Спорт

Ертең Лондон Олимпиадасы басталады!

Ертең — төрткүл дүниенің назары Лондонға ауатын күн. Жерлесіміз, Балуан шолақтың ұрпағы Нұрмахан Тінәлиев «Тұманды Альбионда» дүйім қазақтың үмітіндей желбіретіп, Көк Байрақты көтеріп шығатын Олимпиадаға Алаш жұрты 116 үмітін аттандырды.

Спортшыларымыздың саны бойынша Қазақстан тек бірнеше елді ғана алдына шығарып алып отыр. Олар — дода қожайыны  Ұлыбритания (26 спорт түрі, 542 спортшы), АҚШ (25/530), Ресей (27/436), Қытай (22/330) және Еу­ро­паның алдыңғы қатарлы Германия (23/391), Франция (23/332) елдері.

Аlasharena.kz сайтында жарияланған дерек бойынша, спортшылардың саны жөнінен ТМД бойын­ша Ресей, Ук­раина және Бе­ло­рус­­сия­дан кейінгі төртінші орында тұрмыз. «Ук­раина Лондон Олимпиа­дасына 245 спортшысын жі­бермек. Бір ғана жеңіл атлети­ка­сының өзінде 78 жел­ая­ғы бар. Ал Бе­лоруссия спорт­тың 25 түрінен 166 жол­даманы жеңіп алып­ты. Бізден кейінгі орында – Өзбекстан құра­масы. Спортшыларының саны жөнінен ТМД-ның үздік бестігіне енген ала шапандылар 65 жол­дамаға ие. Әзірбайжан «Тұманды Аль­бион­ға» 50-ден астам спорт­шыларын жібермек. Ал Қырғызстан небәрі 14 спортшысын додаға қосады», — делінген сайтта.

Лондон Олимпиадасына қатысушылардың ішінде елімізден Ал­маты қаласының өкілдері көп — 28 алматылық спорттың 10 түрінен бақ­тарын сынап көретін болады. Екінші орында 17 спортшысын аттандырған Астана қаласы тұр. Жолдамалардың саны жө­нінен елордалықтар алда — 17 адам спорт­тың 19 түрінен сынға түседі. Үздік үштікте — 12 жолдамамен Оңтүстік Қазақстан облысының мықтылары.

***

Жанкүйерлердің болжамы бойынша, Лондоннан біздің спортшылар ең кемі үш алтын алып келуі керек.

Шілде айының басында спортшыларды қабылдаған Елбасы Н.Назарбаев қазақ атлеттеріне спорты дамыған 30 елдің қатарына енуді тапсырды. ҚР Спорт  және дене шынықтыру ісі жөніндегі агенттіктің төрағасы Талғат Ермегияевтің пікірінше, спортшыларымыз кемінде 13 медаль алып келеді. Соның ішінде үшеуі алтын болатынынына бек сенімді төраға: «Олай болмаған жағдайда жұмыстан кетуге дайынмын!» — деді. Егер 13 медаль алсақ, жалпыкомандалық есепте үздік 30 мемлекеттің қатарына кірер едік.

Дегенмен, жанкүйерлердің біздің спортшылар үш емес, алты алтын алып келеді деген жақсы дәмесі бар. Әсіресе, Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Мая Манеза секілді ауыр атлеттерден, боксшылар Серік Сәпиев пен Данияр Елеусіновтен, балуандар Максим Раков пен Алмат Кебіспаев, Нұрмахан Тінәлиевтерден көпшілік үміт күтіп отыр.

Үлкен додалар алдында болжам жасайтын АҚШ-тың «USA Today» басылымының жорамалы бойынша, Қазақстан бұл додадан алты алтын еншілейді. Басылымның болжамынша, Лондонда ауыр атлеттеріміз Мая Манеза мен Светлана Подобедова, боксшы Серік Сәпиев, дзюдошы Максим Раков және грек-рим күресінен Алмат Кебіспаев пен үш қарғып секіру жаттығуынан Ольга Рыпаковалар алтын алуы мүмкін. Америкалық басылымда айтылғандай, Қазақстан командасы 24-орынға табан тіреуі мүмкін.

