«ЕДІГЕ» ЭПОСЫ: эпикалық шындық пен ТАРИХи шындық

Ер Едігенің туғанына – 655 жыл
Бұл айтылған жағдайлардан эпосты шығарушылар мен айтушылардың, оны тыңдаушылардың Шыңғыс ұрпағы, заңды хан әрі Алтын Орда мемлекетін қайта қалпына келтіруге өлшеусіз еңбек сіңірген, он сегіз жыл билік құрған Тоқтамысқа бейжай қарай алмайтындығы анық аңғарылады.
Тоқтамыс ханның есімі Қарашай-Шеркеш республикасында жер атауы арқылы сақталып қалған. Черкесск қаласының Солтүстік-Шығысында, қаладан 20 шақырымдай жерде «Тоқтамыс аулы» деген елді мекен бар. Кубань өзенінің Черкесск қаласының Солтүстік-Шығысына құлайтын тармағын «Тоқтамыс суы» деп атайды. «Тоқтамыс суының» жоғарғы жағын «Тоқтамыс тамағы» деп атайды. Осы республикадағы Қарашай ауданының Жоғарғы Мара аулының Оңтүстігіндегі тау «Тоқтамыс тауы» деп аталады. Черкесскімен екі аралық 60 шақырым шамасында. Ал Кіші Қарашай ауданындағы Бичесин үстіртінің Солтүстігіндегі қырат «Тоқтамыс сырты» деп аталады. Осы үстірттегі жайлау «Тоқтамыс жайлауы» деп аталады. Бұл жайлау Черкесскіден гөрі атақты Кисловодск қаласына жақын. Кисловодскімен екі орта 40 шақырым шамасында. Қарақалпақстанда «Тоқтамыстың көз жасы» деген жер бар, одан үнемі су шығып, жылға бап ағып жатады. Осылардың өзі-ақ Тоқтамыс есімінің халық жадында берік сақталып қалғанына нақты айғақ болса керек.
АҚСАҚ ТЕМІР (Тимурлан)
Сол күнде Ақсақ Темір патша болып,
Қазаққа келіп ойран салған жері.
Кердері Әбубәкір
Жеңіске жеткен Темір біздің астанамыз Сарайды, Хажы Тарханды тонап, қиратып, халқын қырады.
Мұның растығын М.Сафаргалиев былайша дәлелдейді: «Данные археологических раскопок А.В.Терещенко в Новом Сарае полностью подтвердили следы невероятных зверств, совершенных Тимуром в этом городе. В развалинах города были найдены одни обрубки человеческих тел, ноги лежали поперек туловища, кости были изрублены в мелкие куски, в разных местах валялись остатки человеческих тел, иные без черепов, другие без рук и ног. Такому же разграблению подверглись и другие города Золотой Орды: Старый Сарай, Бальджимен, Маджар, Азак (Тана), Солхат, Дедяков и др. На этот раз Тимур проявил исключительную жестокость в отношении Золотой Орды и особенно к ее городским центрам… Разрушая города, кровожадный завоеватель сознательно стремился к максимальному подрыву старой караванной торговли через Крым и Хорезм» [Сафаргалиев М.Г. 1960,с.170].
Бәрін көзімен көрген Ақсақ Темірдің жеке жылнамашысы Шараф-ад-дин Әли Жезді: «Сахибкиран вошел в Хаджи Тархан, собрал с народа налог пощады. Собрав налог пощады, город обобрали. Царевичи и беки прошли реку Итиль по льду, а Мухаммади пустили под лед. Победоносные войска достигли Сарая, взяли его, город сожгли, а жителей ограбили, схватили и привели», – деп таңбалаған [Шарафад-дин Әли Жезді. Зафар-наме. – Ташкент: SANAT, 2008,204-б].
Тарихшының жазуы бойынша, Ақсақ Темір тек қалаларды ғана осындай күйге түсіріп қоймайды, оның айналасындағы өзінің ат тұяғы жеткен жерлердің бәрін қырып, өртеп, тып-типыл қылады. Сол жылы қыс қатты болып, ел аштыққа ұшырайды. «Однако из-за сильного холода и обилия снега много лошадей пало, из-за отсутствия корма много другого скота тоже погибло, у людей не осталось зерна, и начался голод» [Шарафад-дин Әли Жезді. Зафар-наме. – Ташкент: SANAT, 2008,204-б].
