Басты жаңалықтар

Кәсіпкерлер құқығы қорғалды

Кәсіпкерлік

Облыстық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Былтыр облысымызда палатаға бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында кәсіпкерлерден 287 өтініш түскен. Оның 73,3 пайызы оң шешімін тапса, қалған өтініштер бойынша түсіндіру жүргізілген. Кәсіпкерлер тарапынан ең жиі көтерілген мәселе мемлекеттік сатып алулар, агроөнеркәсіптік кешен, инвестициялар, салық салу, жер және мүліктік қатынастарға қатысты болды.

Жыл ішінде 22 кәсіпкердің мүліктік құқығы 5,2 миллиард теңгеге қорғалды. Сот арқылы қорғау аясында палата 15 іске қатысып, нәтижесінде бизнестің мүддесі қосымша 861,5 миллион теңгеге қорғалды, — дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Руслан Күйшинов.

Оның айтуынша, жұмыстың маңызды бағытының бірі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл болды. Облыс әкімі мен прокурорының қатысуымен жеке қабылдаулар, сондай-ақ аудандарда көшпелі кездесулер өткізілді. Нәтижесінде жүйелі шешімдер қабылданып, оның ішінде электр энергиясына тарифті арзандату, инвестициялық жобаларды қолдау, жерді жалға алу төлемдерін кейінге шегеру және субсидиялау мен кепілдендірумәселелері шешілген.

Кәсіпкерлерді қорғаудың цифрлық құралдарына да ерекше назар аударылды. «Жайсаң» өткізу пунктінде QR-кодты пайдалану арқылы кері байланыс жүйесі енгізілді. Жүйе іске қосылған сәттен бастап 250-ден астам өтініш қаралды. Бұл тәжірибе Ресейдің «Сагарчин» өткізу пунктіне де енгізілді, — деді Руслан Күйшинов.

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button