Спорт

Бақ шапты ма, бап шапты ма?…

88-минут

 №21. «С» тобы. Хорватия-Испания — 0:1.

18 маусым. Гданьск. «Арена Гданьск» стадионы.

Хорватияның 88-минутта гол жіберіп алғаны ғана емес, жалпы топтық кезеңнен аса алмай қалғаны өкінішті-ақ болды. Әйтпесе бұл құрама осы чемпионатта өзінің бұдан биіктеу белеске лайықты екенін көрсеткені даусыз.

Гол авторы: Хесус Навас (Испания), 88-минут (0:1).

 

Кеш қимыл

 

№22. «С» тобы. Италия-Ирландия — 2:0.

19 маусым. Познань. «Мейский» стадионы.

Ойын есебі, әрине, бұлтартпас факт. Дегенмен бұл кездесуде итальяндықтар үздіктерге тән мүмкіндіктен төмен ойнады. Ал ирландиялықтар қандай азулы құрамамен де тайталаса алатын қабілеттері бар екендіктерін осы ақырғы ойында танытты, әттең, кеш қимылдады.

Гол авторлары: Антонио Кассано (Италия), 35-минут (1:0); Марио Балотелли (Италия), 90-минут (2:0).

Кит Эндрюс (Ирландия) екінші рет ескерту қағазын алғаннан кейін (37,89-минуттар) жасыл алаңнан қуылды.

 

«С» тобы. Қорытынды есеп

 

1-орын. 7 ұпай жинаған (2 жеңіс, 1 тең ойын) Испания топ жарды. Доп айырмашылығы — 6:1.

2-орын. 1 жеңіс, 2 тең ойын Италияны 5 ұпаймен екінші сатыға шығарды. Доп айырмашылығы — 4:2.

3-орын. Хорватия 1 жеңіс, 1 тең ойын, 1 ұтылыспен 4 ұпай жинады. Доп айырмашылығы — 4:3.

4-орын. Үш рет жеңілген Ирландия ұпайсыз қалды. Доп айырмашылығы — 1:9.

 

Руни сапқа кірді

 

№23. Англия-Украина — 1:0.

19 маусым. Донецк. «Донбасс-Арена» стадионы.

Жасыл алаңдардың екінші қожайыны да топтық кезеңнен аса алмады. Үшінші кездесуде ғана алаңға алғаш рет шыққан Уэйн Руни оңтайлы сәтті тиімді пайдалана қойды да, украиндықтар тамаша мүмкіндіктерін еш жүзеге асыра алмады.

Гол авторы: Уэйн Руни (Англия), 48-минут (1:0).

 

Жеңілістерден кейінгі жеңіс

 

№24. Швеция-Франция — 2:0.

19 маусым. Киев. «Олимпийский» стадионы.

Франция күтпеген жерден жартылай финалға шығудан еш үміті жоқ, бұдан бұрынғы екі ойында да жеңіліске душар болған Швеция құрамасынан ұтылып қалды. Бұлар енді келесі кездесуге мүлде басқа көңіл-күймен әзірленбесе болмайтынын әбден ұққан шығар.

Гол авторлары: Златан Ибрагимович (Швеция), 54-минут (1:0); Себастьян Ларссон (Швеция), 90+1 минут (2:0).

 

«Д» тобы. Қорытынды есеп

 

1-орын. Англия 2 жеңіс, 1 тең ойынмен 7 ұпай жинады. Доп айырмашылығы — 5:3.

2-орын. 1 жеңіс, 1 тең ойын, 1 ұтылыс Франция қоржынына 4 ұпай салды. Доп айырмашылығы — 3:3.

3-орын. 1 жеңіс, 2 ұтылыс Укринаға 3 ұпай әперді. Доп айырмашылығы — 2:4.

4-орын. 1 жеңіс, 2 ұтылыс Швецияға да 3 ұпай сыйлады. Доп айырмашылығы — 5:5.

 

Ширек финал

 

№25. Варшава. 21 маусым.

Чехия — Португалия.

№26. Гданьск. 22 маусым.

Германия — Грекия.

№27. Донецк. 23 маусым.

Испания — Франция

№28. Киев. 24 маусым.

Англия — Италия

 

Көшбасшылар ұтылды, «Ақтөбе» ұтты   

 

Еуропа чемпионаты қызықты-ақ өтіп жатыр, алайда өз чемпионатымызды да ұмытуға болмайды.

Премьер-лига командаларының 16 маусымда өткен кездесулері негізінен алаң иелерінің басымдылығымен, сондай-ақ алғашқы үштікте тұрған көшбасшылардың ұтылысымен аяқталды, тіпті «Тараз» өз алаңында жеңіліс тапты.

Енді ретімен баяндайық.

