Пікір

Жастар және ұлттық патриотизм

Әлішер ТЫНЫШТЫҚ,

«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты

облыстық филиалының төрағасы

«Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны көк тиын болмақ», — деген Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында ұлттық патриотизмге баса назар аударды. Бүгінде ұлттық құндылықтарды қадірлейтін өскелең ұрпақтың өсіп келе жатқаны көңіл қуантады.

«Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері жастарды отаншылдыққа баулитын іс-шараларды көптеп ұйымдастырады. Осындай іс-шаралар елдік рух пен ұлттық ұстанымды ұрпақтың санасына сіңіреді.

«Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс. Дегенмен, ең алдымен, заңның түпкі мәнін терең түсіну керек», — деді Президент.

Міне, осы тұрғыда «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырып отырған «Менің елім — менің туым» акциясы ерекше мәнге ие. Бұл іс-шара жастарға мемлекеттік Туға деген құрметті іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді. Акция арқылы әрбір қатысушы патриоттық сезімін білдіреді, заңға бағынуды және мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалануды насихаттайды.

«Менің елім — менің туым» акциясы жастардың бірлігін, ұйымшылдығын және ортақ мақсатқа талпынуын арттырады. Шара барысында жастардың идеялары тыңдалып, бағаланады. Осылайша әрбір қатысушы мемлекетке деген құрметін іс жүзінде көрсетеді. Акция жастарға патриоттық жауапкершіліктің нақты мысалын көрсетіп қана қоймай, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button