Заң мен тәртіп

Заңды біліп өссе…

«Жастарға кеңес» жобасының аясында Ақтөбедегі №2 орта мектеп-гимназиясында жоғары класс оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесу сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбына арналды. Елімізді саяси жаңғырту, әділетті мемлекет құру жолындағы қадамдардың түпкі нәтижесін қоғамдық санадағы өзгерістер айқындайтыны анық. Қоғамдық сана заңды сыйламауға, жемқорлыққа, әділетсіздікке қарсы тұра алуы керек. Осы орайда еліміздің болашағы — жастар арасында тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жүргізудің маңызы зор.
Жиында біздің облыс бойынша жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығы филиалының басшысы Әсел Мұстафина, Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ардақ Айжан сөз сөйлеп, оқушыларға еліміздің заңдары, заңға құрмет көрсетудің маңызы жөнінде айтты.
Кездесу соңында мамандар оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button