Бұл кездесуде «Ақтөбе» қаскелеңдік «Сұңқарды» қабылдады. Біршама жаңарған құраммен шыққан біздің команда үшін тым тәуір-ақ басталған кездесу, одан әрі стадионға зор үмітпен келген 7 мың жанкүйердің жүйкесін тоздыруға көшіп, соңғы минутта ғана қуаныш сыйлады.

«Ақтөбе»-«Сұңқар» — 2:1.

Гол авторлары: Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), 4-минут; Бауыржан Тұрысбек («Сұңқар»), 31-минут; Тимур Кападзе («Ақтөбе»), 90-минут.

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Андрей Сидельников, Петр Бадло, Роберт Праймус, Самат Смақов, Лукас Байер, Юрий Логвиненко (Мұрат Тілешев, 65-минут), Дарко Малетич (Арунас Климавичюс, 53-минут), Антон Землянухин, Александр Гейнрих, Тимур Кападзе, Мақсат Құрмашев (Сергей Лисенков, 53-минут).

Енді басқа кездесулердің қорытындыларына келейік.

«Қайсар»-«Шахтер» — 1:0.

«Жетісу»-«Астана» — 1:1.

«Тараз»-«Атырау» — 0:1.

«Ордабасы»-«Оқжетпес» — 1:0.

«Ақжайық»-«Тобыл» — 2:1.

«Қайрат»-«Ертіс» — 0:0.

13-турдың ерекшеліктері.

Біріншіден, бұл турда ең аз көрсеткіш — 11 гол соғылды (бұл нәтиже екінші рет қайталанып отыр, алғаш рет ІХ турда осындай 11 гол соғылған). Кездесулер барысында 1:0 есебі үш рет, 2:1 есебі екі рет қайталанды.

Екіншіден, «Ордабасы» өз алаңындағы бес ойынның барлығында да ұтты.

Үшіншіден, «Ақтөбе» мен «Қайсар» өз алаңдарында үшінші реттен жеңіске жетті.

Төртіншіден, «Жетісу» чемпионат басталғалы алғаш рет тең ойнаса, «Астана» сырт алаңда алғаш рет тең ойнады.

Бесіншіден, «Тараз» өз алаңында алғаш рет ұтылды.

Алтыншыдан, «Оқжетпес» өз алаңында үшінші рет 0:1 есебімен ұтылса, «Шахтер» сырт алаңда үшінші рет 0:1 есебімен ұтылды.

 

ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

Командалар           О          Ұ        Т       Ж          Д        Ұп

 

1  «Тобыл»                          13       8          2          3          22-13  26

2  «Шахтер»            13       8          1         4          23-10  25

3   «Ордабасы»          12    6          4         2          16-19  22

4   «Ақжайық»                    13       7          1         5          21-17  22

5   «Тараз»               13       7          1         5          13-14  22

6   «Ертіс»                13       6          4         3          23-13  22

7   «Ақтөбе»           13       6          2         5          16-10  20

8   «Астана»            12       5          3         4          13-14  18

9   «Атырау»            13       5          3         5          12-13  18

10  «Қайрат»           13       4          4         5          13-18  16

11 «Қайсар»            13       4          2         7          10-16  14

12 «Сұңқар»            13       2          6         5          5-12    12

13 «Жетісу»             13       3          1         9          15-26  10

14 «Оқжетпес»       13       2          0         11       11-28  6

 

(О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай).

 

Сұрмергендер:

Бауыржан Жолшиев («Тобыл») — 7 доп.

Эдин Юнузович («Жетісу») — 6 доп.

Андрей Финонченко («Шахтер») — 6 доп.

Игорь Зенкович («Ақжайық») — 6 (үшеуі — он бір метрлік айып добы).

Мирослав Лечич («Тараз») — 5 доп.

Давид Чегашвили («Оқжетпес») — 5 доп.

Йосип Кнежевич («Қайрат») — 5 (2).

«Ақтөбе» футболшыларының еншісі:

Брана Илич — 3 доп;

Марат Хайруллин — 3 (екеуі  — он бір метрлік айып добы);

Сергей Лисенков — 2;

Лукас Байер — 1;

Арунас Климавичус — 1;

Дарко Малетич — 1;

Петр Бадло — 1;

Самат Смақов — 1;

Зоран Костич — 1.

Юрий Логвиненко — 1;

Тимур Кападзе — 1.

24 маусым, жексенбі күні «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтерді» қабылдайды.

Қалған кездесулер:

«Астана» — «Ордабасы»;

«Атырау» — «Ақжайық»;

«Қайсар» — «Жетісу»;

«Оқжетпес» — «Қайрат»;

«Сұңқар» — «Тараз»;

«Тобыл» — «Ертіс».

 

Бетті әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button