Мәдениет

Жұлдыздың жарығы

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Желкен» әдеби клубының ұйытқы болуымен «Әдебиет көгіндегі жарық жұлдыз» атты қазақтың халық жазушысы, белгілі қоғам қайраткері  Шерхан Мұртазаның 90 жасқа толу құрметіне арналған әдеби кеш өтті.

Шарада клуб мүшелері,  № 6 орта мектептің және облыстық М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған  мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері халық жазушысы Шерхан Мұртазаның өмірі мен  шығармашылығы туралы еркін сұхбаттасты. Шерханның  қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов жайлы  «Қызыл жебе» романы, балалық шағынан хабар беретін «Ай мен Айша» повесі, басқа да шығармалары хақында ой бөлісті.

«Жұлдыз тағдырлы жазушы» атты кітап көрмесі арқылы  оқырмандар  жазушы жайында мол мағлұмат алды.

«Желкен» клубының мүшелері Шерхан Мұртазаға арналған Тұманбай Молдағалиевтің «Шерхан ағаға», Темірхан Медетбектің «Қазақтың айналған ғой намысына!» атты өлеңдерін оқыды.

Осы кеште оқырмандар   ұлтымыздың  мақтанышына  айналған, көркем сөздің шебері  Шерхан Мұртаза есімді суреткердің   шығармашылығымен жақынырақ танысты, оның кітаптарына деген қызығушылықтары арта түсті деп ойлаймыз.

А.ЖАРАСОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button