Жаңалықтар

Мұзды кім тазалайды?

Соңғы кезде ауа райының құбылуы салдарынан тұрғын үйлердің шатырларында мұздақтар мен қалың қар үйінділері пайда болды. Алайда кейбір тұрғындар мұндай жағдайда қайда хабарласу керегін білмей, шатасып жатады. Қала әкімдігі абаттандыру қағидаларына сәйкес аталған мәселеге пәтер иелері кооперативтері (КСК, ОСИ, ПТ) жауапты екенін ескертеді. Егер шатырда мұздақтар немесе қалың қар байқалса, тұрғындар өздерінің басқарушы компаниясына хабарласуы керек.

Қызмет көрсетуші ұйым бұл мәселені назардан тыс қалдырса, тұрғындар учаскелік инспекторға жүгінуге құқылы. Себебі абаттандыру қағидаларын бұзу Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке алып келеді.

Егер басқару нысаны болмаса, тұрғындар өз үйлеріне өздері жауапты. Себебі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес пәтер иелері ортақ мүлікті — шатырды, қасбетті және үй маңындағы жер учаскесін күтіп ұстауға жауапты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button