Жанкүйерлер, әсіресе, барлық Олимпиадалардан бір де бір рет құр қол келіп көрмеген боксшылардың бұл жолы да жүлдемен оралатынынан үмітті. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов 1 алтын, 1 күміс, 1 қола алып келеміз деп отыр. Жанкүйерлер үшін бұл — аз, боксшылар бұдан да жақсы жетістікке қол жеткізуге тиіс деседі. Лондонда бокстан 9 ер азамат және 2 әйел адам ел намысын қорғайды. Солардың ішінде әлем чемпионаттарында 4 мәрте үздіктер қатарынан көрінген, 2 дүркін әлем чемпионы атанған Серік Сәпиевтен (69 кг) үмітіміз мол.

Лондон Олимпиадасына жалпы есебі 286 боксшы қатысады екен. Оның ішінде 250 ер жігіт пен 36 әйел бар. АІВА  басшысы Чинг Куо Вудың айтуынша, ерлер арасында Қазақстан, Ресей, Украина, Ұлыбритания боксшылары қарымды. Ал, қыздар боксында Қытай, Ирландия, Солтүстік Корея сынды мемлекеттердің шоқтығы биік.

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Алтай Танабаев та Лондоннан құр қол қайтпаймыз деп уәде беріп отыр. Бас бапкердің негізгі үміті —  жеңіл сал­мақтағы Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев.

Грек-рим күресінен Қазақстанның намысын бес балуан қорғайды. Осы балуандардың бас бапкері Мұратбек Қасымхановтың айтуынша, олардың қай-қайсысы болмасын, алтын ала алады. Еліміздегі саусақпен санарлық ауыр сал­мақты балуандардың бірегейі үмітіміз Нұрмаханға дайындық барысында Қазақстаннан спарринг-серіктес таба ал­май, Грузия және Қырғызстаннан арнайы балуандар шақыртқан. Айла-амалдары көп балуан Алмат Кебіспаевтың та қоржыны майланып қайтады деген үміт зор. Басқалары да қарсыласына есе жібермеуге бекініп отыр.

***

Лондоннан жүлдемен оралғандар жерлестерімізді мынадай сыйақылар күтеді:
1-орын – баламалы мөлшерде 250 000 АҚШ доллары;
2-орын – баламалы мөлшерде 150 000 АҚШ доллары;
3-орын – баламалы мөлшерде 75 000 АҚШ доллары;
4-орын – баламалы мөлшерде 30 000 АҚШ доллары;
5-орын – баламалы мөлшерде 10 000 АҚШ доллары;
6-орын – баламалы мөлшерде 5000 АҚШ доллары.

***

Қазақстан бокс федерациясы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

«Ұлт қуаты» ақпараттық іс-шарасы аясында ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына арналған olympic.kfb.kz. сайтын ашты.
Сайтқа Лондонда өнер көрсететін былғары қолғап шеберлері мен ұлттық құраманың бапкерлері туралы толық мәліметтер орналастырылған. Ғаламтордағы бұл сайттан олардың жекпе-жектерінің қорытындысы,  талдамалық шолу және қазақстандық боксшылардың қарсыластары туралы мағлұматтарды, спортшылар мен жаттықтырушылар берген  сұхбаттарды да алуға болады.

***

21 шілде күні Олимпиада алауы Лондонға Корольдік теңіз әскерінің Sea King тікұшағымен жеткізілді.

Теңіз жаяу әскері Мартин Уильямс Тауэрдің үстінде қалықтап тұрған тікұшақтан темір арқанмен түсіп, 2004 жылы Афина Олимпиадасында алтын медаль иеленген, танымал жеңіл атлет Келли Холмске алауды табыстады. Холмс Ұлыбритания астанасында алауды алған бірінші адам болды, Тауэрден бұл алау эстафета бойынша Уимблдонға жіберілді.

Өткен сенбі күні таңертең Олимпиада алауының эстафетасы Лондонның көшелері бойымен өтті, оны миллиондаған адам тамашалады.

***

Ертең, Олимпиаданың бірінші күні құрметіне сағат 8:12-де бүкіл Ұлыбритания бойынша үш минут бойы мыңдаған қоңырау соғылады.

