Жаңалықтар

ХҚКО-да «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» қызметі көрсетілуде

Бұл қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жыл басында енгізілген. Енді әр жұмыссыз адамның ХҚКО-ға келіп, тіркелуіне және есепке тұруына болады.

Бұл үшін ең аз құжаттар пакеті қажет, жұмысқа тұрғысы келетін жанның өзімен бірге жеке куәлігі мен еңбек кітапшасының болғаны жеткілікті.

Үміткер сауалнамада қандай білім алғаны, қай тілді білетіндігі, қызығушылықтары және бос уақытында немен айналысатындығы туралы ақпаратты көрсете алады, бұл өз кезегінде жұмыс іздеу үдерісін жеңілдетеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтеді.  Бұл қызметті кез келген ХҚКО-дан алуға болады.

Тіркеуге және есепке қоюға күнтізбелік 10 күн кетеді. «Бұрын бұл қызметті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ғана ұсынатын, енді осы жылдың басынан бастап ол ХҚКО-да көрсетілетін болды. Сонымен бірге, электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, қызметті алу үшін электрондық үкімет сайтына жүгінуге болады.

 

 

 

ХҚКО-дан мектеп аттестаты мен білімі туралы дипломның телнұсқаларын алуға болады

 

 «Бір терезе» принципін әрі қарай дамыту мақсатымен, ХҚКО – ның мемлекеттік қызмет саны жыл сайын артып өсуде. Мысалы ағымдағы жылдың басынан бастап ХҚКО – да тағы жаңа 25 қызмет түрлері пилоттық режимде қосылуда. Соның бірі «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды. Бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды.

Мысалы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін, ХҚКО – на келіп, келесі құжаттарды тапсыру керек:

·       азаматтың арызы;  

·       азаматтың жеке куәлігі немесе туу куәлігі;

·       жоғалған құжаттың тіркелген күні мен номерінің белгілеуімен газетке берген хабарландыруы;

·       «жоғалған заттарды табу» бюросынан анықтама.

Дайын аттестаттың телнұсқасы 10 жұмыс күн ішінде дайын болады, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күннен кейін алуға болады.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button