Мәдениет

«Бір тойым бар»

Бәйге

Төлеген Айбергенов шығармашылығына арналған «Бір тойым бар» атты әндер кон­курсының мақсаты — қазақстандық ән туын­дыларының бәсекелестігін арттыру, отандық орындаушылардың репертуарларын Айбергенов өлеңдеріне жазылған шығармалармен то­лықтыру. Осы тұрғыда композиторлар бай­қауы екі номинациямен өткізіледі: №1 номинация бойынша Т.Айбергенов өлеңдеріне жазылған әндер, №2 номинация бойынша ақынға арнап жазылған арнау әндер жабық түрде.
Жас ұрпақты тәрбиелеу барысында Т.Ай­бер­генов өлеңдерін мектеп оқушылары ара­сын­да мәнерлеп оқу сайысын ашық түрде өткізу.

Байқаудың шарттары:
— Байқауға кәсіпқой және әуесқой ком­по­зиторлар қатыса алады. Жас мөлшері шектел­мейді. Ұсынылатын әндер бұрын-соңды орын­далмаған және жарияланбаған, байқауларға қа­тыстырылмаған болуы тиіс.
— Авторлар екі номинацияға да қатысуға, әр номинация бойынша бір немесе бірнеше шы­ғарма жіберуіне болады.
— Байқауға дүниеден өткен компози­тор­лардың әндерін (халық арасында кеңінен танылып үлгермеген) өңдеп жарыққа шығарушы сазгерлер де қатыса алады.
— Байқауға қатысушылар өздерінің әндерін бүркеншік атпен ұсынады. Байқауға ұсынылған әндер рецензияланбайды және қайтарыл­майды.
— Әрбір қатысушы таңдаған номинациясына қатысты құжаттарды желімделген екі конвертпен жібереді:
1-КОНВЕРТТІҢ сыртқы бетінде мынадай мазмұндағы мәтін: «БІР ТОЙЫМ БАР» атты байқау, номинация атауы, әннің бүркеншік аты жазылып көрсетіледі. Ішінде үміткер өз туындысын CD + (дауыспен), CD – (дауыссыз) жазылған түрін, бұған қоса екі дана әннің но­тасын, екі дана мәтінін (басылымын көрсетіп) жібереді.
2-КОНВЕРТТІҢ сыртқы бетінде мынадай мазмұндағы мәтін: «БІР ТОЙЫМ БАР» байқауы, номинация атауы, бүркеншік аты. Конверттің ішінде қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі мен шығармашылық өмірбаяны жіберіледі.

Жеңімпаз атанған шығармалардың орын­даушылары туындыларын Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, Ипподромда (жоғарғы трасса) өткізілетін Т.Айбергеновтің 75 жылдығына арналған «БІР ТОЙЫМ БАР» атты шарада орындайды.

Байқауға қатысушы үміткер авторлардың, сондай-ақ орындаушылардың шығындары өтелмейді.
Ұйымдастыру комитеті байқауға қатысушылардың жеңімпаздар тізіміне енгені туралы ресми хабарды 10 күн бұрын хабарлайды.

Т.Айбергенов шығармашылығын на­сихаттау барысында құрылған ұйымдастыру комитеті байқауды дайындау және өткізу бо­йынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
Байқаудың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылып, құрамы мәдениет және өнер қай­раткерлерінен белгіленеді. Қазылар алқасы­ның шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпай­ды. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы ұйымдастыру комитетімен белгіленген жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
Қазылар алқасы мүшесінің байқауға қатысуға құқығы жоқ.

Байқауға қатысқан барлық үміткерлер дипломмен марапатталады.
Композиторлар байқауының сыйақы мөлшері:

№1 номинация бойынша

Бас жүлде – 500 000 теңге
І орын – 300 000 теңге
ІІ орын – 2 00 000 теңге
ІІІ орын – 100 000 теңге

№2 номинация бойынша

І орын – 300 000 теңге
ІІ орын – 200 000 теңге
ІІІ орын – 100 000 теңге

 

Т.Айбергенов өлеңдерін мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауына қатысушылар ақынның «Бір тойым бар», «Атамекен», «Менің Республикам», «Аруана бауыр дүние», «Туған жер» атты бес өлеңін білу шарт.

Мәнерлеп оқу байқауына ұсынылатын бағалы сыйлықтар:

І орын – ноутбук
ІІ орын – теледидар
ІІ орын – ұялы телефон

Ынталандырушы орындарға: DVD, MP3-player, флешкалар, құлаққаптар, т.б. сыйлықтар.

— Байқауға ұсынылатын әндер мен қажетті құжаттар байланыс телефондарын көрсете отырып, 2012 жылдың 15 тамызына дейін мына мекенжайға жіберіледі: Алматы қаласы, 8-ық­шам аудан, 19 «а», «Айбергенов әлемі» журна­лы­ның редакциясына. Көрсетілген мерзімді бұзу арқылы жіберілген құжаттар қарауға қабыл­данбайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button