Спорт

Алғашқы ойында жеңілді

Еуропа лигасының екінші кезеңінің алғашқы матчында «Ақтөбе» командасы молдовалық «Милсами» командасынан жеңілді.

Сырт алаңда өткен ойында Муханов шәкірттері өз қақпаларына төрт гол өткізіп алды. Ал қарсыластар қақпасына екі гол салды: Т.Кападзе (8 минут; 0:1) және С.Смақов (56 минут; 3:2).

Сөйтіп, Қазақстанның Еуропа лигасындағы ең тәжірибелі клубы молдовалық командадан 4:2 есебімен ұтылды. Әйтсе де, жанкүйерлер көңілінде Ақтөбе келесі іріктеу кезеңіне өтеді деген үміт әлі де бар. Ол үшін Ақтөбеде өтетін қарымта ойында жерлестеріміз кем дегенде 2:0 есебімен жеңіске жетуі тиіс.

Қарымта ойын 26 шілде күні өтеді.

Еуропа лигасының екінші кезеңінде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық команда — шымкенттік «Ордабасы» жанкүйерлерді жерге қаратпады. «Ордабасы» норвегиялық «Русенборг» командасымен сырт алаңда тең ойнады. Есеп — 2:2 . Қарымта матч 26 шілдеде Алматыда өтеді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button