Қыстың суық болғаны сонша – Темір әскері ас-судан тапшылық көреді. Айналасын тонап, жиып алып отырған Темірдің әскері қиыншылық көрсе, соғыс қаһарына ұшыраған өзге жұрттың не болғанын болжап білу қиын емес. Ғалым тағы да былай дейді: «Производительные силы страны были разрушены, огромная толпа народа уведена в плен, те, кто уцелел, бежал по окраинам государства, лишенные крова, скота, обжитых местностей, влача нищенский образ жизни, короче говоря, страна была поставлена перед катастрофой. Если после первого похода Тимура кочевники Золотой Орды были в состоянии кое-как свести концы с концами, теперь же – после1395 г. не могло и быть речи о восстановлении единства государства» [Сафаргалиев М.Г. 1960,с.171].
Қазақ, ноғай версиясы нұсқаларында Ақсақ Темірдің Алтын Ордаға басып кіруі айтылмайды. Бұл оқиға қарақалпақ, татар версияларында көрсетілген. Мәселен, қарақалпақтардағы Қияс нұсқасында:
Ләшкерлерин талдырмай, Әскерлерін талдырмай,
Қыйратып жолда қалдырмай, Қиратып жолда қалдырмай,
Сатемирдей уллы хан, Сәтемірдей ұлы хан,
Үш ай он күн толғанда, Үшай, он күн толғанда,
Ләшкерине бас болып, Әскеріне бас болып,
Ноғайға араласады. Ноғайға араласады.
Ғәзебин тигип айдады, Ашуын тігіп айдады,
Қарыу-жарағын сайлады, Қару-жарағын сайлады,
Питти мәксет-мурады. Бітті мақсат-мұраты.
Қара қурттай толысып, Қарақұрттай толысып,
Едилдиң қара сууына Еділдің қара суына
Алды келип қулады, Алды келіп құлады, –
делінген [Едиге. – Нөкис: 1990,312-б].
Тоқтамыстың Теректегі жеңілісі Алтын Орданың толық күйреуіне әкелді. Қаншама ақсүйектер мен әмірлер бірінші сәтсіздіктен кейін ханды тастап, өз ұлыстарына кетті. Бұл Темірдің тез жаулап алуына жағдай жасады. Керуен арқылы сауда жасау өз мағынасын жоғалтты. Бұған бек риза болған кейінгі кеңес тарихшысы былай деп жазады: «Золотая Орда после1395 г. явно стала клониться к упадку. Разгром Мамая в1380 г. на Куликовом поле был первым и главным клином, вбитым в Золотую Орду; поражение на Тереке1395 г. и разгром Сарая были вторым ударом. Тимур вел борьбу с Золотой Ордой ради среднеазиатских интересов и без контакта с московским князем, о котором не имел ясного представления; однако объективно он сделал полезное дело не только для Средней Азии, но и для Руси. Тимур не понимал, какое значение для русской истории имел его удар по Золотой Орде, да и о Руси своего времени не имел в какой-нибудь мере соответствующих действительных знании. Русская же летопись сохранила о Тимуре очень плохое воспоминание, так как в том же1395 г. он поджег и ограбил несколько южнорусских городов» дейді [Якубовский А. Тимур // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.109]. Бұл жерде ғалымның бір сөзіне екінші сөзі қайшы келіп тұр. Ақсақ Темір Ресейдің жағдайын жақсы білген. Астана Сарайды тып-типыл қылмастан бұрын Тоқтамыс әскерінің қалдығын қуалап, Ресей шекарасына өткен. Мәскеу іргесіне дейін барып, ол жерде 15 күн аялдаған. Төніп келген қауіптен бүкіл қаладағылар қалтыраған. Темірдің Мәскеу туралы бұрыннан да хабары барлығы ақыл-ойға қайшы келмейді. Себебі оның көз жазбай отырған адамы Тоқтамыс, жоғарыда айтқанымыздай, 1382 жылы Мәскеуді шауып, бүкіл орыс жерін дәрегейіне келтіріп, Алтын Ордаға бұрынғыдай алым-салық төлейтін қылып қойған. Сол заманда Тоқтамыспен қатар өмір сүрген ірі мемлекет қайраткері, бүкіл дүниежүзін жаулап алуды көздеген адамның Ресей туралы ештеңе білмеуі мүмкін еместігі осыдан келіп шығады.
Соңғы зерттеушілердің біреуі Темір Мәскеу түбінде жаман түс көріп, кейін қайтыпты-мыс десе, екінші біреулері олай емес, ұлы князь Дмитрий Донскойдың әскерінен сескеніп, кейін шегініпті дейді. Бұл екі пікір де – логикалық ойлауға, ақыл-ой тұжырымына сыйыспайтын оғаш нәрселер. Тіпті осы екеуін салыстырған күннің өзінде де Ақсақ Темірдің түстен қорықса да, ұлы князь Дмитрий Донскойдың қаһарынан сескенуі – ақылға сыймайтын іс. Бұл жерде Темірдің ойластырған өзгеше бір жоспары, бөлек байламы бар екендігі байқалады.