Осылайша акцияның ұйымдастырушылары әлемдік рекорд орнатпақшы. Бұл тарихи оқиға болмақ: 1952 жылдың 15 ақпанында VI Георг королін жерлеу рәсімінен кейін бірінші рет Биг Бен сағаты өзінің жұмыс кестесін бұзады.

Жобаға кез келген адам қатыса алады екен. Ол үшін жұма күні сағат 8:12-де 3 минут қоңырау шалу керек. Қоңырау қандай затпен соғылатыны бәрібір, бұл велосипедтің, есіктің құлпы немесе ұялы телефондағы арнайы қосымша болуы мүмкін.

***

Әлемдік допингтік агенттік (WADA) Лондонда өтетін Олимпиада қарсаңында іріктеу жарысында спорттың әр түрінен кем дегенде 107 спортшыны шығарып тастады.

Допингтік тест туралы мәліметтерді МОК отырысы кезінде агенттіктің басшысы Джон Фейхи келтірді. Әлемдік допингтік агенттіктегі (WADA) бұзушылықтарды спорттың әр түрінен халықаралық федерация мен лондондық Ойындардың ұйымдастырушылары анықтауға көмектесті. Допинг-бақылаудан сытылып кету  мүмкін болмапты.

***

Лондон Олимпиада қарсаңында қауіпсіздік шарасын барынша күшейтті.

Тіпті, Ұлыбританияның Қорғаныс министрлігі үйлердің шатырына зениттік ракеткаларды орналастырғысы келді. Алайда, тұрғындар наразылығынан соң, зымырандар кешені көшелерге қойылды. Мақсат — әуеден жасалатын террорлық әрекеттерден Англия астанасын сақтау. Әсіресе, 30-шы Ойындарды қабылдайтын спорттық нысандар әскерилердің жіті назарында болмақ. Ол үшін ел қазынасынан 2 миллиардтан астам АҚШ доллары жұмсалған.

Қауіпсіздік жұмыстарына бұған дейін 13 мыңнан астам сарбаз жұмылдырылады делінген еді. Енді қосымша тағы да 3,5 мың әскер бөлінді. Осылайша биыл 17 мың әскери жазғы демалысқа шықпайтын болды.

Сонымен бірге Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге армия бөлімшелері, мыңдаған полицей, реактивті жойғыш ұшақтар, тікұшақтар, екі әскери кеме және жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандар да жұмыс жасамақ.

Материалдар alaman.kz, alasharena.kz, inform.kz, kaztrk.kz, т.б. сайттардан алынды.

Әзірлеген М.РАХАТҚЫЗЫ.

 

Лондон Олимпиадасына баратын Қазақстан спортшылары кімдер?

Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 25 спорт түрінен 116 спортшы барады.

Т.А. Туған жылы Облыс Тәрт. / салмақ кат. Нормативті орындаған орны мен мерзімі Нәтижелері
1.Оқ ату (2 жолдама)
1 Подлесный Вячеслав 21.09.1977 Павлодар 50 м пистолет 01.08.2010 г

Әлем чемпионаты

Мюнхен (Германия)

3-орын

50 м пнев. пистолет

662,1

2 Довгун

Ольга

01.09.1970 Астана Винтовка

3 қалыпта

18.01.2012 г Азияның лицензиялық чемпионаты, Доха қ. (Катар) 6-орын
2.Ауыр атлетика (8 жолдама)
1 Ильин

