Мәдениет

Ақын мен батыр ұлықталды

Хромтау аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Бөгетсай ауылдық кітапханасында «Жұлдызды ғұмыр» атты әдеби-қонақжай кеші өтті.

Облыстық «Оқитын өлке» акциясына байланысты таңдалынып алынған ақын Мұхтар Құрманалинның «Жұлдызды жорық» деректі повесін оқырмандарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кешке оқушылар, мұғалімдер, ауыл тұрғындары, Әйтеке би ауданынан кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кітапхана директоры Дайра Ермағанбетова акцияның мақсаты туралы айтып,

өткен жылы ұйымдастырылған жазушы Ғалым Ахмедовтің «Жем бойында» тарихи романына қатысты өткен іс-шараға слайд көрсету арқылы қысқаша шолу жасады.

Кеште ақын Мұхтар Құрманалинның өмірі, шығармашылығы туралы баяндама жасалып, «Жұлдызды жорық» деректі повесінің басты кейіпкері — соғыстың сұрапыл майданында жастық шағын қиған, елі үшін тері еш кетпеген Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың ерлік жолы толы сөз болды.

Бөгетсай ауылының тұрғыны ақынның туысы Үсенхан Исмаилов Мұхтар Құрманалин туралы әңгімелеп берді.

Оқушылар өлеңдерін оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әсем әндерін тебіренте орындаған Г.Хасенова, Ж.Токин, Ж.Мырзахметова көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлап, жүректеріне жеткізе білді. «Жұлдызды жорық» деректі повесіндегі Қожабай Жазықовтың өмірінен қысқаша театрландырылған көрініс көрсетілді.

Б. ӘБИЕВА,

Хромтау аудандық  кітапхана әдіскері.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button