Саясат

Кадр саясаты — жаңа ұстаным

 

Жолдау

 «А» корпусына — ең лайықтылар

 «Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың мүлдем жаңа санаты — «А» корпусы  құрылады».

Н. Ә. Назарбаев, «Қазақстан-2050» стратегиясы —

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауынан

 

Біздің елімізде мемлекеттік қызмет реформасының жаңа айналымдары күш алуда, таяу мерзімдегі алты ай ауқымында құрылымдалатын «А» басқару корпусына үміткерлерді іріктеу басталды.

Басқарушы болуды қалайтын және осы бағытта қызметтік өсуге ұмтылатын ақтөбеліктерге қандай талаптар қойылады, шенеуніктер үшін кешегі және ертеңгі күннің міндеттері қандай — міне, осындай сауалдарға облыс әкімі аппаратының басшысы Константин Петров жауап береді.       

 

— Константин Викторович, біздің елімізде әкімшілік реформасын жүргізудің немен байланысты туындап отырғандығы жөнінде бірер ауыз түсінік бере кетсеңіз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы —

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мемлекеттілікті нығайту мен халыққа қызмет етудің жаңа міндеттеріне жауап беретін мемлекеттік басқарудың жаңа типін қалыптастыру талабын алға қойды.

Меніңше, мемлекеттік қызметті реформалау қажеттігі уақыт талабы болып табылады.  Атқарушы билік органындағы өз жұмыс тәжірибемнен білетінім, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келген түрдегі мемлекеттік аппарат механизмі жетілдіруді қажет етеді.  Басқарушылардың жаңа буыны  кемінде екі тілді меңгерген және қуатты ақпараттық ағынды өзгеше қабылдай алатын, сандық әлем жағдайында ойлайтын замандастарымен тең жағдайда болуға міндетті.  Мұның барлығын бұрынғы жылдардан жинақталған білім мен тәжірибенің қоры есебімен мемлекеттік аппараттың қазіргі заманғы жүйесіне біріктіру қажет.  

Бүгінгі күні жүргізіліп жатқан реформаның арқасында, мемлекеттік шенеуніктерді уәждемелеу мен бақылаудың қуатты механизмі құрылымдалды: әркім білімнің белгілі бір деңгейіне ие бола отырып, өзінің перспективасын білуі және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс, олай болмаған жағдайда «А» корпусында болу мүмкіндігі төмендей түседі. Жаңа жағдайлар жаңаша ұстанымды талап етеді.

— Біздің аймағымызда Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша қандай нақты шаралар қабылдануда?

— Ең алдымен, кадрлар комиссиясы құрылып, оның құрамына ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасының, облыстық мәслихаттың, облыс әкімі аппаратының және облыстық тексеру комиссиясының өкілдері енді. Төраға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов болып табылатын комиссияның негізгі міндеттерінің бірі «А» корпусы мемлекеттік қызметшілері тұрғысында, оның ішінде мансаптық жоспарлау, оқыту, ауыстыру жүргізу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, атқарып отырған қызметінен босату да бар, кадр саясатын жүзеге асыру болып табылады. Таяуда ғана бірінші мәжіліс өткізіліп, онда біздің облысымыз бойынша «А» басқарушылық корпусына кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру мәселесі қаралды. Осындай комиссиялар Ақтөбе қаласында, сондай-ақ облыстың барлық аудандарында жұмыс істейді.    

«А» корпусына іліккісі келетін үміткерлерден біз неғұрлым лайықтыларын таңдап, олардың қойылатын талаптарға сәйкестілігін тексеретін боламыз. Бұл арада тоқтала кететін жайт, белгіленген талаптар мейлінше жоғары, содан өткендерді кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға ұсынамыз.

Біз осындай түрде ғана әрбір қазақстандықтың мүдделерін қорғауға және ұстануға лайықты өз ретіндегі басқарушылық элитарлық корпусына айналатын тиімді басқарушылық буынды құрылымдай аламыз. 

— «А» корпусындағы аталған орынға үміткер адамдарға қандай талаптар қойылатынын атап көрсетпес пе екенсіз?

— Біріншіден, үміткер қазақстандық заңдылықтарды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды нақты білуі қажет, мұны тиісті тестілеу және әңгімелесу өткізілу барысында дәлелдеуіне болады. Бұдан басқа, үміткер жеке басы және басқарушылық қабілет-қарымының жоғары деңгейіне ие болып, қисынды ойлай білуі, сонымен бірге, әрине, мемлекеттік тілді білуі тиіс. Егер кімде-кім бұл мәселені тереңдеп білгісі келсе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/33 «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен танысуды ұсынамын, ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің сайтында орналасқан.

— Сіздің өзіңіздің «А» корпусына енуге ұмтылыс жасау ойыңызда бар ма?

— Неге болмасын? Мен өмірде өз алдыма жоғары мақсаттар қоюға және оған қол жеткізуге дағдыланған адаммын. Сондықтан да өз білімімді сынақтан өткізіп, өзімнің кәсіби жарамдылығымды дәлелдеуге сөзсіз ұмтыламын.

— Сөз соңында мынадай сауал қойсам, айып етпессіз. Сіз іріктеуден табысты өтіп, алдыңызда «А» корпусының кадр резервіне ену және басқа аймақта жұмыс істеу немесе ол лауазымнан бас тартып, осында қалу таңдауы тұрса не істер едіңіз?

— Егер мемлекет мені «А» корпусында қызмет етуге лайықты деп тапса, онда менің жеке пікірім мен өз мүддем екінші орынға шығар еді. Мен қай жерге қажет болсам, сөзсіз сонда барамын.

 

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы

 

«Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек».