Илья

24.05.1988 Қызылорда 94 кг 94 кг

180+226=406

ОО нәтижелері

2 Өтешов

Алмас

30.03. 1988 Қызылорда 94 кг 1-6.06.2012

Қазақстан чемпионаты

94 кг

180+225=405

ҚРЧ нәтижелері

3 Чонтай

Арли

01.07.1992 ОҚО 56 кг 1-6.06.2012

Қазақстан чемпионаты

56 кг

132+160=292

ҚРЧ нәтижелері

4 Харки

Фархад

20.01.1991 Ақтөбе 62 кг 1-6.06.2012

Қазақстан чемпионаты

62 кг

137+180=317

ҚРЧ нәтижелері

5 Чиншанло Зульфия 25.07.1993 Алматы 53 кг 53 кг

90+129=219

ӘЧ нәтижелері

6 Манеза

Майя

01.11.1985 Алматы 63 кг 20.09.2010 ӘЧ

Анталия, Түркия

63 кг

105+143=248

ӘЧ нәтижелері

7 Подобедова Светлана 25.05.1986 Алматы 75 кг 22.09.2010 ЧМ

Анталия, Түркия

75 кг

134+161=295

ӘЧ нәтижелері

8 Нұрмұханбетова Анна 28.07.1993 Ақмола 69 кг 1-6.06.2012

Қазақстан Чемпионаты

69 кг

121+145=266

ҚРЧ нәтижелері

3. Жеңіл атлетика, (26 жолдама)
1 Ивонинская Наталья 22.02.1985 ОҚО 100 м кедергімен жүгіру 7 – 10 шілде

Азия чемпионаты

Кобе (Жапония)

100 м к/ж

3-орын/13,15

«А» тобы

2 Рыпакова

Ольга

30.11.1984 БҚО Үшсекіріс 15.05.2011

3 о Гран-При

Шанхай (ҚХР)

Үшсекіріс

3-орын/14,17

«А» тобы

3 Эктова

Ирина

08.01.87 СҚО Үшсекіріс ҚР спартакиадасы Үшсекріс

14,48 м

«А» тобы

4 Қожахметова

Айман

23.04.1991 Алматы Спорттық жүріс 18.02.2012 Ресей ашық чемпионаты 20 км. 1:31.55

«А» тобы

5 Қожахметова

Шолпан

23.04.1991 Алматы Спорттық жүріс 10.06.2012 Ресей ашық чемпионаты 20 км. 1:32.05

«А» тобы

6 Карпов

Дмитрий

23.07.1981 Қарағанды Онсайыс 15-16.06.2011

Кладно (Чехия)

4-орын/8089

«В» тобы

7 Блудова

Ольга

05.11.1991 Қарағанды 100 м  18-20.06.2011

ХТ мемориал

Г.Қосанова

Алматы (Қазақстан)

100 м

1-орын/11,37

«В» тобы

8 Эктов

Евгений

01.09.1986 СҚО Үшсекіріс 7 – 10 шілде

Азия Чемпионаты

Кобе (Жапония)

Үшсекріс

1-орын/16,91

«В» тобы

9 Аитова

Марина

13.09.1982 Алматы Биікке секіру 13.05.2011,

2м ХТ,

Дегу (Корея)

2 орын

1,94,

«В» тобы

10 Сопрунова Анастасия 14.01.1986 ШҚО 100 м к/с ҚР спартакиадасы 100 м к/с

12,99 сек

«В» тобы

11 Мукашева  Маргарита 04.01.1986 СҚО 800м жүгіру 26.05.2011

«Азия Гран-Приі»

(Куншан, Қытай)

1-орын/2.00,89

«В» тобы

12 Зябкина Виктория 04.09.1992 Алматы 200 м. ҚР спартакиадасы 200 м

23,26 сек

«В» тобы

13 Шейко

Георгии

24.08.1989 ШҚО Спорттық жүріс 20 км 18.02.2012 Ресей ашық чемпионаты 20 км, 1:23,19

«В» тобы

14 Карпова

Ирина

13.02.1980 Қарағанды Жетісайыс ҚР көктемгі біріншілігі 5995 ұпай

«В» тобы

15 Муравьев

Вячеслав

14.07.1982 Қарағанды 200 м ҚР көктемгі біріншілігі 20,63 сек «В» тобы
16 Филиппов

Никита

07.10.1991 Алматы Сырықпен секіру 5,60 «В» тобы
17 Косинов

Артем

31.07.1986 Алматы 3000 м к/а Ресей ашық чемпионаты «В» тобы
18 Пилипенко Анастасия 13.06.86 Алматы 100 м б/а 09.06.2012

