Спорт

«Ақтөбе» футбол клубы

2005, 2007, 2008, 2009 — Қазақстан чемпионы.

2006 және 2010 — Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері

2011, 2012 — Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

Қазақстан чемпионаттарының қорытындысында алғашқы үштікте қатарынан сегіз рет болу — «Ақтөбе» өмірге әкелген рекорд.

2008 және 2010 — Қазақстан Суперкубогы жеңімпазы.

2008 — Қазақстан Кубогы жеңімпазы.

 

Премьер-лига

 

Қазақстанның ХХІ чемпионаты

қорытынды кесте

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1  «Шахтер»           26       17       2          7          48-15  53

2  «Ертіс»                26       15        6         5          46-20  51

3   «Ақтөбе»            26       15        5         6          44-22  50

4   «Тараз»               26       14        4         8          32-30  46

5   «Астана»             26       13        7         6          34-24  46

6   «Тобыл»              26       13       6          7          42-27  45

7   «Ордабасы»       26       10       9          7          28-24  39

8   «Ақжайық»          26       10        4         12       34-39  34

9   «Қайсар»             26       8          6         12       21-33  30

10  «Қайрат»            26       7          8         11       23-34  29

11 «Атырау»            26       7          6         13       16-32  27

12 «Жетісу»             26       6          5         15       27-45  23

13 «Сұңқар»           26       5          8         13       16-30  23

14 «Оқжетпес»      26       3          2         21       20-55  11

 

(О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай).

 

Кездесулер статистикасы

 

Алаң иелері мен қонақтар

 

Барлығы 182 кездесу өткізілді.

94 кездесуде алаң иелері басымдыққа ие болды.

39 кездесу тең есептермен аяқталды.

49 кездесуде  қонақтар ұтты.

 

Гол!

 

Барлық кездесулерде 432 гол соғылды.

Әр ойында орта есеппен 2,37 гол соғылды.

Алаң иелері соққан гол — 264.

Қонақтардың үлесі — 168.

 

Ең көп қайталанған есептер

 

1:0 — 51 рет;

2:1 — 25 рет;

1:1 — 21 рет;

2:0 — 20 рет.

 

Гол ең аз соғылған тур

 

9 гол — 14-тур, 24 маусым.

Есептер: 1:0; 1:0; 0:1; 1:0; 0:1; 0:0; 2:2.

 

Гол ең көп соғылған тур

 

25 гол — 19-тур, 5 тамыз.

Есептер: 4:0; 1:3; 4:0; 1:1; 0:3; 2:2; 1:3.

 

Ең нәтижелі кездесулер

 

5:2 — «Жетісу»-«Қайрат». 2-тур, 18 наурыз.

5:2 — «Ақтөбе»-«Оқжетпес». 22-тур, 15 қыркүйек.

3:4 — «Ақтөбе»-«Ақжайық». 18-тур, 29 шілде (18 тамыз күні өтті).

 

Ең ірі есептер

 

6:0 — «Тобол»-«Ақжайық». 25-тур, 21 қазан.

5:0 — «Астана»-«Атырау». 20-тур, 19 тамыз.

4:0 — «Тобыл»-«Қайрат». 1-тур, 10 наурыз.

4:0 — «Ақтөбе»-«Жетісу». 3-тур, 25 наурыз.

4:0 — «Ертіс»-«Сұңқар». 6-тур, 15 сәуір.

4:0 — «Шахтер»-«Оқжетпес». 17-тур, 14 шілде.

4:0 — «Шахтер»-«Атырау». 19-тур, 5 тамыз.

4:0 — «Тобыл»-«Сұңқар». 19 тур, 5 тамыз.

5:1 — «Шахтер»-«Жетісу». 4-тур, 1 сәуір.

1:5 — «Жетісу»-«Шахтер». 16 тур, 8 шілде.

