Құқық

Жалған ақша жарға жықты

Қолдан жасалған ақшалар қанша шеберлікпен орындалса да көзге көрініп, олқылықтары білініп тұрады. Шалқар қаласының тұрғыны да өз үйінен тауып алған төрт дана 2 мың теңгеліктің жалған ақша екенін бірден білген.

Бірақ пайда тапқысы келген әйел шеті жыртылған екі мыңдықтарды желіммен жамап, ретке келтіріп, өз қажетіне жаратуды жөн деп табады. Жұмысына келген соң ақшаны өзі барып саудалаудан қорыққан азаматша әріптесіне өтініш айтыпты. Мұның «төртеуін де айырбастап берсең, 200 теңгесі сенікі» деген «жомарттығына» лепірген әріптесі бірден банкке тартып отырады. «БТА» банкінің айырбастау пунк­тінде жұмыс істейтін жандар да осал емес. Жалған ақшаны жазбай таныған олар құқық қорғаушыларға хабар береді. Жеке басына пайда көру үшін жалған ақшаны сату мақсатында сақтап, сатқаны үшін азаматша Шалқар аудандық сотының үкімімен 2 жыл мерзімге бас бостан­дығынан айырылды, ҚР Қылмыстық Кодексінің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, келіншек енді 1 жыл сынақ мерзімінде болады.

 

Тұрсын ҚОШАЕВА,
Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button