ҚРЧ Алматы

12.69 «А» тобы
19 Масленко Марина 03.07.1982 Қостанай 400 м 18.06.2012

ҚРЧ Алматы

52.26 «В» тобы
20 Лептиков

Виктор

02.07.1987 Қызылорда 400 м б/а 10.06.2012

ХТ Бішкек

49.79 «В» тобы
21 Фишер Александра 03.06.1988 Павлодар Ядро лақтыру 18.06.2012

ҚРЧ Алматы

17.41 «В» тобы
22 Зайков

Сергей

23.09.1987 Павлодар 400 м 18.06.2012

ҚРЧ Алматы

45.67 «А» тобы
23 Валиев

Роман

27.03.1984 Павлодар Үшсекіріс 18.06.2012

ҚРЧ Алматы

17.20 «А» тобы
24 Семенов

Денис

1990 Маңғыстау 100 м б/а 30.06-01.07 Азия Жұлдыздары 13.59 «В» тобы
25 Азарова

Татьяна

02.12.1985 Қарағанды 400 м б/а 30.06-01.07 Азия Жұлдыздары 55.71 «В» тобы
26 Аничкин Виталий 1988 Батыс Қазақстан Спорттық жүріс
4. Бокс (9 жолдама)
1 Жақыпов Біржан ОҚО 49 кг. Азияның лицензияланған турнирі Астана қ. 1-орын
2 Сүлейменов Ільяс Астана 52 кг. Азияның лицензияланған турнирі Астана қ. 1-орын
3 Әбутәліпов Қанат 22.03.1983 Астана 54 кг 27-28.05. 2011 г  WSB

Гуйяньг (ҚХР)

1-орын WSB-де
4 Жайлауов Ғани 03.08.1985 Жамбыл 60 кг 25.09-08.10 ӘЧ

Баку (Әзірбайжан)

5 Елеусінов Данияр Астана 64 кг. Азияның лицензияланған турнирі Астана қ. 1-орын
6 Сәпиев

Серік

16.11.1983 Қарағанды 69 кг 25.09-08.10 ӘЧ

Баку (Әзірбайжан)

2-орын
7 Сужанов

Данабек

26.12.1984 ШҚО 75 кг 25.09-08.10 ӘЧ

Баку (Әзірбайжан)

8 Ниязымбетов Әділбек 19.05.1989 Маңғыстау 81 кг 25.09-08.10 ӘЧ

Баку (Әзірбайжан)

2-орын
9 Дычко

Иван

11.08.1990 Қостанай +91 кг 25.09-08.10 ЧӘЧ

Баку (Әзірбайжан)

5. Байдарка мен каноэда есу (4 жолдама)
1 Сергеева Наталья 03.05.1976 Алматы К1 -500 м 17-21.08. 2011 ж.

Әлем чемпионаты

Сегед (Венгрия)

4-орын
2 Дергунов Алексей 16.09.1984 БҚО К-2 1000 м 13-16.10. 2011 ж.

Азия Чемпионаты

Тегеран (Иран)

1-орын
3 Алексеев Евгений 11.12.1977 ОҚО 13-16.10. 2011 ж.

Азия Чемпионаты

Тегеран (Иран)

1-орын
4 Дядчук Александр 05.02. 1983 Алматы С-200 м 13-16.10. 2011 ж.

Азия Чемпионаты

Тегеран (Иран)

Рейтинг бойынша
6. Грек-рим күресі (5 жолдама)
1 Кебесбаев

Алмат

12.12.1987 Астана 60 кг 12-14.09 ӘЧ Стамбул (Түркия) 2-орын
2 Баяхметов Дархан 21.08.1985 ШҚО 66 кг 30-31.03 Азияның іріктеу турнирі Астана 1-орын
3 Ділмұхамедов

Асхат

26.07.1986 Алматы 74 кг 12-14.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

5-орын
4 Гаджиев

Даниял

20.02.1986 БҚО 84 кг 30-31.03 Азияның іріктеу турнирі Астана 1-орын
5 Тіналиев Нұрмахан 10.01.1988 Алматы 120 кг 12-14.09 ЧМ

Стамбул (Түркия)

3-орын
7. Әйелдер күресі (3 жолдама)
1 Ешімова Жұлдыз 02.02.1988 Астана 48 кг 14-16.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

3-орын
2 Шалыгина

Елена

15.12.1986 ОҚО 63 кг 30-31.03 Азияның іріктеу турнирі Астана 1-орын
3 Манюрова  Гузель 24.01.1978 Алматы 72 кг 14-16.09 ЧМ