 

Ең көп (ең аз) ұпайлар

 

Өз алаңында ең көп ұпай жинаған команда — қостанайлық «Тобыл». 10 жеңіс, 2 тең ойын, 1 ғана жеңіліс. 32 ұпай.

Ең аз ұпай — «Оқжетпестің» еншісінде. 2 ұтыс, 2 тең ойын, 9 жеңілістен соң көкшетаулықтар 8 ұпай ғана жинады.

Сырт алаңда ең көп ұпайға «Шахтер» ие болды — 22 ұпай. Қарағандылықтар 7 рет ұтып, 1 рет тең ойнады, 5 рет жеңілуге мәжбүр болды.

Ең аз ұпай иесі тағы да «Оқжетпес». 1 рет қана ұтып, 11 рет жеңіліске ұшыраған, тең ойнаудың сәті түспей қойған олардың еншісіне небәрі 3 ұпай жазылды.

 

Алғашқы ондық

 

Чемпионат сұрмергендері

 

1. Ұлықбек Бақаев («Ертіс») — 14 (үшеуі —он бір метрлік айып добы)

2. Таңат Нөсербаев («Астана») — 11

3. Игорь Зенькович («Ақжайық») — 10 (3)

4. Бауыржан Жолшиев («(Тобыл») — 8

5. Эдин Юнузович («Жетісу») — 8

6. Сергей Струков («Ертіс») — 7

7. Мирослав Лечич («Тараз») — 7

8. Гедеминас Вичюс («Шахтер») — 7

9. Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») — 7

10. Мансур Гуйе («Ордабасы») — 7.

Чемпионат нәтижесінде Ұлықбек Бақаев төртінші рет үздік шығып, ал биыл қатарынан үшінші рет топ жарды. Ол алғаш рет бірінші орынды бір маусымда 22 гол соғып, 2004 жылы Арсен Тлехуговпен бөліскен болатын. Ал 2010 жылы «Тобылдың» сапында 16 доп соқса, өткен 2011 жылы «Жетісу» құрамында 18 гол иесі атанды. Биыл 14 голдың авторы атанған Ұлықбек Қазақсан чемпионаттарында өзі секілді үш рет үздік шыққан Мұрат Тілешевті басып озды.

 

Ал өткен жылы ше?

2011 жылы ХХ чемпионат төмендегідей орындар ретімен аяқталған болатын

 

1. «Шахтер»

2. «Жетісу»

3. «Ақтөбе»

4. «Астана»

5. «Ертіс»

6. «Ордабасы»

7. «Тобыл»

8. «Қайсар»

9. «Тараз»

10. «Атырау»

11. «Қайрат»

12. «Восток»

 

Біздің кездесулеріміз

10 наурыз — 28 қазан

 

Бірінші айналым

 

1-тур. «Қайсар»-«Ақтөбе» — 0:2

2-тур. «Шахтер»-«Ақтөбе» — 2:0

3-тур. «Ақтөбе»-«Жетісу» — 4:0

4-тур. «Тараз»-«Ақтөбе» — 1:0

5-тур. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 0:0

6-тур. «Ақжайық»-«Ақтөбе» — 1:0

7-тур. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 1:1

8-тур. «Ертіс»-«Ақтөбе» — 1:2

9-тур. «Ақтөбе»-«Тобыл» — 0:1

10-тур. «Оқжетпес»-«Ақтөбе» — 1:4

11-тур. «Ақтөбе»-«Атырау» — 1:0

12-тур. «Астана»-«Ақтөбе» — 1:0

13-тур. «Ақтөбе»-«Сұңқар» — 2:1

 

 

 

Екінші айналым

 