Бұл жағдайға қатысты тарихшы Л.Лянглэ былай дейді: «Великая Россия выдержала ожесточение этих варваров, которые все предали огню и мечу. Тимур пошел прямо на Москву. Его приближение распространило ужас в этой столице, но он не взял ее, как говорит его историограф Шерифэддин. Он остановился на границе Рязанского княжества и вдруг вернулся назад. Причина перемены его намерений неизвестна» [Лянглэ Л. Жизнь Тимура // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.195]. Мұның себебін кейінгі тарихшылар саралай салыстыра отырып, айқындап берді, олардың айтуларынша, Ақсақ Темір мұсылман қауымына қарсы күрескен қолбасы.
Ақсақ Темірдің Алтын Орданы қайта оңалмастай етіп тұралатқанын Ибн Арабшах былайша таңбалайды: «Енді бұл жерлерде, Хорезмнен Қырымға дейін бұрынғы халықтар мен адамдардың ешбірі өмір сүрмейді және қозғалыс жоқ, енді онда қара құйрықтар мен түйелер қауымдарынан басқа ештеңе де жоқ. Дештінің астанасы – Сарай. Бұл қала мұсылманша салынған, керемет қамалы бар. Сарай ғылымның орталығына айналды. Қысқа мерзім ішінде мұнда ғалымдар мен атақтылардың, шешендер мен шеберлердің, тіптен барлық лайық адамдардың тамаша зиялы үлесі жиналды. Мұндай белгілі кісілер тіптен көп адам екен дейтін Египеттің бөліктерінде де, елді мекендерінде де жинақталған жоқ еді» [Прошлое Казахстана. 1997,с.280]. Осы оқиға, Темірдің Алтын Орданы тұралатып тонауы турасында татарлардың жиынтық нұсқасында:
…Шаһ Тимердәй олы хан …Шаһ Темірдей ұлы хан
Алтын агач тутый кош, Алтын ағаш, тоты құс,
Ал тәхетне алдырып, Ал тағына алдырып,
Ак филенә мендереп, Ақ піліне міндіріп,
Эченә үзен ундырып, Ішіне өзін ендіріп,
Бар казнаны алдырып, Бар қазынаны алдырып,
Алы тулы мал белән, Алды толы малменен,
Арты тулы чаң белән, Арты толды шаңменен,
Айларлы коллар белән, Айдарлы құлдарменен,
Толымлы күңләр белән Тұлымды күндермен
Сәмәркандка юнәлде, Самарқандқа жөнелді, –
деп көрсетілген [Идәгә. – Казан.1988,171-б].
Яғни, бар қазынаны, малды ғана емес, қаншама адамды «айдарлы құл, тұлымды күң» ретінде Самарқандқа алып кеткен. Жиһангердің Алтын Орда шегіне қисапсыз қолмен келуі эпостың қарақалпақ версиясында: «Елдің шетінде Сәтемір үш күн жатып, бас-аяғын жинап, әскерінің есебін алды», – деп көрсетілсе, соғыс алдындағы зілді сөзі: «Тоқтамыс ханға барып хабар айт. Көбіңді білдір, тобыңды білдір. Салтанатыңды, келген жұмысыңды баян ет, атаң не дер екен. Аузын күт. Атаң екіленбей, алдыма келсін, арызы болса маған айтсын, меніменен жарастық қылсын. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан деген, қолымнан келгенше атаңменен жарастырып, осы жерден кейін қайтамын. Оған наразы болса, қаласын бәлент салдырсын, қандегін терең қаздырсын, аламанын жидырсын, көне топ құйдырсын. Бас-аяғын жидырсын, ұрыс майданына дайын болсын, айтып бар, балам ханыңа, – деді Сәтемір», – деп таңбаланған [Едиге. Қияс варианты 1990,320-б]. Тарихи шындық бұдан өзгешелеу. Темір Алтын Ордаға білдірмей келіп тап берген.
