100 мұғалім жасанды интеллект курсынан өтті

Сәбит ШҮЙТЕНОВ, Ақтөбе қаласындағы Х.Доспанова атындағы №14 орта мектеп директоры
Сыр елінде өткен бұл алқалы басқосу ұлттық бірегейлікті нығайту, қоғамды жаңғырту, руханият пен мәдениетті дамыту бағытындағы маңызды міндеттерді айқындап берді.Соның ішіндеПрезидент атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Толық адам» ілімі, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің өзегіне айналуға тиіс. Осы орайда Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалардың білім беру ұйымдары үшін маңызын ерекше атап өткім келеді. Біз үшін басты міндет — білімді, ұлтжанды, адал, жауапкершілігі жоғары жас ұрпақ тәрбиелеу. Бұл мақсатта мектебімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық сенбіліктер, абаттандыру тұрақты өткізіледі. Волонтерлік қозғалыс, қайырымдылық шаралары, патриоттық бағыттағы кездесулер мен тағылымды тәрбие сағаттары жүйелі түрде ұйымдастырылып жүр. Абай ілімі, ұлттық құндылықтар, еңбекке құрмет пен қоғамдық жауапкершілік оқу-тәрбие үдерісінің негізгі бағытына айналды.Сонымен қатар құрылтайда Мемлекет басшысының жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту туралы ойлары білім беру саласында нақты іске асуда. Мектебімізде жасанды интеллектті оқу үдерісіне тиімді енгізу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, 100-ден астам мұғалім арнайы жасанды интеллект курстарынан өтіп, заманауи цифрлық құралдарды сабақта сауатты әрі сапалы қолдануда. Бұл — білім сапасын арттыруға, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға және мұғалім еңбегін оңтайландыруға мүмкіндік беретін маңызды қадам.



