«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы: Есепті кезеңде не істелді?

Биыл 11 қараша күні Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының бағыт-бағдарын айқындаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауын жария еткені белгілі. Әдетте Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында жария етілетін құжаттың биыл еліміздегі ең ірі саяси көшбасшы ұйымның мәжілісінде айтылуы аталған партияның қоғамдағы салмағын айқындайды. Бұл — «Нұр Отан» партиясына бұрынғыдан да ауыр жүк, үлкен жауапкершілік артылып отырғандының айқын дәлелі. Сондықтан партия үшін жасалған істерді сараптап, жаңа экономикалық саясаттан туындайтын мақсат-міндеттерді айқындап алу аса маңызды.
21 қараша күні «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы ұйымдастырылмақ. Бұл партия филиалының, сонымен қатар оның бастауыш ұйымдарының қызметіндегі маңызды шара болып есептеледі. Мәжіліс барысында кешегі күнге баға беріліп, алдағы күнге жоспар жасалады.
Осы үлкен шара барысында «Нұр Отан» партиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары туралы мағлұмат беруді жөн көрдік.
Кадр біліктілігін арттыру — басты мақсат
Елімізде болып жатқан барлық саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мәселелердің ешқайсысы партия назарынан тыс қалған емес. Еліміздегі ең ірі саяси көшбасшы ұйым болып есептелетін «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалының есепті кезеңінде облыстық партия ұйымының 2 кезектен тыс конференциясында, Саяси Кеңестің 5 отырысында және Саяси Бюросының 18 отырысында аса маңызды мәселелер талқыланды.
Бүгінде облыста партияның 32489 мүшесі бар. 13 аумақтық филиал, 420 бастауыш партиялық ұйымдар жұмыс жасайды. Есепті кезеңде партия қатары 3713 адаммен толыққан. Ал жыл басынан бастап қазан айына дейін партия қатарына 1325 адам қабылданған.
— Партия мүшелерінің білімі мен білігінің жоғары болуына да барынша мән беріліп келеді. Бүгінде партия мүшелерінің 87,8 пайызының жоғары білімі бар. Мамандықтарына сай саралап қарасақ, партия мүшелерінің 5,9 пайызы — мемлекеттік органдар қызметкерлері, 37,9 пайызы — білім беру, мәдениет саласының, 5,7 пайызы — денсаулық сақтау, 23 пайызы қызмет көрсету саласы мен кәсіпорындар қызметкерлері.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде «әр нұротандықтың партиялық жауапкершілігін күшейту қажеттігін, партия жұмысының қуатын үш қайтара еселендіруге тиіс» екендігімізді айтқан болатын. Сол съезд барысында қабылданған саяси доктринаға байланысты бастапқы партиялық ұйымдардың қызметін жандандыру, партия мүшелері қатарын нығайтуға баса мән беріліп отыр. Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша, ескі үлгідегі партиялық билеттерді жаңа үлгідегі құжатқа ауыстыру жұмысы жүргізілуде. Облыстағы партия мүшелерінің 29697-сіне жыл басынан бергі он айда жаңа құжат тапсырылды. Бұл жұмыс 1 желтоқсанға дейін аяқталады, — дейді «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ақниязов.
Еліміздегі халықты топтастырушы ірі ұйым мүшелерінің білім-білігі жоғары болуы аса маңызды. Елбасы Н.Назарбаевтың сөзімен айтсақ, «Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш — «Нұр Отанға» жүктеліп отыр». Партияның XV съезінде айтылған мақсат-міндеттерге сай, «Нұр Отан» — басты патриоттық күш, халықты топтастырушы партия, азаматтық қоғамның көшбасшысы, экономикалық және әлеуметік инновациялардың жалпыұлттық эпицентрі, жалпыхалықтық бақылаудың басты құралы, біздің мемлекетіміздің басты сыртқы саяси құндылықтарын белсенді жақтап және алға бастыратын ұйым болуы тиіс. Ал халықты соңына ертетін қуатты күштің күші — білікті мамандарда.
Сондықтан партиялық кадрлардың білім-білігін арттыру — партиялық-ұйымдастырушылық жұмыстардың ең маңыздысы болып отыр. Тұтас партиялық активке, оның аппараты мүшелеріне, жалпы партияның барлық мүшелерінің сапалы кадр болуына мән беріліп отыр. Осы мақсатта жаңа бейнеконференция жүйесі бойынша онлайн-лекциялар мен қашықтан оқыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Есепті кезеңде партияның активі, бастапқы партия ұйымдары мен облыстық партиялық ұйымдар жұмысшыларының қатарындағы 103 адам оқу курстарынан өткен.
