Спорт

Құрметті спортшылар, спорт ардагерлері мен әуесқойлары!

Спорт күні мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Қазіргі қоғамда дене тәрбиесі мен спорт көптеген әлеуметтік проблемаларды шешудің — адамдардың денсаулығын нығайтудың, жастарды тәрбиелеудің, олардың адамгершілік және дене шынығуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні қазақстандық спортшылар — бұлар ұлт мақтанышы, ал біздің олимпиадашыларымыздың табыстары салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортты дамытуға бағытталған сындарлы мемлекеттік саясаттың нәтижесі болып табылады.

Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында бұл мәселеге ерекше мән беріп, адами әлеуеттің деңгейін көтерудің маңызды бағыттарының бірі болып табылатын саламатты өмір салтын алға бастыру қажеттігіне назар аударды.

Біздің аймағымыздағы атқарушы билік органдары спортты дамытуға, салалық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөледі. Облыс қалалары мен аудандарында жаңадан заманауи қалыптағы спорттық кешендер мен мектептер салынуда, бұның өзі спорттың көптеген ақтөбеліктер үшін қолжетімді болуына жол ашуда.

Біз жастар мен жасөспірімдер арасында саламатты өмір салтын насихаттауға айрықша назар аударамыз. Бізге белсенді азаматтық тұғырнамасы бар кең білімді, дене дамуы және адами тұрғыдан ілгері дамыған ұрпақ өсуі маңызды. Біздің ұлы Отанымыздың келешек гүлденуінің сенімді кепілінің өзі — осында.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерге таусылмас күш-жігер, мықты денсаулық, спорттық ұзақ ғұмыр мен спорт алаңдарында және стадиондарда табыстар тілеймін!

Біздің өңірде кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатары жыл сайын көбейе түседі деп сенемін. Өйткені саламатты ұлт атану — басты мақсатымыз!

 

Облыс әкімі    Архимед МҰХАМБЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button