың экономикасын нығайтып, халқымыздың хал ахуалын жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеміз.

Құрметті ақтөбеліктер!

Ағымдағы жылдың 25 ақпан күні сағат 10.00-де облыс әкімдігінің конференц-залында облыс әкімі А.Мұхамбетовтің «Ақтөбе облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылға қойылған міндеттер туралы» халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі.
Өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды облыс әкімінің блогына aktobe.gov.kz электронды адресіне жолдауға, сондай-ақ, төмендегі мекенжайлары көрсетілген Ақтөбе қаласындағы (аудандарда жәшіктердің орналасқан жерлері туралы ақпараттар аудандық газеттерде, аудан әкімдіктерінің сайттарында жарияланған) жәшіктерді пайдалануға болады.

Облыс әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне берілетін сұрақтар мен ұсыныстар үшін Ақтөбе қаласында арнайы қойылған жәшіктерің
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРІ

1. Ақтөбе облысы әкімдігінің әкімшілік ғимараты Әбілқайыр хан даңғылы, 40
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің әкімшілік ғимараты Т.Ахтанов көшесі, 50
3. «БТА Банк» АҚ АОФ Әуеқалашық, 30 «а»
4. «Анвар» ұсақ-көтерме дүкені Сәңкібай батыр даңғылы, 101 «а»
5. «Мега Ақтөбе» СОО М.Мәметова көшесі, 4
6. «Нұрдәулет» СҮ Әбілқайыр хан даңғылы, 46
7. «Алтай» жабық базары Ағ.Жұбановтар көшесі, 285 «б»
8. Халыққа қызмет көрсету орталығы Тургенев көшесі, 109
9. «Дина» гипермаркеті Ә.Молдағұлова даңғылы, 53 «а»
10. «Жилгородской» базары Бейбітшілік даңғылы, 9 «а»
11. «Домострой» СҮ Арынов көшесі, 1 «р»
12. «Ақбұлақ» АҚ Сәңкібай батыр даңғылы, 12 «б»
13. №55 орта мектеп Заречный-4 ауылы, №315 учаске
14. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Т.Ахтанов көшесі, 52
15. Благодарный ауылдық округінің әкімшілік ғимараты К.Нокин ауылы, Бейбітшілік көшесі, 37
16. Қарғалы ауылдық округінің әкімшілік ғимараты Қарғалы ауылы, Сәтпаев көшесі, 10 «а»
17. Қурайлы ауылдық округінің әкімшілік ғимараты Қурайлы ауылы, Жеңіс көшесі, 44
18. Новый ауылдық округінің әкімшілік ғимараты Жаңақоныс ауылы, Базар жырау көшесі, 9
19. Сазды ауылдық округінің әкімшілік ғимараты Сазды ауылы, Өнеге көшесі, 1
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button