Стамбул (Түркия)

5-орын
8. Еркін күрес  (7 жолдама)
1 Ниязбеков Дәулет 12.02.1989 Қызылорда 55 кг 16-18.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

3-орын
2 Жұмағазиев Дәурен 18.07.1989 Алматы 60 кг 16-18.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

3-орын
3 Таңатаров Ақжүрек 03.09.1986 Жамбыл 66 кг 30-31.03 Азияның іріктеу турнирі Астана 2-орын
4 Шәпиев Абдулхакім 04.12.1983 БҚО 74 кг 16-18.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

5-орын
5 Байдуашев Ермек 20.06.1982             ОҚО 84 кг 27-29.04 Әлемдік іріктеу турнирі

(Тайюань, Китай)

3-орын
6 Тигиев

Таймураз

15.01.1982 БҚО 96 кг 16-18.09 ӘЧ

Стамбул (Түркия)

5-орын
7 Шабанбай Дәулет 09.08.1983 Павлодар 120 кг 30-31.03 Азияның іріктеу турнирі Астана (Астана) 2-орын
9. Велошоссе (2 жолдама)
1 Дъяченко Александр 17.10.1983 ОҚО Индивидуалды және группалық жарыс Әлемдік турлар
2 Базаев

Асан

22.02.1981 Астана
10. Таэквондо (3 жолдама)
1 Мамаев

Нұрсұлтан

07.04.1994 ОҚО 58 кг 26-27.2011 ж.

Азия Чемпионаты

Бангкок (Таиланд)

2-орын
2 Айтмұхамбетова Гүлнафис 02.02.1988 Атырау +67 кг 26-27.2011 ж.

Азия Чемпионаты

Бангкок (Таиланд)

3-орын
3 Ергешова

Фируза

17.11.1991 ОҚО 67 кг 26-27.2011 ж.

Азия Чемпионаты

Бангкок (Таиланд)

2-орын
11. Байдарка және каноэмен бөгет арқылы есу (1 жолдама)
1 Вергоязов Рафаиль 17.09.1993 ШҚО Каноэ -1 АЧ,  19-20 желтоқсан 2-орын
12. Спорттық гимнастика (2 жолдама)
1 Горбачев

Степан

02.10.1983 Алматы Көпсайыс 11-18.01.2012 ж.

ХТ  Лондон (Ұлыбритания)

41-орын
2 Әзімбай Мөлдір 02.12.1995 ОҚО Көпсайыс 11-18.01.2012 ж.

ХТ   Лондон (Ұлыбритания)

64-орын
13. Стендтік ату (1 жолдама)
1 Мищук

Ангелина

01.05.1988 ОҚО Скит 11-22.01.2012 ж.

АЧ Доха (Катар)

3-орын
14. Көркем гинастика (1 жолдама)
1 Алябьева

Анна

13.11.1993 Астана Көпсайыс 16-18.01.2012 ж.

ХТ   Лондон (Ұлыбритания)

2-орын
15. Судағы поло (13 жолдама)
       Ерлер командасы – 13 адам Алматы -12 спортшы

Тараз – 1 спортшы

Азияның лицензияланған чемпионаты

25-27.01.2012 ж.

Чибо (Жапония)

1-орын
16. Семсерлесу (3 жолдама)
1 Әлімжанов Эльмир 05.10.1986 Алматы Семсер Әлемдік рейтинг
2 Алексанин Дмитрий 21.10. 1992 Алматы        Семсер Азиатский рейтинг
3 Живица

Юлия

12.04.1990 Алматы Қылыш Азиялық іріктеу турнир 20-21 сәуір Вакаяма (Жапония) 1-орын
17. Синхронды жүзу (2 жолдама)
1 Кулькина

