Спорт

Еуропалық сабақтан соң

Футбол

18-турдың кездесулерінен соң көшбасшылық тұғырға павлодарлық «Ертіс» көтерілді. Ал шымкенттік «Ордабасы» бірден үш сатыға жоғары өрледі. «Тараз», «Ақтөбе», «Астана» кейін сырғыды.

Бірақ, бұл нәтижелерді чемпионаттың толыққанды көрсеткіші деуге де келмес. Себебі, міне, қатарынан үшінші тур бойы ылғи бір кездесу кем өткізіліп келеді.

Енді ретімен баяндайық.

Бұл турда «Ақтөбе» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдауға тиіс болатын. Бірақ Еуропа Лигасындағы кезекті ойынына байланысты бұл кездесу кейінге қалдырылды.

Иә, Еуропа командаларымен сынға түскен қазақстандық төрт команданың арасында намысты қолдан бермей келе жатқан жалғыз команда  әзірге біздің «Ақтөбе» ғана. Ал «Жетісу», «Шахтер», «Ордабасы» клубтары еуропалық сабақтың сынына төтеп бере алмады.

Біздің жерлестеріміз әуелі Кутаисидің (Грузия) «Торпедосын» (1:1; 1:0), одан соң Молдованың «Милсами» командасын (2:4; 3:0) орта жолда қалдырды.

Төрт кездесудегі жалпы есеп — 7:5.

Гол авторлары: Марат Бикмаев (екі гол), Тимур Кападзе, Самат Смақов, Марат Хайруллин, Александр Гейнрих. Бір допты молдовалықтар өз қақпасына соғып алды.

*   *   *

БҮГІН, 2 тамызда жерлестеріміз сырт алаңда 24 мың орындық «Кристалл Арена» стадионында Бельгияның «Генк» командасымен кездеседі. Ақтөбедегі қарымта кездесу өтетін күн — 9 тамыз.

Ақтөбеліктерге табыс тілейміз және зор үміт артамыз. Себебі алдыңғы екі кезеңде де жерлестеріміз сырт алаңда жеңіске жете алмағандарымен өз қаламызда жанкүйерлерді қуанышқа бөлеп келе жатқандары мәлім.

*   *   *

Енді өз чемпионатымыздың кезекті турындағы кездесулердің қорытындыларына келейік.

«Астана»-«Тобыл» — 1:1.

Гол авторлары: Нұрбол Жұмасқалиев, 38-минут (0:1); Ұлан Қонысбаев, 40-минут (1:1).

«Тараз»-«Шахтер» — 1:1.

Гол авторлары: Обиора Одита, 86-минут (1:0); Мақсат Байжанов, 90-минут (1:1).

«Жетісу»-«Ордабасы» — 0:1.

Гол авторы: Роман Пахолюк, 46-минут (0:1). «Жетісу» он бір метрлік айып добын қарсыластар қақпасына енгізе алмай қалды.

«Сұңқар»-«Ертіс»» — 0:1.

Гол авторы: Мамуту Кулибали, 41-минут (0:1).

«Қайсар»-«Қайрат» — 1:1.

Гол авторлары: Илья Калинин, 48-минут (1:0); Жасұлан Молдақараев, 77-минут (1:1).

«Ақтөбе»-«Ақжайық» кездесуі кейінге қалдырылды.

*   *   *

18-турдың ерекшеліктері.

Біріншіден, бұл турда ең аз нәтиже көрсетілді, небәрі 9 гол соғылды. Чемпионат басталғалы бұл көрсеткіш 14-турдан соң екінші рет қайталанып отыр. Дегенмен бұл жолы бір кездесу кем болғанын ұмытпайық.

Екіншіден, алаң иелері бір ғана жеңіске жетті, 1:1 және 1:0 есептері үш реттен қайталанды. Данило Белич («Жетісу») он бір метрлік айып добын қарсыластар қақпасына енгізе алмады.

Үшіншіден, бұл тур тең ойындар көрсеткішіне елеулі нәтижелер қосты. «Астана» өз алаңында үшінші рет тең ойнаса, сырт алаңда «Тобыл» мен «Қайрат» үшінші реттен тең ойнады. Сондай-ақ «Шахтер» сыр алаңда алғаш рет тең ойын нәтижесіне қол жеткізсе, өз алаңдарында «Тараз» бен «Қайсар» алғаш рет тең ойнады.

Төртіншіден, «Оқжетпес» сырт алаңда төртінші рет 0:1 есебімен ұтылды.

Бесіншіден, чемпионатта әзірге 1:0 есебі отыз бес рет, 2:0 есебі он бес рет қайталанды. Осы кезге дейін 122 кездесу өткізіліп, 62 ойында қожайындар, 34 кездесуде қонақтар жеңіске ие болды, 26 ойын тең нәтижемен аяқталды. Орта есеппен әр кездесуде 2,29 гол соғылды.

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

Командалар           О         Ұ         Т         Ж        Д         Ұп

 

1  «Ертіс»                 18       10       5          3          33-15  35

2  «Тобыл»              18       10        4         4          29-19  34

3   «Шахтер»           17       10        2         5          32-13  32

4   «Ордабасы»      16       8          5         3          20-12  29

5   «Тараз»               18       9          2         7          18-22  29

6   «Ақтөбе»           17       8          4         5          23-13  28

7   «Астана»            15       8          4         5          18-19  28

8   «Ақжайық»         17       8          2         7          22-19  26

9   «Атырау»            18       6          4         8          14-18  22

10  «Қайсар»           17       5          4         8          12-18  19

11 «Қайрат»            18       4          7         7          17-25  19

12 «Сұңқар»                       18       4          6         8          10-17  18

13 «Жетісу»             18       4          2         12       20-35  14

14 «Оқжетпес»       17       2          1         14       11-32  7

 

(О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай).

 

Сұрмергендер:

1. Бауыржан Жолшиев («Тобыл») — 7 доп.

2. Ұлықбек Бақаев («Ертіс») — 7 (екеуі — он бір метрлік айып добы);

3. Игорь Зенькович («Ақжайық») — 7 (3);

4. Эдин Юнузович («Жетісу») — 6 доп.

5. Андрей Финонченко («Шахтер») — 6 доп.

6. Игорь Юрин («Ертіс») — 6 доп.

*   *   *

«Ақтөбе» футболшыларының еншісі:

Марат Хайруллин — 4 доп (үшеуі  — он бір метрлік айып добы);

Брана Илич — 3;

Сергей Лисенков — 3;

Петр Бадло — 2;

Тимур Кападзе — 2;

Лукаш Байер — 2;

Арунас Климавичус — 1;

Дарко Малетич — 1;

Самат Смақов — 1;

Зоран Костич — 1.

Юрий Логвиненко — 1;

Александр Гейнрих — 1;

Сергей Ковальчук — 1.

*   *   *

5 тамыз, жексенбі күні «Ақтөбе» Алматыда «Қайратпен» кездеседі.

Қалған кездесулер:

«Шахтер» — «Атырау»;

«Оқжетпес» — «Астана»;

«Тобыл» — «Сұңқар»;

«Ертіс» — «Қайсар»;

«Ақжайық» — «Жетісу»;

«Ордабасы» — «Тараз».

 Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button