Пікір

Жауапкершілік жүгі салмақты

Гүлқасима СҮЙІНТАЕВА,
облыстық мәслихат төрағасы.

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік жүйені нығайтуға, басқару тиімділігі мен азаматтық қоғамның рөлін арттыруға бағытталған стратегиялық бағыттарды атап берді. Мұнда көтерілген бастамалардың ішінде Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты өзгерістердің маңызы ерекше.
Президент сөзінде негізгі Заң мәтінінде кәсіби және салмақты түзетуді қажет ететін терминологиялық және стильдік кемшіліктер бар екенін ашық айтты. Бұл — Конституцияның қатып қалған нышан ретінде емес, мемлекеттің өміршең іргетасы ретінде қарастырылатынының нақты белгісі, ол заман рухын, құқықтық мәдениет деңгейін, ұлттық болмысты көрсетуге тиіс. Ең бастысы, бұл жұмысқа заңгерлерді ғана емес, тіл мамандарын да тарту ұсынылды.
Негізгі заңның кіріспе бөлігін қайта жазу бастамасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл орайда Президент Ата Заңның біздің ұлттық құндылықтарымызды бейнелеп, қазақ мемлекеттілігінің терең тарихи сабақтастығын көрсетуге тиіс екенін баса айтты. Бұл Қазақстан өзін Ұлы даланың ұлы мемлекеттерінің мұрагері ретінде танытып келе жатқанын білдіреді.
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі — нақты бағдарламалық құжат. Жаңа басқару институттарын енгізу, парламент рөлін қайта қарау, қоғаммен диалогты күшейту — біртұтас логиканың элементтері: күрделі және жылдам өзгеретін әлемде тұрақты дамуды қамтамасыз ету — маңызды міндет.
Бұдан бөлек әлеуметтік бағытты да ерекше атап өту керек. Президент өз сөзінде экономикалық өсу азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға тиіс екенін айтты. Мемлекеттік бағдарламалардың адамдарға, әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, отбасын қолдау, жұмыспен қамту салаларында шынымен де қарқынды жүзеге асуы қажет.
Президенттің Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі биліктің барлық өкіліне жоғары жауапкершілік жүктейді. Бүгінде атқарушы және өкілді органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету, жұртшылықпен диалогты күшейту және алға қойылған міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру өте маңызды. Біз бұл тұрғыда жұмылып, бірлесе еңбек етуіміз керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button