Кейбір тарихшылар ибн Арабшахты Ақсақ Темірді кіналағаны үшін ол соғыста қолға түскен тұтқын еді, сондықтан Темірді жек көрді, орынсыз кінә тақты дейді. Ибн Арабшах еңбектерін зерттеген, Темір империясының тарихын түгелдеген А.Якубовский ол туралы мынадай қорытындыға келеді: «Книга Ибн Арабашаха в качестве своего основного источника имеет как личные наблюдения и воспоминания автора, так и рассказы современников Тимура, участников его походов, участников и свидетелей многих его дел и событии его царствования. Нечего и говорить, как много фактов из жизни Тимура известно нам не только по книге Ибн Арабшаха!» «Ибн Арабшах был образованным человеком; будучи в плену, он много путешествовал, побывал в Хорезме, Астрахани, Сараях, Крыму, изучил языки персидский, монгольский, а в Адрианополе, уже при возвращении на родину – турецкий». «К походам Тимура и его грабительской и захватнической политике он относился глубоко отрицательно, что сказалось на всей его книге, хотя Ибн Арабшах нигде не отказывает Тимуру ни в уме, ни в организаторском таланте, ни в военном гении» [Якубовский А. Тимур.2003,с.87]. Осындай ибн Арабшахтың жазғандарына күмән келтіру жаңсақ нәрсе деп есептейміз. Оның жазуынша, Темірдің кескін-кейпі келісті, оны ақсақтығының өзі көркейтіп тұрады. Темірдің даусы саңқылдап шығатын және қашан да болса үзілді-кесілді батыл сөйлейтін, өтірікті жек көретін, ащы да болса шындықты айтқанды талап ететін адам деп көрсетеді. Темір өзі отырған жерде кісі өлтірушілік, соғыс кезіндегі қорқаулық, тонаушылық, әйелдерді зорлаушылық туралы айтқызбайтын; қашанда болсын жолы болғыш еді; өжет те ержүрек жауынгерлерді жақсы көретін деп таңбаланған. Тарихшының айтуынша, Темір жабығуды білмеген, сәтсіздікке ұшыраған кезде рухы түспеген, ұстамдылығы елден ерек, жүйкесі күшті, білімді.
Байқап отырғанымыздай, Құдайдың құлы, Мұхаммедтің үмбеті, тарихшы ибн Арабшах – Ақсақ Темірдің жақсысын жақсы, жаманын жаман деп айырып айтқан білімпаз. Оның жамандамасқа лажы жоқ еді. Себебі Ақсақ Темір шектен асқан аса қатал адам болған. Аса қаталдық мұсылмандыққа шет нәрсе екенін күллі мұсылман баласы білсе керек. 1398 жылы исламдық Үндістанға қарсы жорық үстінде қажет болар деп тұтқынға алынған 100 мың адамды жарлық беріп, бір сағаттың ішінде түгел қырып тастайды [Якубовский А. Тимур.2003,с.112]. Ақсақ Темір 1383 жылы Ғират қаласын алғанда адам басынан мұнара тұрғызады. 1387 жылы Иранның ежелгі қалаларының бірі Исфаганда жеңіске жеткеннен кейін қаланы жазаға кеседі. Мұндағы 70 мың әскеріне бір-бірден бас кесіп әкелу міндеттеледі [Рене Груссе. Империя степей // История Казахстана в западных источниках. XII-XX в.в. т.2. – Алматы: Санат, 2005,с.180; Мизун Ю.В., Мизун Ю.Г. Ханы и князья. – Москва: Вега, 2005,с.216]. Қолына бас тимей қалғандар басқалардан ақшаға сатып алады. Әуелде біреуі 20 динар тұрғанымен, уақыт өте келе арзандайды. Ең соңында өтпей тегін қалады. Бұған қарап шабылған бастың саны 70 мыңнан асып кеткенін пайымдауға болады. Осы 70 мың бастан Исфаганның ең көрнекі жерлерінде 120 мұнара тұрғызылады [Лянглэ Л. Жизнь Тимура // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.200]. Құдіретті әмірші Хорасандағы Исфизар қаласын алған кезде 2000 жауынгер қаруын тастап, тұтқынға беріледі. Бұл 2000 адамның қол-аяғын байлап, балшық, кірпіш араластырып, бірінің үстіне бірін қалап, тірі мұнара орнатады [Рене Груссе. Империя степей.2005,с.177; Якубовский А. Тимур .2003,с.118; Мағауин М. Келде-мұнара // Жұлдыз. №8, 2005 ]. 1400 жылы Анадоладағы Сиваста түрік әскерлері қаруын тастап бағынған кезде 4 мың адамның қол-аяғын матап, белін бүгіп, қазылған орға салып, тірілей көміп тастайды [Лянглэ Л. Жизнь Тимура.2003,с.198; Якубовский А. Тимур.2003,с.118; Мағауин М. Келде-мұнара // Жұлдыз. №8, 2005]. 1401 жылы 10 шілдеде Бағдатты қайта шапқанда 90 мың бастан мұнара тұрғызады [Рене Груссе. Империя степей.2005,с.184]. Осының бәрін білетін ибн Арабшах өзін мұсылман деп санағандықтан, Темірді асыра мақтауға аузы бармайды.
