Экономика

Өткен жылдың өсімдері

Статистика

 

Облысымыздың 2013 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 Өнеркәсіп

 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 1352,2 миллиард теңгені құрды, бұл өндіріс өсімі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,5 пайызға артық деген сөз.

Өсім төмендегіше талданады:

өңдеу өнеркәсібі — 14,5 пайыз;

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 6,5 пайыз;

кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 0,2 пайыз.

Ал сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 5,4 пайызға төмендеді.

 

Ауыл шаруашылығы

 

Өткен жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 127,9 миллиард теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайызға артты.

 

Инвестиция

 

Былтырғы жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 496,2 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11,9 пайызға көп.

 

Тасымал

 

2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 5264,9 млн. тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10 пайызға өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 13145,6 миллион жол-километр құрап, 14,1 пайызға артты.

 

Сауда. Тұтыну

 

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 335,7 миллиард теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 10,8 пайызға өсті.

Ал көтерме сауда тауар айналымының көлемі 390,2 миллиард теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 34,1 пайызға артты.

Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 8263,6 миллион теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты.

Тұтыну баға индексі 2013 жылғы желтоқсанда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5 пайыз құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына — 2,8 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 2,5 пайыз, ақылы қызметтер

көрсетуге 8,7 пайыз артты.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2013 жылғы желтоқсанда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,9 пайызға арзандады.

 

Табыс. Жалақы. Жұмыс

 

2013 жылғы қарашада халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 57 974 теңге болып, өсім 2012 жылғы қарашамен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін — 11,4 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін 6,4 пайыз құрады.

2013 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (алдын ала деректер) 127 695 теңгені құрады. 2012 жылғы желтоқсанға қарағанда 12,7 пайызға өсті. Нақты жалақы индексі (алдын ала деректер) 2012 жылғы желтоқсанға 107,9 пайыз құрады.

2013 жылғы желтоқсанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 0,9 мың адамды құрады, бұл —  экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызы. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының  0,02 пайызын құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2014 жылғы 1 қаңтарға 13 306 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8560 немесе тіркелгендер санына қатысты 64,3 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санының 94,5 пайызын және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,4 пайыз құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 9409 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,6 пайызға артты.

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button