Құқық

Мүдде мен жаза

Тәртіптік кеңес

Соңғы кездері мемлекеттік қызмет сеніп тапсырылған тұлғаларды белгілі бір ұйымдарға мүдделілік таныту жарға жығып жүр. Өткен аптадағы Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында бұл мәселе тағы бір айқындалды. Алайда кінәлілерге шара қолдану тікелей басшылық ететін құзырлы орындарға жіберілді.

Мәселен, экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты жинақтаған материалда «Омега Сектор» серіктестігіне қарасты нысанды пайдалануға қабылдауды заңсыз жүргізгендігі белгілі болған. Қаржы полициясы аталған серіктестіктің Ақтөбе қаласында 2008 жылы бір нысанды жаңғыртып, Жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуге өткізген. Алайда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне «Омега Сектор» ЖШС-дан нысанды қабылдау туралы ешқандай өтініш түспеген. Осыған қарамастан төтеншеліктердің бас маманы жасырын түрде қабылдау актісіне департаменттің мөрін басып жіберген. Демек, М. Молданиязов жалған акті жасауға септігін тигізген. Дегенмен оның әрекеті қандай да бір тарапқа шығын келтірмегендіктен, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылып, мәселесі Тәртіптік кеңеске жолданыпты.

Дәл осындай жолмен әрекет еткендігі үшін сәулет-құрылыс басқармасының бас маманы О. Сопрун да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіптік кеңес мүшелері қараған тағы бір іс Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Виктор Балмановқа қатысты болды. Бұл басшы бұған дейін де «ескерту» арқалаған болса, осы жолы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын бұзғандығы үшін тәртіптік іс қозғалған.

Жоғарыда айтқанымыздай, енді лауазымды тұлғалардың тағдырын шешу басшыларына қалдырылды.

Серік ӘБДІБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button