Эпостың кейбір ұлттық версияларында Ақсақ Темірдің аты аталып, түсі түстеліп, оның тұрған аймағы, қаласы, шыққан руы айқын көрсетілген.
Ол дария да бұ дария,
Ол дариядан Сырдария,
Сырдариядан – Самарқанд,
Самарқандта отырған
Әмір Барлас Шаһ Темір [Идәгә. – Казан.1988,12-б].
Ал оның қорқаулығы турасында:
Ей, Шах Темір, Шаһ Темір,
Тісің жетсе, тас кемір!
Сегіз жұртқа сыймадың,
Тоғыз жұртты қоймадың, –
дейді халық эпосы [Идәгә. – Казан.1988,14-б].
1398-99 жылдары Индияға тонаушылық соғыс жүргізгеннен кейін Ақсақ Темір Самарқандқа келді. Түрік сұлтаны Баязитпен соғысуға қамданды. Оған үлкен әзірлік жасады. Бір жылдан кейін Темір Грузияға барды, оны қайта шауып, өзінің күшін көбейтті. 1402 жылы қарамағында 800 мың әскері болды. Бұл 800 мың адамды Индиядан, Грузиядан тонаған байлығымен асырап бақты.
Баязитке қарсы соғысты бірден бастап кетпей, әуелі саяси ойындар жүргізді. Себебі күллі мұсылман халқына қарсы аттанған крестшілер жорығын талқандаған Баязитпен бірден соғысқа кірісуге болмайтын еді. Кіші Азия туралы деректер жинап, Баязиттің қол астындағы Сивас қорғанын алды. Одан соң Шамға аттанды. Себебі Шамның сұлтаны Баязитпен тығыз байланыста еді. Дамаскіні алған Темір Мысыр сұлтанын қашырып, елін тонады, одан Бағдатқа аттанды. Бағдаттты күйретіп, тонауға салды. Сөйтіп негізгі мақсатына, Баязитпен соғысқа осылайша кірісіп кетті.
Ал күллі мұсылман халқының қорғаны болған Баязит қысқа мерзім ішінде Батыс және Орталық Анадолыны өз билігіне бағындырған кісі еді. 1396 жылы Шығыстағы Сивасты қосып алды. Сол жылы Дунайдың оң жағасындағы Никополь түбінде Баязит крестшілердің біріккен әскерінің тас-талқанын шығарып, Аттика мен Пелопонеске кірді. 1400 жылы Балқанның негізгі бөлігін бағындырып, Констонтинопольді қоршауға алды. Осындай шапшаң жорықтарына байланысты «Баязит Илдирим» деген атақ алды. Бұл «жасын» деген сөзді білдіреді. Еуропадағы бірсыпыра жерлерді жаулап алды. Баязит сұлтанның екпінінен бүкіл Еуропа қалтырады десе де болғандай. Ол Еуропада Фракияны алды. Македония мен Болгарияны өзіне қаратты. Сербияны ықпалында ұстады. Венгрияға қауіп төндірді. Крестшілер жорығын ұйымдастыруда аса белсенді рөл атқарған атақты Венгр королі Сигизмунд қорқыныш үстінде отырды.