14-тур. «Ақтөбе»-«Шахтер» — 1:0

15-тур. «Жетісу»-«Ақтөбе» — 1:1

16-тур. «Ақтөбе»-«Тараз» — 4:1

17-тур. «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 1:1

18-тур. «Ақтөбе»-«Ақжайық — 3:4

19-тур. «Қайрат»-«Ақтөбе» — 0:3

20-тур. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 1:0

21-тур. «Тобыл»-«Ақтөбе» — 2:2

22-тур. «Ақтөбе»-«Оқжетпес» — 5:2

23-тур. «Атырау»-«Ақтөбе» — 0:2

24-тур. «Ақтөбе»-«Астана» — 2:1

25-тур. «Сұңқар»-«Ақтөбе» — 0:1

26-тур. «Ақтөбе»-«Қайсар» — 2:0

 

Өз үйімізде

 

Өз алаңымызда бұл маусымда 13 кездесу өткіздік.

Қарсыластарымызды 9 рет ұттық.

2 кездесу тең есептермен аяқталды.

2 рет жеңіліске ұшырадық.

26 гол соғып, өз қақпамызға 11 доп енгізіп алдық.

Өз алаңымызда 29 ұпай жинадық.

 

Қонақта

 

Сырт алаңда да 13 кездесу өткіздік.

6 рет жеңіске жеттік.

Тең ойындарымыз — 3.

4 рет жеңіліске ұшырадық.

Қарсыластар қақпасына 18 доп енгізіп, өз қақпамызды 11 рет қорғай алмай қалдық.

Сырт алаңда сөйтіп 21 ұпай жинадық.

 

«Ақтөбенің» мергендері

 

Александр Гейнрих — 6

Марат Хайруллин — 6 (үшеуі — он бір метрлік айып добы)

Сергей Лисенков — 5

Лукаш Байер — 5

Тимур Кападзе — 4

Брана Илич — 3

Эмиль Кенжесариев — 3

Петр Бадло — 2

Самат Смақов — 2

Арунас Климавичус — 1

Дарко Малетич — 1

Зоран Костич — 1

Юрий Логвиненко — 1

Сергей Ковальчук — 1

Роберт Праймус — 1

Ислам Қуат — 1

(22-турда «Ақтөбемен» кездесуде 1 голды Деян Мартинович («Оқжетпес») өз қақпасына соғып алды).

 

«Ақтөбе» — жанкүйері ең көп команда

 

«Sport.kz» порталы биылғы ел чемпионатындағы жанкүйері ең көп команда «Ақтөбе» болғанын хабарлады.

«Ақтөбе» командасының қатысуымен өткен барлық кездесулерге биыл 141 900 жанкүйер қатысыпты. Бұл орта есеппен әр кездесуге 5 458 жанкүйер келді деген сөз. Екінші орындағы «Қайраттың» жанашырлары 132 000 (5 077) екен. Үшінші орындағы «Шахтердің» көрсеткіші — 128 800 (4 954).

Өз алаңындағы жанкүйерлері жөнінен де «Ақтөбе» бірінші сатыда тұр. Чемпионат барысында сүйікті командасын қолдауға 89 400, орта есеппен әр ойынға 6 877 жанкүйер келіпті. «Қайрат» екінші орында — 85 500 (6 577). Үшінші орынды бірдей көрсеткіштермен «Шахтер» мен «Тараз» бөлісіп тұр — 66 000 (5 077).

 

Қазақстан Кубогы

 

1 кубок. 4 үміткер

 

Бүгін, 1 қараша күні Қазақстан Кубогы үшін жартылай финалдың алғашқы кездесулері өткізіледі.

Қарағандыда «Шахтер» мен «Астана», ал Павлодарда «Ертіс» пен «Ақтөбе» бақ сынасады.

Қарымта кездесулер 5 қарашада өтеді.

Ал финалдық сайыс өткізілетін күн — 11 қараша.

Бұл төртеудің ішінде Кубокқа ие бола алмай келе жатқан команда — «Шахтер». Ал басқалар бұл тұғырға бір реттен көтерілді. 1997 жылы «Ертіс», 2008 жылы «Ақтөбе», 2010 жылы «Астана» Кубок иегері болған еді.

 

 әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button