Саясат

Тағайындаулар

«Нұр Отан» халықтық демокартиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің 2013 жылдың 25 маусымындағы бұйрығына сәйкес «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне  Асқар Маратұлы Ғабидуллин тағайындалды.

Асқар Маратұлы Ғабидуллин 1976 жылдың 23 мамырында туған. Екі жоғары білімі бар.

Бұған дейін облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей аппаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еңбек жолын 1988-2011 жылдары аралығында  облыстың шағын және орта бизнесі мен мемлекттік органдар саласында қызмет жасады.

2011 жылы Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Константин Викторович Петров  2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

Константин Викторович Петров

 

1969 жылы дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педогогикалық институтын химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектепте химия және билогия пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Ақтөбе қаласындағы №27 ОМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Әр жылдары «Казхром» ТҰК» АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытында цех бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың қаңтар айынан бері  облыс әкімі аппараты басшысы.

 

* * *

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 Заңының 6-бабының 2-1-тармағына, 25-1-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы  10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженiң 12-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты шешімімен Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып Сағат Еңсегенұлы тағайындалды. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшісі С.Еңсегенұлымен 5 жыл мерзiмге еңбек шарты жасалады.

Сағат Еңсегенұлы 1958  жылы дүниеге келген, қазақ, екі жоғары білімі бар: экономист мамандығы бойынша Алматы халық  шаруашылығы  институтын және  экономика магистрі мамандығы бойынша Атырау мұнай және газ институтын бітірген.

Облыстық және аудандық қаржы органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Екі мың екінші және  екі мың төртінші жылдар  аралығында Атырау қаласы әкімінің орынбасары болды.

2004 жылғы шілдеден бастап Ақтөбе облысының қаржы басқармасының басшысы.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 Заңының 6-бабының 2-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы Ереженiң 45-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты шешімімен Р.Ә.Айдашева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.

 

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 Жарлығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің 2013 жылғы 1 шілдедегі өкімімен Рузия Әдиетқызы Айдашева ауыстыру тәртібімен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Рузия Әдиетқызы Айдашева

 

1961 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын қазіргі Батыс Қазақстан облысы Семиглавомарск мамандандырылған ауыл шаруашылығы бірлестігінде 1980 жылы бухгалтер болып бастады.

Әр жылдарда Ақтөбе қаласы қаржы бөлімінде аға экономист, бас маман, бюджет бөлісі бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы төлем орталығы бөлімше бастығының орынбасары, Ақтөбе қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Ақтөбе қаласы қаржы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011 жылдың қыркүйек айынан Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрайымы.

 

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұрынғы  басшысы Ғани Мерғалиұлы Тасмағанбетов  басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқаратын лауазымынан босатылды.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Асқар Тұрарұлы Шериязданов Алға аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Алға ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Асқар Тұрарұлы Шериязданов

 

1968 жылы туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Алматы экономика және статистика институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы №7кәсіптік-техникалық училищесінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы болып бастады.

Әр жылдарда тілдер жөніндегі облыстық басқарманың бас маманы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы, әкімнің кеңесшісі ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры, облыстық туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.

«Батыс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ бөлім бастығы, департамент директоры, Астана қаласындағы өкілі, Астана қаласындағы «Алтын Қыран» компаниялар тобы бас директорының орынбасары қызметтерінде болды.

2011 жылдың қазан айынан бері Ақтөбе қаласы әкімі аппараты басшысы.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Аманғали Бисенбайұлы  Бердалин Әйтеке би аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Әйтеке би ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Аманғали Бисенбайұлы Бердалин

 

1964 жылы дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-малдәрігерлік институтын мал дәрігері мамандығы бойынша, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Әйтеке би ауданындағы Шевченко атындағы кеңшарда қарапайым жұмысшы-құрылысшы ретінде бастаған.

Әйтеке би ауданындағы Шевченко атындағы совхозда аға, бас мал дәрігері қызметін атқарған. Ұзақ жылдар бойы Әйтеке би ауданындағы «Қарабұтақ» ЖШС-да басшылық жасады.

2012 жылдың наурыз айынан бері Әйтеке би ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Нұржан Байдәулетұлы Аққұл Байғанин аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Байғанин ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Нұржан Байдәулетұлы Аққұл

 

1961 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Байғанин аудандық қаржы бөлімінде аға экономист болып бастап, кейінірек кіріс бөлімінің басшысы болды. Әр жылдарда Крупская атындағы кеңшарды бас бухгалтері, Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде қызмет атқарды.

Байғанин, Мұғалжар аудандарында салық комитетінің төрағасы болды.

2008 жылдың шілде айынан Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Рахат Мәжитұлы Сыдықов Қарғалы аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Қарғалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Рахат Мәжитұлы Сыдықов

 

1962 жылы дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Ақтөбе өндірістік бірлестігіндегі газ шаруашылығында аға инженер қызметінен бастаған.

Ұзақ жылдар бойы Шалқар ауданаралық газ шаруашылығы басқармасына басшылық жасады.