Өз одақтастары Мысыр сұлтаны мен Шамның жеңілгенін естіген Баязит Темірмен соғыспауға тырысты. Бұл аралықтарда Ақсақ Темір түпкі қарсыласының күшін, әскерінің құрамын, соғыс өткізу тәсілін тыңғылықты зерттеді. Жер жағдайына да айрықша назар аударды. Үздіксіз хат жазып, Баязиттің қытығына тиіп отырды. Баязит туралы бұзылған, арақ ішеді деген сияқты хабар таратып, өзінің қарамағындағыларды соған сендірді. Мұсылман дінін дұрыс тұтынбайды деген жала жапты. Ол жөнінде М.Ивани: «Тамерлану не для чего было стесняться, обьявляя войну Баязету, о котором говорили, что он известен распутством и склонностью к пьянству и что эти пороки отвлекли от него большое число правоверных», – дейді [Ивани М. Состояние военного искусства у Среднеазиатских народов при Тимерлана // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.270]. «Дүние кезек», кейін орыс және Еуропа ғалымдары Темірді мақтай отырып, арақтан өлген деп кінә тақты. Бірнеше ғасыр өткеннен соң ол жөнінде академик А.Якубовский: «Тимур умер во время последнего, неоконченного похода в Китай 18 февраля 1405г., в холодную зимнюю ночь, выпив чересчур много вина» деп аққа қарамен таңбалады [Якубовский А. Тимур. 2003,с.121]. Темір мұсылманға қорған болған Баязитке қарсы жасаған жорығын ақтау үшін, Мекке мен Мединаға бара жатқан керуенді тонаған Қара Жүсіпті Баязит жасырып отыр деген де айып тақты. Саясатқа жүйрік Темір қол астындағы қисапсыз әскерін де, айналасындағыларды да осыған сендіріп, өзінің қанқұйлы соғысқұмарлығын бүркемеледі. Сөйтіп, Кіші Азияға шеру тартты. Мұны естіген Баязит та етек-жеңін жинақтап, ұрысқа дайындалды. Баязит бір орында тұрып қалмай, соғысатын жерді таңдап, Бағдатқа қарай жылжыды. Ондағы ойы Египет сұлтаны жәрдемдесер, Бағдат көтерілер дегені еді. Мұны сезген Темір майдан алаңын өзгертуге ұмтылды. Ақсақ Темір жорық алдында өз әскерін сапқа тұрғызып, тексеруден өткізді. Бұл жөнінде тарихшы М.Ивани былай деп жазады: «Во время смотра начальники частей войск, изъявляя Тамерлану готовность жертвовать для него всем, посвятить труды свои и жизнь на его службу, клялись не оставить ни одного кустарника, ни растения в землях его врагов, разграбить Анатолию и ниспровергнуть до основания владычество оттоманов» [Ивани М. Состояние военного искусства у Среднеазиатских народов при Тимерлана.2003,с.271]. Екі ортадағы соғыстың қалайша болғаны, кескілескен қанқұйлы майданның өту шежіресі, Баязиттің қасындағыларды тастап кетпей, жанкештілікпен арыстанша арпалысқаны тарихшылар еңбегінде кеңінен баяндалған.
Жоғарыда айттық, 1402 жылы Темірдің қол астында 800 мың әскер бар еді деп. Қазіргі заман тарихшысы Т.Сұлтанов: «Темір Кіші Азияға әскерімен өзі келді, сөйтіп олар бір-бірімен Анкара түбіндегі шешуші шайқаста кездесті. Шайқастың нақты қай күні болғаны беймәлім, түркінің үздік екі қолбасшысының шайқасы, тегінде, 1402 жылдың шілдесінің соңғы күндерінде болған болуы керек. Бұл сол замандағы ең ірі шайқас болғанға ұқсайды: екі жақтың әрқайсысында 200 мыңға тарта жауынгері бар армиясы шайқасқан болатын» деп жазады өзінің «Темір және оның империясы» атты еңбегінде [Сұлтанов Т. Темір және оның империясы. – Алматы: Мектеп, 2004,112-б]. Бұл – жаңсақ сөз. Шындығында, Темір 200 мың емес, кемі одан екі есе артық әскермен майданға кірген еді. Осы мәселені зерттеген Л.Лянглэ: «Оставляя зимнюю стоянку, Тимур сделал смотр своим войскам в присутствии посланников, которых Баязет только что отправил к нему. Эти османы затрепетали при виде 800 000 воинов, глаза которых блистали на смуглых лицах и которые переносили одинаковым терпением и суровые холода полюсов, и невыносимую жару тропиков.
Когда послы были отпущены, татары направились к Анкире, которую они осадили; но приближение османского государя, который расположился с лагерем у них на виду, заставило их подумать о собственной безопасности. Тимур отступал некоторое время и затем решился дать битву. Вот каким образом он расположил свои войска. Оба крыла, и центр войска были вверены трем его сыновьям, а сам он командовал резервом, составленным из 40 отборных полков, и усилил свой отряд слонами, нагруженными башнями, полными воинов, предназначенных бросать греческий огонь», – дейді [Лянглэ Л. Жизнь Тимура .2003,с.201].
Ақсақ Темір шеріктерінің қисапсыз молдығы эпостың қарақалпақ нұсқасында төмендегідей етіп баяндалған:
Шөпте-шарда есап бар, Шөп-шаламда есеп бар,
Бул жыйында есап жоқ, Бұл жиында есеп жоқ,
Аламанның көплиги, Аламанның көптігі:
Айдын-айдын көллердиң Айдын-айдын көлдердің
Балығын алды туулатып, Балығын алды тулатып,
Бөлек-бөлек суулардың Бөлек-бөлек сулардың
Сууын ишип баратыр. Суын ішіп баратыр.
