Пікір

Даму жолындағы жаңа бастамалар

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,
философия ғылымдарының кандидаты.
Құрылтайда мемлекеттің одан әрі нығаюына серпін беретін маңызды мәселелер қозғалды. Соның ішінде елдің тұтастығын сақтау, қоғамдық сананы және саяси мәдениетті нығайтуға бағытталған реформаларды жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстарында көтерілген көптеген мәселе бүгінде өз шешімін тауып жатыр. Әсіресе жастармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі айқын көрініп отыр. Соның ішінде жастардың өміріне үлкен қауіп пен зардап әкелетін зиянды заттарға шектеу қою, сондай-ақ заң мен тәртіптің үстемдігін күшейту дер кезінде қолға алынған, аса маңызды қадам болды. Бірақ әлемде, қоғамда бар мәселе бірер жылда толық жойылады деп айту қиын. Оның үстіне қазіргі ақпараттық технология үстемдік құрған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Соған қарамастан, мемлекеттің болашағына арналған реформалардың дұрыс жүргізілуі — ең алдымен, ұрпақтың болашағы үшін керек дүние. Соның ішінде үнемі мемлекет назарында болуға тиіс мәселе — отбасы мен білім беру институттарын күшейту және оларды қолдау. Әр отбасы мен білім беру институттары баланы дұрыс тәрбиелеуге жауапты болуы керек. Олар кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, баланың жауапкершілігін дамытуға ықпал етуі қажет. Құрылтайда ғылым, білім бала, құқығын қорғау бағытындағы бастамалар назардан тыс қалмады. Мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған саяси реформалар барлық саладан білікті, тәжірибесі мол адамдарды күтеді. Биылғы Ұлттық құрылтайда қолға алынған бастамалар қоғамнан қолдау табатыны сөзсіз. Мемлекет тарапынан қолға алынған кез келген бастаманың жүзеге асуы мемлекет пен халықтың бірлігіне байланысты. Сондықтан жаңа бастамалар бірлігімізді одан әрі күшейтеді деп сенемін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button