Ресми

Облыс әкімдігі, кәсіподақтардың облыстық кеңесі және жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы 2013-2015 жылдарға арналған 2013 жылғы 1 ақпандағы КЕЛІСІМГЕ қосымша келісім

Атқарушы билiк мүддесiн көздейтiн облыс әкiмдігі, қызметкерлердiң мүддесiн көздейтiн облыстық кәсiподақтар кеңесi, кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлердiң мүдделерін көздейтiн Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы және «Ақтөбе облысының кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер одағы» қоғамдық бiрлестiгi, бұдан әрi Тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы №478 қаулысына және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №20-8/6253 тапсырмасына сәйкес төменде көрсетілген қосымша келісім жасасты:

1. 2013 жылғы 1 ақпандағы Ақтөбе облысы әкімдігі, кәсіподақтардың облыстық кеңесі және жұмыс берушілер бірлестіктерінің арасындағы  2013-2015 жылдарға арналған келісіміне мына толықтырулар енгізілсін:

«IІ. Еңбек нарығын дамыту, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына  жәрдемдесу» бөлімін  2.6-тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«2.6. Еңбек және ұжымдық шартқа қосуды:

   50 жастан асқан адамдардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау, лайықты еңбек жағдайларын жасауды қамтамасыз етуді қарастырсын.

   50 жастан асқан адамдардың біліктілігін және ұтқырлығын арттыру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруды  қарастырсын».

«IІІ. Тұрғындардың еңбекақысы, табысы мен өмір сүру деңгейі» бөлімін  3.5 және 3.6 – тармақтарымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«3.5. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары тарапынан еңбекақы төлеудің дәстүрлі емес (заттай төлеу) түрлеріне жол бермеуді қамтамасыз ету.

3.6. Жұмыскерлерге дер кезінде жалақы берешегінің төленуі және зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың есептеліп аударылуын, еңбек және ұжымдық шарттарға қызметкерлерді жазатайым оқиғадан сақтауды қосуды  қамтамасыз ету».

«IV. Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, тең мүмкіндіктер туғызу саясаты» бөлімін 4.11, 4.12 және 4.13 – тармақтарымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«4.11. 50 жастан асқан адамдардың еңбек қызметі уақытында және жұмысқа қабылдау кезінде кемсітуге жол бермеу бөлігінде еңбек заңнамаларының міндеттемелерін сақтау бойынша қоғамдық бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

4.12. Ауылдық және селолық округтер әкімдері тарапынан ауыл шаруашылығы құрылымдарында жасалған еңбек шарттарын тіркеу арқылы жасалған жалдамалы жұмыскерлердің санын есепке алуды қамтамасыз ету.

4.13. Жергілікті еңбек инспекциясы органдары мен салық органдарына еңбек шарттарын тіркеу және жалдамалы жұмыскерлер санын есепке алу кезінде анықталған еңбек және зейнетақы заңнамасын бұзушылық фактілері жөнінде хабарлауды қамтамасыз ету».

«VІ. Әлеуметтік әріптестікті дамыту және әлеуметтік жауапкершілік» бөлімін 6.10 және 6.11-тармақтарымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«6.10. Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері арасында еңбек, салық және зейнетақы заңнамасы бойынша жаппай оқыту жүргізуді қамтамасыз ету.

6.11. Жергілікті атқарушы органдармен құрылған тиісті комиссиялармен еңбек және зейнетақы заңнамалары бойынша бірнеше рет бұзушылықтар анықталған ауыл шаруашылық өндірушілеріне субсидиялауға және жеңілдетілген несиелендіруге шектеулер енгізуді қамтамасыз етсін».

2. Осы Келісім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

3. 2014 жылдың 28 ақпанында Ақтөбе қаласында 4 данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында қосымша Келісімнің бір-бір данасы бар.

 

 

Осы қосымша Келісімге қол қойды:

 

Ақтөбе облысы әкімдігінен:

Облыс әкімі

А.МҰХАМБЕТОВ.

 

 

 

 

Кәсіподақтардың облыстық кеңесінен:

Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы

Т.АЙЖАРЫҚОВ.   

 

 

 

 

Жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктерінен:

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры

Т.ШОТАНОВ.         

 

 

 

 

«Ақтөбе облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» қоғамдық бiрлестiгiнің директоры

А.МАРЧЕНКО.                   

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button