Жастар

«Жандану» және жастар

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласындағы Оқушылар сарайында Әлия Назарбаева жетекшілік ететін «Жандану» экологиялық жобасы аясында арнаулы форум өтті. Табиғатты қорғауға үндейтін шараға студенттер мен оқушылар қатысты.

Ұйымдастырушылар экологиялық жоба бойынша 15 мыңнан астам қазақстандықты қамтып, оларға су мен жерді қалай қорғау керектігі жөнінде жан-жақты мағлұмат беруді жоспарлап отыр. Одан кейін соның ішіндегі ең белсенді һәм экология саласына қызығушылығы алабөтен жастар алдағы жылдың сәуір айында Алматы қаласында өтетін экологиялық форумға шақыртылады деп күтілуде. Осы орайда жоғарыда аталған «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» қыз-жігіттерді жинау мақсатында ұйымдастырылған форумның еліміз бойынша алғаш боп Ақтөбеде бастау алғанын айта кеткен абзал.

Жиын барысында жас ақтөбеліктерге үлкен экраннан Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Серік Сәпиев, Асылхан Төлепов, Жансая Әбдімәлік сынды елге белгілі азаматтар сәлем жолдап, қоршаған ортаны таза ұстауға қатысты ой-пікірлерін білдірді. Олар экологияны жақсартуға бағытталған жұмыстардың жыл өткен сайын жанданып жатқанын және тілге тиек етті.

 

Алау АЙБЕКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button