Өңірлік мүдделерге сай қадам

«Орталық Азия+Қытай» саммиті — өңір мемлекеттері мен Қытай арасындағы байланыстарды ресми тетікке айналдыру жолындағы маңызды қадам. Бұл формат жаһандық геосаяси трансформациялар жағдайында Орталық Азия елдері үшін өзара келісілген ұстанымдарды білдірудің және өңірлік мүдделерді қорғаудың тиімді құралына айналып отыр. Саммиттердің кезектілікпен өткізілуі тепе-тең әріптестік пен сенімге негізделген ынтымақтастықтың айғағы.
2023 жылы өткен Сиань саммиті аясында қабылданған көлік, цифрландыру, логистика аумағындағы нақты салалық келісімдер мұндай платформаның практикалық маңызын көрсетеді.
Қазақстан үшін бұл – Қытаймен тек екіжақты емес, көпжақты форматта да ықпалдастықты кеңейтуге мүмкіндік беретін сыртқы саяси ресурс.
Еркін Шукурова,
«Ақтөбе облысы әйелдерінің аграрлық одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.