2002 жылдың мамыр айынан бері Шалқар ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Асқар Қазиханұлы Жүсібәлиев Қобда аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Қобда ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Асқар Қазиханұлы Жүсібәлиев

 

1963 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном, Алматы экономика және статистика институтын есеп және аудит

мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Исатай (қазіргі Қобда) ауданында «Ақыраб» кеңшарының агрономы болып бастаған. Қобда аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, бастықтың орынбасары, Қобда ауданындағы «Бестау» ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

2007 жылы облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, содан кейін ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша аймақаралық жер инспекциясының бастығы болды.

2011 жылғы сәуір айынан бері Қобда ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Мәди Қанатбайұлы Елеусізов Мәртөк аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Мәртөк ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Мәди Қанатбайұлы Елеусізов

 

1976 жылы туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін экономист мамандығы бойынша, Ресей кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласындағы «Южбозой» АҚ-да экономист қызметінен бастаған.

Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау басқармасында түрлі қызметтер атқарған. Қобда ауданы әкімінің орынбасары,  кейін Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2010 жылғы сәуір айынан бері Мәртөк ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов Мұғалжар аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Мұғалжар ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Серік Тілеулесұлы Шаңғұтов

 

1953 жылы туған. Ақтөбе педагогика институтын математика пәнінің мұғалімі, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист,  Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1970 жылы Шалқар ауданындағы Жылан станциясында жол монтері болып бастаған.

Ембі қаласындағы №456, №49 мектептерде мұғалім, Мұғаджар аудандық комсомол комитетінің хатшысы, «Орқаш» кеңшары партия ұйымының хатшысы, Мұғаджар аудандық партия комитетінің хатшысы болды.

Әр жылдарда Мұғаджар аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Жұрын» кеңшарының директоры, «Жұрын» АҚ президенті, «Құмжарған» ЖШС директоры болып қызмет атқарды.

2006 жылдың қаңтар айынан бері Мұғалжар ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Мавр Ерғалиұлы Абдуллин Ойыл аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Ойыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Мавр Ерғалиұлы Абдуллин

 

1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл ауданындағы 40-жол пайдалану учаскесінде бастады. Сол ауданда жеке кәсіпкерлікпен шұғылданды. Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012 жылдың сәуір айынан Ойыл ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 28 маусымдағы өкімімен Бауыржан Нұралыұлы Қаниев Темір аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 28 маусымдағы еңбек шарты негізінде Темір ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Бауыржан Нұралыұлы Қаниев

 

1958 жылы туған. Мәскеудің К. Скрябин атындағы ветеринария академиясын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Мұғаджар асыл тұқымды жылқы зауытының зоотехнигі болып бастады. «Қазақстан» кеңшарының бас зоотехнигі, Мұғаджар аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, аудандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Одан кейінгі кезеңде Мұғалжар ауданындағы «Ембі» кеңшарының, «Ембі» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, «Жем» АҚ президенті, «Белқұдық» ЖШС директоры болды. Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Хромтау ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2009 жылдың сәуір айнан Темір ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Аязбай Қайырғалиұлы Османғалиев Хромтау аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Хромтау ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Аязбай Қайырғалиұлы Османғалиев

 

1963 жылы туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде инженер-құрлысшы мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1989 жылы Алға ауданындағы «Сарықобда» колхозында экономист қызметінен бастаған.

Черноводский жеке сауда кәсіпорнында директор, қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы «Жаңа-Әлжан ұн комбинатында» басшылық қызметтер атқарған.

Кейін ҚР КжКМ Ақтөбе облысы бойынша транспорт инфрақұрлымын дамыту комитетінде басшының орынбасары, ҚР КжКМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменті директорының орынбасары қызметінде болды.

2010 жылғы қаңтардан бері — Хромтау ауданының әкімі.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 29 маусымдағы өкімімен Ербол Жеткергенұлы Данағұлов Шалқар аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 29 маусымдағы еңбек шарты негізінде Шалқар ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Ербол Жеткергенұлы Данағұлов

 

1981 жылы туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист-бухгалтер, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Шалқар ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы болып бастады. Әр жылдарда Шалқар ауданы әкімі аппаратында жинақтау-талдау бөлімінің меңгерушісі, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, әкімі қызметтерінде болды.

2012 жылғы желтоқсан айынан бері Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары.

 

* * *

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдерін қызметке тағайындау, олардың өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің  2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 06-7/89 «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2013 жылғы 27 маусымдағы өкімімен Мейірхан Дуанбеков Ырғыз аудандық мәслихатының келісімімен және 2013 жылғы 27 маусымдағы еңбек шарты негізінде Ырғыз ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Мейірхан Дуанбеков

 

1960 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1976 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы «Тәуіп» кеңшарында тракторшы ретінде бастаған.

Ырғыз аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында әртүрлі қызметтер атқарған. Кейін Ырғыз аудандық әкімшілігінің бөлім меңгерушісі, Ырғыз автокөлік кәсіпорнының басшысы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Ырғыз ауданындағы «Ырғыз» АҚ, «Нұра» ӨК, «Жармола» ЖШС-ін басқарған.

Сондай-ақ Құмтоғай селолық округінің әкімі, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2006 жылдың қазан айынан бері Ырғыз ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button