Н.Ә.Назарбаев, «Қазақстан-2050» стратегиясы —

қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»

 

— Қазіргі уақытта қазақстандықтар биліктің алдағы уақыттағы орталықсыздануы жағдайына елеулі қызығушылықтар білдіруде. Осыған байланысты сіздің пікіріңізді білгіміз келеді. 

— Орталықсыздану мемлекеттік басқару жүйесін сапалық өзгертуді және жергілікті атөарушы органды күшейтуді болжамдайды, бұл біздің тігінен негіздемемізді нығайта түседі. Мұнда барлық жұмыстар бірізділікпен және жоспарлы түрде жүргізіледі. Мемлекет басшысы өткен жылдың қараша айының өзінде оны ұйымдастырудың және қызметінің негізгі принциптерін айқындаған Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың концепциясын бекіткен болатын. Бұл ретте 2013-2014 жылдарда жүргізілетін дамудың бірінші кезеңі басқарудың нақ төменгі деңгейіндегі іс басындағы жүйенің әлеуетін кеңейтуді мақсат тұтады. Концепцияда елді мекендер үшін көкейкесті мәселелерді шешуде жергілікті тұрғындардың рөлін көтеру бойынша бірқатар шаралар белгіленген, бұл өз кезегінде мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтады.

— Еліміз тарихында бірінші рет болғалы отырған селолық округтердің әкімдерін сайлау уақыты да қашық емес. Біздің облысымызда осыған байланысты қандай дайындық жұмыстары жүргізілуде?

— Ақтөбе облысында барлық деңгейдегі 149 әкім бар. Қазіргі уақытта біз Елбасының сайлауды өткізу мерзімін белгілейтін тиісті жарлығын күтудеміз. Бұл, қалай дегенде де, қол қусырып қарап отыруымызды білдірмейді. Қазірдің өзінде іс басындағы аудан әкімдеріне ауылдардағы беделге ие, неғұрлым дайындығы мол үміткерлерді іріктеу жөнінде жұмыстарды бастау тапсырылды. 

Алдағы сайлаулар баламалы негізде, яғни жанама дауыс беру арқылы өтеді, онда дауыс берушілер аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары болады. Селолық әкімдер аудан әкімдерінің ұсынысы бойынша төрт жыл мерзімге сайланады. 

Селолық әкімдердің қосымша өкілеттіктерге ие болуы, олардың қаржылық дербестігі кеңеюі нәтижесінде жергілікті жердегі ахуалға ықпал етуі айтарлықтай күшейе түседі. 

— Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтегі кадрлар құрамының сапалық жақсаруы қажеттігіне назар аударды. Сіз біздің аймағымыздағы кадр әлеуетін дамыту туралы не айтар едіңіз?

— Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жоғары талаптарға байланысты облыс әкімі аппараты тарапынан қазіргі заманғы жетекшілерді даярлау бойынша шаралар қабылдануда. Жыл қорытындысына сәйкес қызметтің жеті негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырылатын аудан әкімдері аппараттарының жұмыстарының тиімділігіне жүргізілген бағалау өзінің дұрыстығын көрсетті. Мұнда әрбір бағыт жұмыстың 40-50 өлшемдері ретін қамтиды, бұның өзі барынша объективті және бәрін қамтитын бағалауға қол жеткізеді. Аталған жұмыстар ұдайы және жоспарлы түрде жүргізілетіндіктен, соның нәтижесінде барлық деңгейдегі әкімшіліктердің жауапты қызметкерлері өздерінің әлсіз тұстарын айқын көре біледі және алдағы уақытта өз қызметін қандай бағытта жетілдіруді сезінеді. Бұдан басқа, адамдар өз әріптестерінің нәтижелі еңбектерін көреді, мұның өзі жұмысты жетілдіре түсуге қосымша ынталылық тудыратыны ақиқат.

Бағалау жүргізілгеннен кейін іс бітті деп айтуға болмайды. Біз жергілікті жерлерде болып, әрбір өлшемді дерлік талдап, жұртшылық алдында талқылаймыз. Әрбір аудан бойынша іс-әрекеттер бағдарламасын жасап, біріккен түрде практикалық жұмыстардың қойылатын талаптарға барынша сәйкес болуына қол жеткізуге ұмтыламыз.  

Біз осылайша адамдарды жақсы біле түсеміз, қандай маманның қай жерде көбірек пайда әкелетіндігін айқындаймыз. Неғұрлым лайықтыларын кадрлардың өсіру және орнын ауыстыру бағдарламасына қосатын боламыз. Бұл біздің кадр әлеуетімізді дамытуға және Мемлекет басшысының кәсіби мамандарды ғана лауазымдық сатылар бойынша жылжыту қажеттігі туралы тапсырмасын орындай отырып, кадрлық жоспарлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.   

Біз негізінен қазіргі уақытта селолық әкімдердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруіне бағытталған шаралар кешенін жасадық. Оларды мемлекеттік сатып алу негіздерін, электронды мемлекеттік қызметтерді ұсынуды үйренуі бойынша ай сайынғы семинардан өткізу жоспарланды. Осы сәуір айының соңында Ырғызда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасымен бірлесе отырып, бірінші семинар-кеңес өткізуді жоспарлаудамыз, оған барлық селолық округтердің әкімдері, аппарат қызметкерлері қатысады. Семинарда мемлекеттік қызметшінің имиджі, мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік сатып алу, норма-шығармашылық, аудандық әкімдік қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту секілді мәселелер талқыланатын болады.   

Бұл жай ғана науқандық жұмыс емес, мұндай жұмыстар жоспарлы түрде жүйелілікпен жүргізіледі және облыстың барлық аудандарын қамтиды. 

— Ұғынықты және ашық әңгімеңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Алдағы ойларыңыздың жүзеге асуына табыс тілейміз.

 

Әңгімені жазып алған Любовь ЧЕРНОВА.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button