Алды қонған жерлерге Алды қонған жерлерге,
Кейни келип қонып атыр. Кейіні келіп қонып жатыр.
Дағларды тутып Тағыларды тұтып
Қара қурттай қыймылдасып, Қара құрттай қимылдасып,
Аламан көшип баратыр [Едиге. – Нөкис.1990,69-б]. Аламан көшіп баратыр.
Тарихшылардың жазуынша, Баязит майданға 200 мың ғана адаммен кірген [Сұлтанов Т. Темір және оның империясы. 2004,112-б; Хилда Хукхэм. Тамерлан. – Алматы: Кочевники, 2002, с.244; Лянглэ Л. Жизнь Тимура .2003 ]. Қарсыласы Ақсақ Темірде төрт есе көп. Тарихшы М.Лянглэнің дерегіне күмән келтірейік. Соның өзінде 600 мың болса керек. Бұған да тоқтамай, 400 мың дегеннің өзінде күш екі есе басым. Осы майданға қанша адам қатысқанын егжей-тегжейлі зерттеген ағылшын Хилда Хукхэм өзінің «Тамерлан повелитель тюрков» деп аталатын Ақсақ Темірді дәріптеп, көкке көтерген кітабында былай дейді: «Обе стороны имели орудия для использования греческого огня. Число войск, находившихся в распоряжении каждой армии, оценивалось по-разному. Многие греческие и латинские летописцы, чье воображение позже было поражено величием победы, упоминают число татар порядка от 600 до 800 тысяч. Изумленным глазам бедного Шильтбергера татарские войска представлялись около 1 млн. 400 тысяч. По разному оценивалась так же численность оттоманской армии, от 200 тысяч до полумиллиона. На самом же деле, принимая во внимание численность армии Баязида при Никополи – в пределах 100 тысяч – и дополнительных рекрутов набранных против Тимура из провинций Анатоли и с Балкан, количество солдат Баязида приближалось к 200 тысячам» [Хилда Хукхэм. Тамерлан.2002,с.244]. Бұған қарағанда, тез қамдануына тура келген Баязит соғысқа дұрыс дайындықпен келе алмаған. Жолшыбай жинаған адамдарының саны төмен жатыр. Жәрдем береді деп үміттенген одақтастарынан ешбір қайыр болмаған.
Ал сол майданды жүргізген Ақсақ Темір өз мемуарында хатшысына аққа қарамен былай деп таңбалатады: «Я отрядил различные части моей армии, одну в поход на царство Рума, другие – охранят посты, воду и провиант. Сам я двинулся по дороге в Анкурнах (Ансир). Баязет во главе 100 тысяч воинов, наполовину всадников, наполовину пехоты, вышел мне на встречу. Завязалось сражение, и я его выиграл» [Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.80].
Не болғанда да соңғы крестшілер жорығы кезінде мұсылман баласын қан жалдап, от кешіп қорғаған Баязит 1402 жылғы шілдеде тұтқындалып, Темір қолынан қаза тапты. «Эта победа случилась в пятницу девятнадцатого зульхиджи восемьсот четвертого года (20.07.1402)» [Шарафад-дин Әли Жезді. Зафар-наме. – Ташкент: SANAT, 2008,299-б ].
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты эпостың татарша нұсқасында Бодай-бий қарт Ақсақ Темірді «Бу жиһанның фетнәсе!»,– дейді.
Сыенганым син идең, Сыйынғаным сен едің,
Бу жиһанның фетнәсе Бұл жаһанның фәтенесі
Аксак Тимер дошманны Ақсақ Темір дұшпанды
Сарайга алып китердең, Сарайға алып келдірдің,
Йөз баһадир иреннән Өз баһадүр жерінен
Йорт жиреңне бастырдың Жұрт жеріне бастырдың [Идәгә. – Казан.1988,166-б].
Анатолия елі шапқыншылыққа ұшырап, тонауға түсіп, тоз-тозы шықты. Бұл қанқұйлы ісін мұсылмандардан бүркемелеу үшін Ақсақ Темір 1402 жылы 2 желтоқсанда рыцарь Родусқа қарасты Смир қаласын қоршады. Ол жөнінде Еуропа тарихшысы Рене Груссе былай деп жазады: «Несмотря на уничтожение Смирны, победа Тамерлана над Баязетом фактически спасла христианский мир. После победы Баязета над крестоносцами в Никополисе Византия, окруженная Османской армией, была обречена. Падение Византии было вопросом времени. Неожиданное поражение турков близ Анкары обеспечило Византийской империи долгожданную передышку на целых полвека (1402-1453 гг.). Таким образом, непредвиденная развязка происходящих событий привела к тому, что основную выгоду от побед трансоксианского завоевателя в Передней Азии извлекла Византия, так же, как и Московия оказалось в выгодном положении после побед Тамерлана над Золотой Ордой» дейді [Рене Груссе. Империя степей.2005,с.201].