Анна

19.03.1986 Алматы Дуэт 19-22 сәуірде 2012 ж. Лондон іріктеу турнирі Лондон (Англия) 14-орын
2 Жексембинова Әйгерім 05.09.1993 Астана Дуэт 14-орын
18. Академиялық жүзу (2 жолдама)
1 Яковлев Владислав 01.01.1993 Қарағанды Жалғыз Азиялық іріктеу турнир 26-29 сәуір 2012 ж. Чунджу (Корея) 5-орын
2 Германович Светлана 21.09.1986 Қарағанды Жалғыз Азиялық іріктеу турнир  26-29 сәуір 2012 ж. Чунджу (Корея) 4-орын
19. Дзюдо ерлер (7 жолдама)
1 Қосаев Еркебұлан 30.10.1988 ШҚО 60 кг Олимпиадалық іріктеу рейтингі
2 Лим

Сергей

26.11.1987 Алматы 66 кг
3 Ибрагимов

Ринат

07.05.1986 Атырау 73 кг
4 Бозбаев

Ислам

11.06.1991 Қарағанды 81 кг
5 Болат

Тимур

14.05.1989 Астана 90 кг
6 Раков

Максим

07.02.1986 Қарағанды 100 кг
7 Шынкеев

Ержан

04.03.1985 Қарағанды +100 кг
Дзюдо әйелдер (2 жолдама)
1 Подрядова Александра 11.05.1989 ОҚО 48 кг
2 Исанова

Гүлжан

12.09.1983 Қарағанды +78 кг
20. Әйелдер боксы (2 жолдама)
1 Хасенова

Саида

19.08.1986 Алматы 60 кг ӘЧ 12-19 мамыр

Цинхуандао, Қытай

2 Вольнова Марина 26.07.1989 Астана 75 кг
21. Қазіргі бессайыс (2 жолдама)
1 Ильяшенко  Павел 23.06.1990 Астана Олимпиадалық іріктеу рейтингі
2 Сабирхузин Рустем 04.01.1978 Астана Жалғыз
22. Ашық суда жүзу (1 жолдама)
1 Кудинов

Юрий

27.02.1979 Алматы 10 км Әлемдік іріктеу турнирі (Португалия) 10-орын
23. Жүзу (3 жолдама)
1 Тарабрин Александр 24.04.1985 Ақтөбе 4х100 біріккен 17-21.05

ҚР ашық кубогы (Теміртау)

 «А» орын
2 Поляков Владислав 30.11.1983 СҚО
3 Руденко

Екатерина

Астана 100 м

арқамен жүзу

24. Теннис (3 жолдама)
1 Кукушкин

Михаил

26.12.1987 Астана жалғыз Олимпиаданың іріктеу рейтингі
2 Шведова Ярослава 12.09.1987 Астана
3 Воскобоева Галина 18.12.1984 Астана
25. Садақтан ату (2 жолдама)
1 Баннова Анастасия 26.02.1989 БҚО жалғыз 18-23.06 Әлемдік іріктеу турнирі (Огден, США) 8-орын
2 Ганькин Денис 13.12.1989 Алматы 6-орын

 

 

Ұтқан лицензиялар саны

 

Спорт түрі Лондонға қатысу үшін жолдама Лицензиялар саны
1 Ауыр атлетика 8 8
2 Байдарка мен каноэда жүзу 4 3
3 Таэквондо 3 3
4 Велошоссе 2 3
5 Байдарка және каноэмен бөгет арқылы есу 1 1
6 Спорттық гимнастика 2 2
7 Көркем гимнастика 1 1
8 Оқ ату 2 2
9 Стендік ату 1 1
10 Судағы поло 13 1
11 Бокс  (ерлер) 9 9
12 Синхрондық жүзу 2 1
13 Семсерлесу 3 3
14 Еркін күрес 7 7
15 Грек-рим күресі 5 5
16 Әйелдер күресі 3 3
17 Дзюдо (ерлер) 7 7
Дзюдо (әйелдер) 2 2
18 Қазіргі бессайыс 2 2
19 Академиялық жүзу 2 2
20 Ашық суда жүзу 1 1
21 Теннис 3 5
22 Жеңіл атлетика 26 26
23 Жүзу 3 4
24 Садақтан ату 2 2
25 Бокс (әйелдер) 2 2
Барлығы:  25 спорт түрі 116 спортшы 106 жолдама
2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына 132 спортшы (106 жолдама 23  спорт түрінен) қатысты.

 


 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button