Құқық

Күзеттегілер көз ілмейді

Қоғамдық тәртіпті сақтауда мамандандырылған күзет басқармасының қызметкерлері ерекше белсенділік көрсетуде. Әсіресе, полиция капитаны Талғат Кенжеғұлов басқаратын дербес батальон қаланың шағын аудандары мен көшелерінде ұрлық, тонау, бұзақылық  сияқты қылмыстардың алдын алу, із кесу сияқты шараларды жүргізуде тиянақты жұмыстар атқарып жүр.

Жыл басынан бері денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені бойынша күдікті ретінде екі адам ұсталып, Зауыт ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ, тонаумен айналысқан деген күдікпен он төрт адам, есірткі заттарын заңсыз дайындап, сатумен айналысқан күдікті төрт азамат ұсталды. Қарақшылықпен шұғылданған екі азамат та құрықталды.

Полиция старшинасы И. Бисенғалиев қылмыстың ізін суытпай ашуда белсенділік танытқаны үшін бірнеше мәрте мақтау грамоталары мен алғыс хаттарға ие болды. Аға сержанттар Ш.Елтаев, С.Ізбасаров, Н.Ерғалиев және сержант Г.Оңалбаевтар өз қызметтерін адал атқарып, қиын сәттерде жедел іс-әрекет білдіруімен көзге түсіп жүр.

Тәртіп сақшылары қызметтен тыс уақыттарында спортпен шұғылданады, мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысады. Мәселен, самбо күресінің шебері полиция сержанты Индира Шәкіратова үнемі дайындық үстінде жүреді. Дербес батальон сапындағылар құрамасы футболдан қалалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленуде. Аға сержант Ербол Жақин «Жігіт сұлтаны», сержанттар Көркем Бегімова, Ақбота Есетова «Күзет аруы» сайысында жүлделі орындардан көрінді.

Жаңылдық ОТАРАЛИЕВА,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button