Партия мүшелерінің көбі Ақтөбе қаласында тұрады — 11888, сонымен қатар Шалқар (2633), Хромтау (2033), Әйтеке би (1923), Алға (1845) аудандарында тұратын партия мүшелерінің саны басым.
Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы да ел игілігі үшін қызмет етіп келеді. Статистиканы сөйлетсек, облыстық мәслихаттағы депутаттардың 96,8 пайызы, қалалық мәслихатта 95,7 пайызы, аудандық мәслихаттарда 94,7 пайызы «Нұр Отан» партиясының мүшелері.
Есепті кезеңде іргелі жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бергі он айдың өзінде 53 мыңнан астам адам қатысқан 600-ге жуық қоғамдық-саяси, әлеуметтік, партияішілік, жастар, көпшілік-мәдени шаралар өткізіліпті.
— Халықтың «Нұр Отан» партиясына деген сенімі жоғары. Содан да болар, қандайда болмасын мәселенің шешімін, қиындау істің түйінін шеше алмаса, «Нұр Отанға» қолдау, көмек сұрап келеді. Мәселен, осы жылдың басынан бергі он айда партияның қоғамдық қабылдауына 2250 хат келіп түскен. Саяси ұйымнан қолдау, көмек іздеп келетіндер қатарында негізінен халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары, яғни зейнеткерлер, мүгедек азаматтар, жұмыссыздар мен аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, бюджеттік сала жұмысшылары да бар. Олардың дені жәрдемақы мен зейнетақы көлемін арттыру, тұрғын үймен қамту, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасу сынды мәселелермен келеді. Шағым-арыздардың барлығы қаралып, мемлекеттік органдарға 319 хат жіберілді, нәтижесінде 233 мәселе оңды шешімін тапты, — дейді Н.Ақниязов.
Партиялық жобалар
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында «Нұр Отан» партиясы бірнеше жобаларды жүзеге асырып келеді.
Олардың қатарындағы «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Бақытты балалық», «Біздің ауыл», «Стоп Қылмыс», «Айқын тариф», «Мықты бизнес — қуатты мемлекет», «Партияның 50 тұлғасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. «Жас Отан» жастар қанаты жүзеге асыратын «Жастар — Отанға!», «Жастар кадрлық резерві», «Сәтті қадам» жобалары орталық аппараттың ортақ жоспарына сүйеніп іске асырылады. «Нұр Отан» партиясының барлық партиялық жобаларын жүзеге асыру филиалдың сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және бақылау бөлімінің қызметкерлерінің міндетіне жүктелген.
Сайлауалды тұғырнаманы жүзеге асыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Ақылбек Сахиевтің айтуынша, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде өңірде мүгедек жандарға арналған 41 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Деректерге қарағанда, облыста 19115 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Оның қазіргі күні 14460-ы еңбек етуге қабілетті.
Ақылбек Сахиевтің айтуынша, осы жылдың басынан қараша айына дейін 974 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылған. Соның ішінде 245 бастауыш партия ұйымына 490 адам жұмысқа орналасқан.
— Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде осы мәселеге қатысты 44 қабылдау өткізіліп, жұмыс іздеп келген 101 адамның өтініші қанағаттандырылды. Аталған жоба аясында бейімдеуден өткен нысандарды тексеру үшін партия филиалы тарапынан арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссия қараша айының басында нысандарды аралау жұмыстарын бастады, қараша айының соңына дейін комиссия бейімдеуден өткен нысандардың барлығын тексеріп, бағасын беретін болады, — А.Сахиев.
Тағы бір үлкен жоба — «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы. Жобаны жүзеге асыру бірнеше кезеңнен тұрады. Қазіргі уақытта облыстағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің әлеуметтік картасы жасалды. Жыл басында өңірде 211 соғыс ардагері бар болса, олардың қатары күн өткен сайын сиреп, қазіргі күні 200-ге жетер-жетпес соғыс ардагері қалды, оның 77-сі — мүгедек жауынгерлер. Ардагерлермен сұхбаттасып, олардың тұрмыстық жағдайын өз көзімен көріп, сауалнамалар жүргізуге жасотандықтар мен бастауыш партия ұйымдарының мүшелерінен тұратын еріктілер үлкен үлес қосты. Осы жоба аясында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестіктерімен бірге жұмыс жүргізіп келеді. Оның қорытындысы бойынша қариялардың тұрмыстық қажеттілігін өтеу мақсатындағы жұмыстар атқарылмақ. Мұндай шара республика бойынша ұйымдастырылып отыр.
Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің сапасын жақсарту мәселесіне мән беріледі. Бұл жоба аясында келесі жылы тойланатын Жеңістің жетпіс жылдық мерекесіне дайындық жұмыстары да жүргізіледі.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде «ХХІ ғасырда көшбасшылыққа тек жастар белсенді қолдау көрсеткен партия ғана ие бола алады» деген сөзімен жастар мәселесіне үлкен мән беру қажеттігін айқын аңғартып, жастар саясатын әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты ретінде белгіледі.
«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты өте белсенді жұмыс жасап келеді. Бүгінде жастар қанаты партияның 12 тың жобасының үшеуін жүзеге асырып отыр. Соның бірі — «Жастар — Отанға!» жобасы. Бұл жоба аясында құрылған тегін кеңес беру орталығы 2013 жылдың тамыз айынан бері жұмыс жасап келеді.
— Орталық базар аумағында орналасқан орталықтың негізгі мақсаты — сауда саласында жұмыс жасап жүрген ауыл жастарына барынша көмек көрсету. Бүгінде ауыл жастары белсенді, алайда көбі елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар, сондықтан да аталған бағдарламалардың артықшылықтарын пайдалана алмай отыр. Тегін кеңес беру орталықтары жастарға жұмысқа орналасу, білім алу, тұрғын үй мәселесі сынды тақырыптарда құқықтық көмектер көрсетеді. Кеңес орталығында белгіленген жоспар бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту, «Тұрғын үй жинақ» банкі мамандары және қалалық депутаттар кеңес береді, — дейді Ақтөбе облысы бойынша «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Ербол Шыма.
Ал «Жастар кадрлық резерві» жобасы қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие мамандардың және заманауи тиімді басқарушылар шоғырын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылып келеді. Оған 25 пен 35 жас аралығындағы жұмыс тәжірибесі бар, зерек, көшбасшылық сипатқа ие жастар қатысты. Бұл жобаға 56 адам қатысып, жоба талаптары бойынша, бастапқы екі кезеңнен мүдірмей өткен бес ақтөбелік Астана қаласына кетті. Онда жастар оқыту модуліне қатысып, келесі кезеңге өту үшін өз жобаларын қорғайды.
— Бұдан сүрінбей өткен жастар қосымша кәсіби білім алу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент мектебі сынды оқу орталықтарында білім алып, бір ай бойы мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өтеді, — дейді Е.Шыма.
Филиал жүзеге асырып отырған партиялық жобалардың барлығы да көшбасшы ұйымның саяси доктринасында айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға негізделген. Барлығы да бүгінгі күні нәтижелі атқарылып келеді.
P.S.
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XV съезінде «алдымызда биік белестер бар екендігін, оларды бағындыру өз қолымызда» екендігін тілге тиек ете отырып, сол биікке жету үшін «мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық, жауапкершілік» қажет екендігін айтқан болатын. «Нұр Отанның» әр аймақтағы филиалының жұмысы, сайып келгенде, еліміздегі ең үлкен көшбасшы ұйымның жұмысының айнасы. Сондықтан партияның тұғырлы болуы үшін жұмылып жұдырық болу маңызды.
Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.




сАЛАМАТСЫЗ БА? ОТБАСЫЛЫК ЖАГДАЙЫМА БАЙЛАНЫСТЫ ЖОЛДАСЫМ 1-ТОП МУГЕДЕГИ (КУЖАТТЫ 04.05.2015Ж. АЛДЫ.) , УШ БАЛАМ БАР (2005, 2011, 2012) СИЗДЕРДЕН МАТЕРИАЛЬДЫК КОМЕК СУРАЙМЫН. ЖОЛДАСЫМНЫН ПЕНСИЯСЫНА ГАНА КУН КОРИП ОТЫРМЫЗ (37.000 МЫН). УКИМЕТ ТАРАПЫНАН КАНДАЙ ГУМАНИТАРЛЫК КОМЕК АЛА АЛАМЫН. КОМЕКТЕРИНИЗГЕ МУКТАЖБЫН.
нур отан спасибо вам большое за все что вы мне помогли. народ надеюсь что вы читаете мое письмо я хочу сказать нур отан супер они умет работа и помогать народу. там сидят очень хорошие люди. я до них не кому не верила потому что не кто мне не помогали. но когда мне за неделю помогли нур отан я поверила что есть люди очень хорошие. как нур отане. алга нур отан
Сәлеметсіздер ме Нұротан ұжымы.Сіздерге сауалым бар еді.Облыс әкімінің шығарган бұйрығында мұғалімдер дәрігерлер бюджеттік сала мамандары сыйақы алады делінген еді.Осы қаншалықты рас?Ырғыз ауданында мұндай мүмкіндік қарастырылған ба?Бір топ әріптестерімнің атынан жазып отырмын.Алдын ала рахмет