Экономика

ОН АЙДЫҢ НӘТИЖЕСІ ОСЫНДАЙ

Статистика

 

 

Облысымыздың 2013 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

2013 жылы облысымызда әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпіні сақталды.

 

Өнеркәсіп. Құрылыс. Ауыл шаруашылығы

 

Биылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіптегі өндіріс индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда — 102,5 пайыз, құрылыста — 134,8 пайыз, көлікте — 7,7 пайыз, байланыста — 7,5 пайыз құрады .

Ағымдағы жылғы тоғыз айда облыста 1102,4 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді дайындауда оң серпін белгіленіп отыр — 100,5 пайыз, өңдеу өнеркәсібі — 111,4 пайыз, электрмен қамту, газ, бу жіберу және ауаны баптау саласы — 105,4 пайыз.

2013 жылғы қаңтар-қазанда құрылыс жұмыстарының (қызметтер) көлемі 134,2 миллиард теңге құрады.

Жыл басынан бері 316,9 мың шаршы метр тұрғын үй қатарға енгізілді, бұл өткен жыл деңгейінен 0,6 пайызға жоғары.

Алайда ауыл шаруашылығында өндірістің ілгері баспағаны байқалып отыр — 0,4 пайыз. Негізгі себеп мал шаруашылығы өнімін шығарудың  төмендеуі — 4,9 пайыз.

Тұтынушылық нарығы өзінің көлемдерін өсіру бетбұрысын сақтап отыр.

 

Сауда. Баға

 

Бөлшек сауда айналымы ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда 267,8 миллиард теңге көлеміне жетіп, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,5 пайызға өсті.

Тұтынушылық бағалар индексі 2013 жылғы қаңтарда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда — 103,9 пайыз (2012 жылғы қазанда  2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда — 104,2 пайыз) құрады.

Азық-түлік тауарларына бағалар — 2 пайызға, азық-түлік емес тауарларға — 1,7 пайызға, халыққа ақылы қызметке — 8,5 пайызға қымбаттады.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорын бағалары 2013 жылғы қазанда 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеді.

 

Көбейіп келеміз

 

2013 жылғы тоғыз айда облыс халқы  9,3 мың адамға өсті.

Үстіміздегі жылғы 1 қазанға облыс халқының жалпы саны 805,1 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы — 496,8 мың адам, бұл — халықтың  жалпы санының  61,7 пайызы, ауылда тұратын халық саны — 308,3 мың адам немесе  38,3 пайыз.

Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының  4,7 пайызы тұрады.

Биыл қаңтар-қыркүйекте өмірге келген 14 093 сәби тіркелді, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,5 пайызға көп, өлгендер саны — 4250  ( 3,3 пайызға аз).

Некеге тұру-ажырасу процесіндегі жағдай төмендегідей: ағымдағы жылдың тоғыз айында 6327 неке тіркелді (2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда — 97,9 пайыз), ажырасулар — 1812 (105,7 пайыз). Некеге тұрғандардың арасындағы ажырасулар саны 1000-ға шаққанда шамамен — 29.

 

Жалақы. Жұмыс

 

2013 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 94 057 теңгені құрады.

Атаулы есептелген жалақы өсімі өткен жылғы қазанға қарағанда5,5 пайыз, нақты көрінісінде 0,1 пайыз құрады.

Облыс бойынша жалақы орташадан жоғары болды:

өнеркәсіп — 117 055 теңге;

құрылыс — 99 447 теңге;

көлік және қоймалау — 130 365 теңге;

қаржы және сақтандыру қызметі — 122 923 теңге;

ақпарат және байланыс — 103 898 теңге;

кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 122 451 теңге;

мемлекеттік басқару — 100 961 теңге.

Облыс бойынша орташадан төмен жалақы төмендегі сала қызметкерлеріне тиесілі болып отыр:

ауыл шаруашылығы — 57 312 теңге;

білім саласы — 64 187 теңге;

денсаулық сақтау саласында — 72 760 теңге;

сауда — 77 950 теңге.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны  2013 жылғы қазанның аяғында өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 228 адамға жоғары болды және 1211 адам құрады.

Экономикалық белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3 пайызды құрады.

 

Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button