Ақтөбеде заманауи инклюзивті спорт кешені ашылды

Спорт және туризм
Ақтөбе қаласында «Қуат» инклюзивті спорт кешені ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен облыс әкімі Асхат Шахаров қатысты.

Жаңа нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынды. Салтанатты шарада сөз сөйлеген облыс әкімі Асхат Шахаров жобаның маңыздылығын атап өтті.
Оның айтуынша, бұл бастама — инклюзивті ортаны дамытуға, әр азаматқа тең мүмкіндік беруге бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.
— Бүгін — Ақтөбе облысы үшін маңызды күн. Бұл күнді асыға күттік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ерекше жандардың спортпен жүйелі айналысуына арналған заманауи «Қуат» спорт кешенінің есігін айқара ашып отырмыз. Бұл кешен — жай ғана спорт ғимараты емес, үміттің, сенімнің, рухтың және мүмкіндіктің ордасы.Мұнда әр спортшы өз күшіне сенуді, жеңіске ұмтылуды үйренеді. Біз бұл жерде тағдыры спортпен тығыз байланысты, өз ерік-жігерімен, еңбегімен, табандылығымен елге үлгі болып жүрген спортшыларды көріп отырмыз, — деді өңір басшысы.
Кешенніңжалпыаумағы—4 855 шаршы метр. Ашықалаңдардағыжаттығулардықосаесептегенде, күніне 500 адамғадейінқабылдауғамүмкіндігі бар.Ғимарат халықаралықстандарттарғасайжабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Кешенде жүзу бассейні, әмбебап спорт, күрес,үстел теннисі залы, жаттығу бөлмелеріжәне ашық спорт алаңдары бар. Спорттық ойындарды тамашалауға келген көрермен үшін 200 орын қарастырылған. Бұл жерге келушілер спорттың 20-дан астам түрімен шұғылдана алады. Паралимпиадалық спорт түрлері, яғни жеңіл атлетика, жүзу, отырып ойнайтын волейбол, пауэрлифтинг, үстел теннисі, парадзюдо, оқ ату, арбадағы теннис, голбол, бочча, паратаэквондомен айналысуға толық жағдай жасалған. Сонымен қатар паралимпиадалық емес спорт түрлерінің қатарындағы тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, армрестлингпен де айналысуға барлық мүмкіндік қарастырылған.

Спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен облыс әкімі Асхат Шахаров бастаған қонақтар ғимараттың ішін аралап, көрді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылармен тілдесті.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекет тарапынан, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар арқылы тиісті жағдай жасалуда. Баршамыз бірлесе отырып, отандық спортты жаңа белеске көтеріп, биік шыңды бағындыра берейік, — деген министр спортшы балаларға сәттілік тіледі.
Ата-аналар да ризашылығын білдірді. 13 жастағы Нұрасыл Амангелдінің анасы Жанар Сембаева орталық ұлының болашағына үлкен әсерін тигізетінін айтты.
— Біз үшін бұл жер балалардың мүмкіндігін шектемейтін, олардың арманын орындайтын орталық болады деп ойлаймыз. Мұнда тек спортпен айналысып қана қоймайды, балаларымыздың өзіне деген сенімі, болашаққа деген үміті нығаяды деп сенеміз.Осындай заманауи, қолжетімді кешеннің ашылғаны — ата-аналар үшін зор қуаныш, — деді Жанар Сембаева.
Жаңа ғимараттың ашылуы спортшыларға да ерекше серпін берді.
— Менің спортта жүргеніме 25 жылдан асты. Заманауи, барлық талапқа сай үлкен спорт кешенінің бой көтеріп, пайдалануға берілгеніне шын жүректен қуаныштымын. Бұл жерде лифт жұмыс істейді, арбадағы адамдарға арналған арнайы санузел, пандус бар, білікті мамандар қызмет етеді. Мұның бәрі — мемлекет тарапынан спортқа, спортшыларға көрсетіліп отырған зор қолдаудың айғағы. Біздің қалада мұндай деңгейдегі ғимарат алғаш рет салынып отыр. Бұған дейін жеңіл атлеттер олимпиада резервін даярлау мектебінің залында тегін жаттығып, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіздік. Сол мектептің, ондағы бапкерлердің арқасында талай чемпион шықты. Оларға алғысымыз шексіз. Енді, міне, өзіміздің жеке орталығымызда дайындалып, нәтижемізді одан әрі жақсартуға толық мүмкіндік бар. Осындай керемет жағдай жасап отырған мемлекетімізге көп рақмет айтамын. Бұл кешен болашақ чемпиондардың ордасына айналатынына сенімдімін, — деді облыстағы дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубыныңжаттықтырушысыГүлмирам Сражова.
Жобаның жалпы құны — 3,2 млрд теңге. Бас мердігер — «Интерстиль» ЖШС. Ал «Samruk Kazyna» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорыдемеушілік танытты. Кешенде 106 жұмыс орны ашылды.
Ғимараттың ашылуынан кейін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен облыс әкімі Асхат Шахаров «Визит Ақтөбе» туристік ақпараттық орталығына барды. Атқарылып жатқан жұмысты көрді. Ақпараттық орталық директоры Манат Тайпақовтың айтуынша, облыста туризмді дамыту бойынша бірқатар жоба қолға алынған. Соның бірі — Байғанин ауданында орналасқан Аққұм жобасы. Орталық басшысы аталған ауданда туризмді дамыту бойынша бірнеше жобалар қолға алынғанын жеткізді.
Сондай-ақ спорт министрі Жекпе-жек сарайына барды. Бұл жерде семсерлесуден спортшыларды даярлайтын спорт секциясы ашылды.
— Біздің мақсатымыз —жоғары деңгейлі спортшыларды даярлау ғана емес, сонымен қатар осы спорт түрінің бұқаралық сипатын дамыту, балалар мен жастарды жүйелі түрде денешынықтырумен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Алдағы уақытта семсерлесуді жүйелі әрі кезең-кезеңімен дамытып, спортшыларымыз ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғайды деп сенеміз, — деді шығыс спорт түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мекебінің директоры Әділет Мысин.
Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов пен облыс әкімі Асхат Шахаров Мұз сарайы мен теннис орталығында болды.
Кәмшат ҚОПАЕВА.



