Мәдениет

Шараның шәкірттері

Биыл қазақ би өнерінің майталманы Шара Жиенқұлованың туғанына 100 жыл толды. Ұлтымыздың болмысын танытатын  «Қамажай», «Маусымжан», «Айжан қыз», «Келіншек» тәрізді билер Шара Жиенқұлова сынды саңлақтың арқасында әлемдік сахнаға шықты. Ол қазақ би өнерін кәсіби тұрғыдан оқып үйренуде жол салып, дербес пән ретінде оқу бағдарламасын енгізді. Қазір жер-жерде қазақ биін үйретіп жүрген би жетекшілерінің барлығы дерлік Шара Жиенқұлованың әдістемелік оқу бағдарламасын қолданады. Ақтөбе қаласының №33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының хореографы Гүлшара Есмаханова Шара Жиенқұлованың «Балаларға арналған билер» атты оқулығының  бүлдіршіндерге  дәріс беруде таптырмас дүние екенін айтады. Аталған кітаптан нәр алған «Нұрсәт» би тобының бүлдіршіндері — бүгінде бірқатар байқаулардың жеңімпазы. Мәселен, жуырда С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен «Өмірім менің — өнерім» атты кеште би тобы үздік атанса, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткен Шара Жиенқұлованың 100 жыл толуына арналған «Сиқырлы би әлемі» атты би концертінде  Алғыс хатқа  ие болды.

Шара апамыздың көздің қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тірнектеп жинаған інжу-маржан дүниелерін қайта жаңғыртып, еліміздің игілігіне айналдыру — біздің парызымыз, — дейді топ жетекшісі Гүлшара Есмаханова.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button