Денсаулық

Физиотерапия дегеніміз не?

Физиотерапия — медицинада емдеу барысында бұрыннан пайдаланып келе жатқан аурудың алдын алу бағыттарының бірі болып табылады. Ол емдеудің қауіпсіз әдістерінің бірі. Оны жекелей де, басқа да емдеу әдістерімен бірге пайдаланады.

Физиотерапия физика, химия, электротехника, радиотехника, биофизика, биохимия, шипажайтану және басқа да клиникалық қызметтермен тығыз байланысты. Физиотерапияда электрмен емдеу, сумен емдеу, жылумен емдеу, механикалық әсерін тигізіп емдеу түрлері болады. Біздің медицинамызда кеңінен пайдаланылатын көп әдістердің бірі электрмен емдеу. Олар: электр өңірін тұрақты, айнымалы, үздіксіз және үзік электр токтарын айнымалы электромагнитті өңірін қолданатын әдістер. Жарықпен емдеуге жарықтың энергиясын, соның ішінде ультрокүлгін және инфрақызыл сәулелендіруді қолданатын әдістер кіреді. Сумен және бальнеология емдеу әдістері тұзсыз суды, сонымен қатар табиғи және жасанды түрде жасалатын минералды суды қолдануға негізделген. Ал жылумен емдеуге жылытылған парафин, балшықпен емдеу, құмның құрғақ ауаның жылуын ағзаға беріп, жылуды қолдануға негізделген әдістер жатады. Механикалық әсер тигізумен емдеуге ультрадыбыс терапиясы, вибротерапия, уқалау, мануалдьды терапия кіреді.

Бұл емдеу әдісі аймақтық және орталық қан айналымын жақсартуға, ауруды басуға, ұлпаның трофикасын жақсартуға, бұзылған иммундық үрдісін реттеу әрекеттеріне негізделген.

Физиотерапияны төмендегі жағдайларда қолдануға тыйым салынады:

–       Тынышсыз жағдайларда;

–       ісіп қызару үрдісінде;

–       ағза қатты жүдеген кезде;

–       инфекциялық ауру асқынған кезде;

–       туберкулезбен ауырған жағдайда;

–       қатерлі ісік және оның бар болуына күдіктену жағдайларында;

–       қан аурулары бар кезде;

–       қансырау және қанауға бейім жағдайларда;

–       жүрек ауруларында орта және ірі тамырлардың ортасы, орталық жүйке жүйесінің аурулары кезінде;

Физикалық факторлардың емдік және профилактикалық қолданылуы физиотерапиялық кабинеттер мен ауруханалардың бөлімшелерінде, емханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерде, қажет болса ауруханалардың палаталары мен үйде жасалынады. 

М.ШАМУРАТОВА,

Қ.Жұбанов АМУ емханасының

физиобөлмесінің медбикесі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button