Басты жаңалықтар

Кәсіподақ көп мәселені шешеді

«Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ ұйымы» қазіргі уақытта қоғамдық ұйым ретінде 2150 адамды біріктіреді. Биылғы кәсіподақтар күні мерекесін облыстағы күшті әрі тығыз топтасқан кәсіподақ ұйымының бірінің мүшелері дәстүр бойынша бірге және тамаша спорттық формада қарсы алады.

Облыстық кәсіподақтары кеңесінің төрағасы Түрікпенбай Айжарықов пен оның бірінші орынбасары Виктор Пфаненштиль 5-6 қазанда өткен спорттық шараларды көру барысында бұған көздерін анық жеткізді.

Биылғы жылы компанияның үздік волейболшылары атағын жеңіп алу үшін ЖШС-нің барлық бөлімшелерінен 14 құрама команда қатысты. Сайыстарда өз шеберліктерін танытуға 350-ден астам адам талап қылды.

Егер алдын-ала айта кететін болсақ, жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды материалдық-техникалық жабдықтау қызметі, екінші орынды транспорт цехы жеңіп алды. Ал үшінші орынды 9-шы және 10-шы бригадалардың командасы бөлісті.

Компания қызметкерлерінің бағалауы бойынша жарыстың ашылу салтанаты олимпиадалық додалар дүбірінен кем түспегенге ұқсайды. Бұрыннан қалыптасқандай, Ту көтеріліп, Әнұран ойналды, басшылық тарапынан жарысқа қатысушыларға сәт сапар айтылды. Барлық командалар бірыңғай киініп, өздерінің үлкен дайындықпен келгендігін білдірді.

«Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ ұйымы» қоғамдық ұйымының Алғыс хатымен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны және елеулі үлесі үшін №9 бригаданың бұрғылаушысы Юлдаш Косчанов, МТС қойма меңгерушісі Руслан Мәмбетжанов, 21-бұрғылау бригадасының электронщигі Қадырғали Сахабаев, жүргізуші Ербол Тағанбаев және учаскелік механик Темірғали Қадыров салтанатты жағдайда марапатталды.

«Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары Ян Цивей мұндай жарыстарды кәсіподақ ұйымының жыл сайын ұйымдастырып, өткізетіндігін айтты.

— Мұндай кездесулер бірыңғай корпоративтік тұтастықты нығайтады, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімдейді, жақсы көңіл-күйде қарым-қатынас орнықтырады, мұның бір себебі, спорт алаңында бәрі де тепе-тең, мұнда тек қана әріптестік бар, — дейді бас директордың орынбасары.

Ян Цивей спорт алаңында болса да ресми емес қарым-қатынас қазақ және қытай халықтарының өзара жақындасып, мәдени баюларына жасалған жол іспетті деп санайды.

— Біз кәсіподақпен тығыз байланыста және өзара мүдделілікпен жұмыс істеудеміз, сол арқылы ұжымның немен тыныстайтынын тереңірек білеміз, 2400 жұмысшымыздың хал-ахуалын жақсырақ ұғынамыз,- дейді Ян Цивей. — Сондықтан біз бұл ұйымның бастамалары мен талаптарына ұдайы құлақ түреміз, қабылдаймыз.

Мысал ретінде айта кететін болсақ, биылғы жылы әлеуметтік мәселелерді талқылау барысында, оның ішінде жұмысшылардың еңбек ақысы ауқымын қарастырғанда «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ ұйымы» ҚҰ төрағасы Бекболат Омаров құнсыздану өсуі мен дағдарыстық ағымдарды ескеруге қатысты өз ұстанымынан таймай тұрып алды.

Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы келіссөздің қорытындысы нәтижесінде еңбекақыны жыл сайынғы ұлғайту мен компанияның кен орындарында, офисінде және басқа бөлімшелерінде тегін тамақтануға жету мүмкін болды. Бұрын мұнда тамақтану шығындарын ішінара ғана өтеу жүзеге асатын еді.

Сөз арасында айта кететін болсақ, ЖШС еңбекақы деңгейі бойынша облыстағы ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың алғашқы ондығына кіреді.

— Бұл біздің активіміздің облыстық кәсіподақтары кеңесінің қолдауымен жүргізіп жатқан мейлінше ауқымды жұмыстарының көзге көрініп тұрған бөлігі ғана, — дейді «Ұлы қабырға» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы» ЖШС кәсіподақ комитетінің жетекшісі Бекболат Омаров. — Кәсіподақтар бүгінгі күні әлеуметтік әріптестікте маңызды роль атқарады. Біздің Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты стратегиялық құжатында Қазақстан дамуының басты векторы ретінде еңбектің нақты өнімділігі, әлеуметтік қатынастардың барлық жүйесінің қызмет етуі, әріптестік негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін жасау және өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету атап көрсетілді. Осының барлығын біз алдағы үш жылға жасалған ұжымдық келісім-шартта ескеруге ұмтылдық. Ол кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қолдауды қарастырады және бірінші кезекте ұжымдағы тұрақтылықты сақтауға және қауіпсіздік техникасы мен еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.   

Бекболат Омаров қазіргі кезде кәсіпорынның барлығы 2400 адамды толық ауқымдағы жұмыспен қамту үшін қажетті көлемдегі тапсырыстың болмауы қиындықтарын бастан кешіп отырғанын жасырмайды.

— Алайда ақиқатын айтуымыз керек, жұмыс беруші тарап компанияның жұмысшыларының тіршілік деңгейі төмендемеуі үшін барлық жағдайды жасауда. Біздің мүмкіндігімізде өте қуатты актив бар, дегенмен барлық мәселелерді біз әкімшілікпен біріге отырып, барлық уақытта да Қазақстан Республикасы құқықтық аумағы аясында шешеміз. Біз «ҚР кәсіподақтары туралы» жаңа заңының қабылдануын күтудеміз, оның тұтастай алғанда кәсіподақ жұмысына және оның ролі мен мәртебесіне принципті түрде жаңа сапа беретіндігіне сенеміз, — дейді ол.

Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесі қарсаңында өзінің әріптестері мен күллі ақтөбеліктерді осы атаулы сәтпен құттықтап, барлығына денсаулық, ізгіліктер мен игіліктер, белсенді өмір ұстанымын, бейбітшілік пен тұрақтылық тілейтіндігін білдірді.

 

Ләззат ЕГІБАЕВА.  

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button