Оразаларыңыз қабыл болсын!

«Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине, сақсынарсыңдар» — делінген қасиетті Құранда. («Бақара», 183-аят)
Және осы парыз оразаның рамазан айында өтелуі керектігі айтылады: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және ақ пен қараны айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар». («Бақара», 185-аят)
Биыл қасиетті Рамазан айы — 30 күн. Пітір садақа Рамазанның алғашқы күнінен бастап айт намазына дейін беріледі. Ақтөбеліктер үшін пітір мөлшері — 150 теңге. Пітір садақа жоқ-жітікке немесе мешітке табысталады.
«Бақара» сүресінде, сонымен қатар: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай оразаға шамасы келмейтіндер, (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы» — делінген. (184-аят) Ораза ұстауға шамасы жетпейтін адамдар міскіндерге, мұқтаж жандарға фидия берулері керек. Ақтөбе бойынша фидия мөлшері әр күн үшін — 500 теңге. Отыз күннің фидиясын бір адамға бере ме немесе бірнеше адамға бөліп бере ме — ол әркімнің өз еркіндегі іс.
Ал мың айдан да қайырлы саналатын қасиетті Қадір түні биыл тамыздың 3-інен 4-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ал Ораза айт мейрамы 8 тамыз күні басталады. Айт намазы Ақтөбеде 8 тамыз күні сағат 8.30-да оқылады.
Оразаларыңыз қабыл болсын!
ҚАСИЕТТI РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ОРАЗА ҰСТАУ МЕН НАМАЗ ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ КЕСТЕСI (Ақтөбе уақыты бойынша)
Рамазан айының ретi |
Апта
күндерi |
Шілде-тамыз
айы |
Ауыз бекіту уақыты | Таң
намазы |
Күннiң
шығуы |
Бесiн
намазы
|
Екiнтi намазы | Ақшам
намазы (ауыз ашар) |
Құптан
намазы |
| 1 | Сейсенбi | 9 | 2.40 | 3.11 | 5.11 | 13.17 | 18.48 | 21.28 | 23.08 |
| 2 | Сәрсенбi | 10 | 2.41 | 3.12 | 5.12 | 13.17 | 18.47 | 21.27 | 23.07 |
| 3 | Бейсенбi | 11 | 2.42 | 3.13 | 5.13 | 13.18 | 18.47 | 21.26 | 23.06 |
| 4 | Жұма | 12 | 2.43 | 3.14 | 5.14 | 13.18 | 18.47 | 21.26 | 23.06 |
| 5 | Сенбi | 13 | 2.44 | 3.15 | 5.15 | 13.18 | 18.46 | 21.25 | 23.05 |
| 6 | Жексенбi | 14 | 2.45 | 3.16 | 5.16 | 13.18 | 18.46 | 21.24 | 23.04 |
| 7 | Дүйсенбi | 15 | 2.47 | 3.18 | 5.18 | 13.18 | 18.45 | 21.23 | 23.03 |
| 8 | Сейсенбi | 16 | 2.48 | 3.19 | 5.19 | 13.18 | 18.45 | 21.22 | 23.02 |
| 9 | Сәрсенбi | 17 | 2.49 | 3.20 | 5.20 | 13.18 | 18.44 | 21.21 | 23.01 |
| 10 | Бейсенбi | 18 | 2.50 | 3.21 | 5.21 | 13.18 | 18.44 | 21.20 | 23.00 |
| 11 | Жұма | 19 | 2.51 | 3.22 | 5.22 | 13.18 | 18.43 | 21.19 | 22.59 |
| 12 | Сенбi | 20 | 2.52 | 3.23 | 5.23 | 13:18 | 18.43 | 21.18 | 22.58 |
| 13 | Жексенбi | 21 | 2.54 | 3.25 | 5.25 | 13.19 | 18.42 | 21.17 | 22.57 |
| 14 | Дүйсенбi | 22 | 2.55 | 3.26 | 5.26 | 13.19 | 18.41 | 21.15 | 22.55 |
| 15 | Сейсенбi | 23 | 2.56 | 3.27 | 5.27 | 13.19 | 18.41 | 21.14 | 22.54 |
| 16 | Сәрсенбi | 24 | 2.57 | 3.28 | 5.28 | 13.19 | 18.40 | 21.13 | 22.53 |
| 17 | Бейсенбi | 25 | 2.59 | 3.30 | 5.30 | 13.19 | 18.39 | 21.12 | 22.52 |
| 18 | Жұма | 26 | 3.00 | 3.31 | 5.31 | 13.19 | 18.39 | 21.10 | 22.50 |
| 19 | Сенбi | 27 | 3.01 | 3.32 | 5.32 | 13.19 | 18.38 | 21.09 | 22.49 |
| 20 | Жексенбi | 28 | 3.03 | 3.34 | 5.34 | 13.19 | 18.37 | 21.08 | 22.48 |
| 21 | Дүйсенбi | 29 | 3.04 | 3.35 | 5.35 | 13.19 | 18.36 | 21.06 | 22.46 |
| 22 | Сейсенбi | 30 | 3.05 | 3.37 | 5.37 | 13.19 | 18.35 | 21.05 | 22.45 |
| 23 | Сәрсенбi | 31 | 3.06 | 3.38 | 5.38 | 13.19 | 18.34 | 21.03 | 22.43 |
| 24 | Бейсенбi | 1 | 3.07 | 3.39 | 5.39 | 13.18 | 18.33 | 21.02 | 22.42 |
| 25 | Жұма | 2 | 3.09 | 3.41 | 5.41 | 13.18 | 18.32 | 21.00 | 22.40 |
| 26 | Сенбi | 3 | 3.10 | 3.42 | 5.42 | 13.18 | 18.31 | 20.59 | 22.39 |
| 27 | Жексенбi | 4 | 3.12 | 3.44 | 5.44 | 13.18 | 18.30 | 20.57 | 22.37 |
| 28 | Дүйсенбi | 5 | 3.13 | 3.45 | 5.45 | 13.18 | 18.29 | 20.55 | 22.35 |
| 29 | Сейсенбі | 6 | 3.14 | 3.46 | 5.46 | 13.18 | 18.28 | 20.54 | 22.34 |
| 30 | Сәрсенбі | 7 | 3.16 | 3.48 | 5.48 | 13.18 | 18.27 | 20.52 | 22.32 |
ҚҰРМЕТТI МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР!
Алла Тағала бәрiңiзге мықты денсаулық, зор күш-қуат берсiн, жасаған ғибадаттарыңызды қабыл етсiн!
АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ «НҰР ҒАСЫР» МЕШІТІ.



