Мәдениет

Оралдық суретшілер көрмесіне асығыңыз!

Халықаралық музейлер  күнінде, яғни 18 мамырда  облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінде батысқазақстандық суретшілердің «Рух сәулесі» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Бұл шараны М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына орай БҚО «Өнер» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.

Көрмеге келушілер   сол өңірде туып-өскен үш қылқалам шеберінің кескіндеме, графика, мүсін тәрізді сурет өнерінің түрлі жанрларында  жасалған ұлттық бояуы қанық 70-ке тарта туындыларымен танысады. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, осы университеттің доценті, БҚО «Өнер» қоғамдық қорының президенті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік стипендиясының иегері Қуандық Мәдір,  осы университеттің түлегі, халықаралық «Жазира Жайық — 11» көрмесінің дипломанты Қанат Оразов, сол университеттің тағы бір түлегі, облыстық, республикалық, халықаралық көрмелердің жүлдегері Мэлс Отаровтардың туындылары көрген кісіні бейжай қалдырмасы анық.

Ардақ ҚОНАҚБАЕВА.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button