Татулық пен тұрақтылық кепілі

Сессия
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті.
Сессияға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, «Ассамблея жастарының» өкілдері, мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Сессияны ашқан облыс әкімі Асхат Шахаров Ассамблея 30 жыл ішінде елімізде этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуда бірегей тұғырнамаға айналғанын атап өтіп, Мемлекет басшысының қойған міндеттерін іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
— Этносаралықкелісім мен бірлік—өңіріміздіңтұрақтылығы мен дамуыныңнегізі. Барлық этникалық топтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру маңызды. Қазақстан халқы Ассамблеясы толеранттылық мәдениетін қалыптастыруда және әр халықтың салт-дәстүрлерін құрметтеуде шешуші рөл атқарады. Біз жастар көшбасшылығын дамытуға және мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Облыстың барлық тұрғындары үшін үйлесімді және гүлденген болашақты қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істеуіміз қажет, —деді облыс әкімі.

Жиында баяндама жасаған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әлібек Байнешов Президенттің тапсырмалары аясында өңірде этносаралық тұрақтылықты нығайту бойынша кешенді жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді. Этномедиацияныдамытып, жастарарасындамемлекеттіктілдіілгерілетуге, сондай-ақ этностардың мәдениеті мен өнерін дәріптеуге көңіл бөлінуде. Бұл бағытта ҚХА мүшелерінің қатысуымен республикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Ассамблеяның жастар қанаты мәдениетті, тілді және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
— Осы бағытта Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында облыстық деңгейде жол картасы бекітілді. Ендігі кезекте Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі 13 жобасы облыстық басқармалардың, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің атаулы даталар мен қоғамдық маңызы бар іс-шаралар жоспарына енгізіледі, —деді Әлібек Байнешов.
Сондай-ақ ол «Қоғамдық келісім» ғимаратын туристік картаға енгізу жұмыстары басталғанын және жыл соңына дейін аталған нысан мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мәдени көрмелер өткізу жоспарланғанын айтты. Сонымен қатар барлық ауданда шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Достық керуені» көшпелі концерттік бағдарламасы өткізіледі. «Елтану», «Бірлігіміз—әлеуметтану» жобалары аясында этномәдени бірлестіктер мектеп және колледж оқушыларыменк ездесулер ұйымдастырады.
Сессия барысында «Родина.KZ» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Виктория Сурай өз пікірімен бөлісіп, бірлестіктер алдағы уақытта мәдени және ағартушылық жобаларды дамыту арқылы бірлікті нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.
Ал жастарға қатысты бастамалар жайын Ассамблеяның жастар қанатының өкілі Якуб Тамаев айтып берді. Ол «Жастар Ассамблеясы» тек белсенді азаматтық қоғамдастық емес, сонымен қатар нағыз патриотизм мектебі екеніне тоқталды. Жастар бірлестігі қазақ тілін ілгерілету бойынша «SŪQBATTAS» подкасы, «Мәміле» клубы, «Söileqazaqşa» айдары сияқты жобаларды іске асырады, сондай-ақ этномедиация және медиа сауаттылық бойынша семинарлар, «Біздің заманның көшбасшылары» атты тренингтер өткізеді.
— Қазақ тілі—елдің тарихы, мәдени және рухани мұрасы. Ол— \ұлт бірлігін қалыптастыратын құрал, мемлекеттік басқару тілі, азаматтық бірегейліктің белгісі, — деді Якуб Тамаев.
Сессия соңында ҚХА мүшелері марапатталды. Асхат Шахаров облысқа сіңірген еңбегі үшін ардагерұстаз Хабиба Сарқұловаға куәлік пен төсбелгі табыстаса, «Әзірбайжандар қауымдастығы» облыстық филиалының төрағасы Рахиб Азизовті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
— Біз бұл жұмысты бірлесіп жалғастыруымыз керек. Тек диалог және бір-біріміздің мәдениетіміз бен тілімізді құрметтеу арқылы ғана еліміздің тұрақты болашағын қамтамасыз ете аламыз, —деп түйіндеді сөзін өңір басшысы.
Д.АЙДАР.