Ибн Арабшахтың жазуынша, Темір әскерінің құрамында шағатайлар көп болған, олар пұтқа табынған. Темірдің құрығына түспеген дін басылар оны Шыңғыс хан тұқымын, өз құқығын шариғаттан жоғары қояды деп кінәлаған. Бұл мәселені зерттеген сириялық діндарлар бір қорытындыға келген. Қорытынды бойынша Темірдің әскеріндегі шағатайлар да, Темір де мұсылман емес. Хорезмдіктер де осылай деп білді. 1372 жылы Хорезмге келген Темірдің елшісіне Құсайын сопы «Сіздердің патшалығыңыз соғыс өлкесі (дар әл-харыб), сондықтан сендермен шайқасу – мұсылманға парыз» деп жауап берген [Рене Груссе. Империя степей. 2005,с.300]. Көптеген деректерге сүйенген В.В.Бартольд: «Чаще, однако, для Тимура религия была орудием для достижения политических целей, чем причиной, определявшей его поступки. Тот же Тимур, который в Сирии выступил защитником Али и его потомков, вследствие чего сириицы считали его ревностным шиитом, в Хорасане восстановил суннитское правоверие, в Мазандеране наказывал шиитских дервишей за оскорбление памяти спутников пророка», – деп жазады [Бартольд В. Царствование Тимура // Властелин Евразии. – Алматы: Кочевники, 2003,с.296].
Ақсақ Темірдің 1398 жылғы Индияға жорығын қорытындылаған Рене Груссе былай дейді: «Фактически, как это было всегда, разгромив индо-мусульманскую империю Дели, он покинул ее, оставив страну в полной анархии, разрушив все и ничего не сделав взамен. Он явился как бы с целью бороться против брахманизма, а на самом деле нанес сокрушительный удар по индийскому мусульманству. В какой-то степени образованный человек, поклонник персидской литературы и иранского искусства, тяготевший к одной из наиболее утонченных цивилизаций мира, он вел себя как главарь орды, которая грабила, чтобы грабить, уничтожая и разрушая по причине невежества культурные ценности. Этот своеобразный поборник ислама оказался на территории Индии, нанеся удар в спину передовым отрядам ислама. То же самое он осушествил в борьбе с Османской империей на подступах к Румынии» [Рене Груссе. Империя степей.2005,с.195]. Темірді пір тұтқан ағылшын тарихшысы Хилда Хук Хэн Ақсақ Темірдің жоғарыдағы Египетке қарсы жорығы туралы былай дейді: «Когда Тимур осенью 1399 г. двигался на запад в свой семилетний поход, одной из его главных целей было поставить Египет на колени и захватить богатсво и торговлю этого мощного государства, которое в течение длительного времени было главным столпом Ислама.
Но в следующее лето,1400 г., год Дракона, возникла другая проблема, поставленная на древней империей, а выскочкой Баязидом, правителем оттоманских турок. Здесь играли роль не только вопросы, связанные с другим мусульманским государством, или другим тюркским деспотом, в это время христианский мир дрожал от надежды и страха. Он дрожал от страха турецкого нашествия в Европу, и свои надежды возлагал на союз с Тимуром» [Хилда Хукхэм. Тамерлан. 2002,с.220-221]. Жосықсыз ұрынған Европаны тыйған, мұсылманның қорғаны Баязид сұлтан туралы «І Баязид соғысқұмар қатал сұлтан болды» [Сұлтанов Т. Темір және оның империясы. – Алматы.112-б] деп кінә артқан совет тарихшысы Т.Сұлтанов кітабында Темірді қанша көкке көтере мақтағанымен, өзінің алдында тұрған В.В.Бартольд айтқан «шегіне жеткен, ауру болуға айналған айуандық» деген тұжырымнан аттап кете алмайды [Сұлтанов Т. Темір және оның империясы. – Алматы. 2004,102-б].
Ақсақ Темірдің тарихи өмірбаянын зерттеген адамдардың бірі, қазақтың аса көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауин былай дейді: «Сөйтіп, Ақсақ Темір барлық күш-қуатын, шектен асқан зұлымдығын тек қандас бауыр, дін қарындасқа – түрік дүниесі және ислам әлеміне қарсы бағыттапты.
Жұбаназар АСАНОВ,
филология ғылымының докторы,
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы.



